Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Қара алтын-қазақ қазынасы
Ырғалады, качалка ырғалады,
Ырғалады, бір нәзік сыр қалады.
Жер астында жасырын тұнған мұнай,
Жүрегімнің жасырын тұнған әні…
Мұнай өнеркәсібінің болашағын алғаш болжай білген ғалым Д.И.Менделеев мұнайдың пайда болуының гипотезасын айта отырып мұнайы бар елдің келешегінің кең екенін, егер мұнайға ғылымның жарығын түсірмесе мұнайдың қараңғыда қала беретінін, мұнай табиғаттың адамзатқа берілген ең сирек, әрі ерекше сыйлығы екенін, сол күйінде отқа жағудың күнә, ақшаны отқа жағумен бірдей екенін дәлелдеп, мұнайдың қоспаларын айырып, одан түрлі өнімдер алудың жолдарын көрсеткен.
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған. Мұнайды ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В.Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі......», – деп жазады 1763 жылы М.В.Ломоносов.
Қазіргі кезде мұнай өнеркәсібінің пайда болуынан бері адамзат 90 млрд.тонна мұнай өндіріп, пайдаланылған кеніштердің қойнауында 90 млрд.тонна қалды деп есептелінеді. Осылайша, жер қойнауында шамамен 300 млрд.тонна мұнай түзілген. Қазақстан жеріндегі мұнайға ғылыми көзқарас орыс халқының саяхатшысы Г.С.Карелин Қайдақ шығанағында қайықпен жүзіп жүргенінде басталыпты. Яғни, ескекті ескен сайын судың бетінде майлы ақшыл заттың пайда болатындығын көріп қайран қалып, осы аймақты зерттеуге көңілі ауыпты. Бұл сонау 1832 жыл еді. Осы және де басқа белгілер атағы дардай геологтар мен мұнайшыларды да қызықтырмай қоймады. Жер қойнауындағы қара алтынды игеріп пайдаға белшесінен батқысы келгендердің ең алды Леман атты кәсіпкер болды. Табыстың көзін жақсы білетін Леман “Эмба-Каспий“ компаниясын құрып, жүргізілген зерттеулерден соң 1894 жылы Қарашұңғыл жерінде алғашқы бұрғылау жұмыстарын бастап кетті. Епті Леманның бұл бастамасы тура 5 жыл өткен соң, яғни 1899 жылы өз жемісін берді. № 7 скважинада 40 метр тереңдіктен мұнай фонтаны атқылап, бұл оқиға Қазақстанда алғаш мұнайдың өндірілуі болып тарих бетіне жазылып кете барды. Міне осы сәттен бастап, еліміздегі мұнай өндірісінің қарқынды дамуы басталған еді.
Ғалымдар жаппай осы аймақты зерттеп, нәтижесінде әскери топограф Г.А.Насибянц Таспас құдықтарының айналасында топографиялық зерттеулер өткізіп шайырлы мұнайдың бөлінулерін байқаған. Ал академик Андрусовтың шәкірті М.В.Баярнаус болса тура он жылдан соң Төбешік атты аймақта қышқылды мұнайға қаныққан құмды қабаттың бар екендігін анықтады. 1911 жылы № 3 скважинадан 226 метр тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Көп ұзамай - ақ осы жерде жүйелі түрде мұнай өндіру бастау алып, Қазақстандағы алғаш өнеркәсіп бой көтерді. 1913 жылы Мақаттан мұнай табылып, ол жер де қызу жұмыстың аймағына айналды [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет» , - деп мұнай-газ өндірудің табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту, бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап көрсеткен болатын.
Мұнай және газ - өте бағалы қазбалы энергия көзі. Олардың экономикалық мәні қазіргі кезде ерекше зор. Мұнай мен газды өңдеудің өнімдері өндірістің барлық түрінде, қорғаныс саласында және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, косманавтикада, атом электр станциясында кеңінен қолданылуда. Бірақ, мұнай мен газдың қоры шектеулі. Олар көмірге, жанғыш сланецтерге және битумды құмдарға қарағанда, табиғатта әлдеқайда аз. Дүние жүзі бойынша мұнайды пайдаланудың жоғарғы деңгейі ғалымдар мен мамандардың жақын кезеңде мұнай қорының таусылу мүмкіндігі туралы ойларын дәлелдей түседі [2].
«Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «..........Қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие. Іс жүзінде барлық әлемдік рыноктар – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-түлік және басқа да рыноктар тұрақсыз. Біздің экспорттық өнімдерімізге сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де осында. Бүгінде мұнайдан түсетін супертабыстар жоқ» , - деп әлем дамуының бүкіл сын-қатерлерін айтқан болатын [3].
Мұнай энергия өндіруде негізгі шикізат көзі болған кезде, оның дүниежүзілік экономикалық және саясаттық рөлі арта түсті. ХХІ ғасырдың соңына таяу дүниежүзілік мұнай қорының таусылуы туралы пікірлер көп айтылуда. Мемлекетте мұнай қорының бар болуы, мұнайды және мұнай өнімдерін экспортқа шығару – бұл мемлекетке экономикалық және әлеуметтік өркендеуде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұнайдың дүниежүзілік бағасының өзгеріп тұруы, мұнай базарындағы конъюнктура мұнай өндіруші елдермен қатар, мұнайды өндірісіне шеттен алып келіп пайдаланатын елдер үшін экономикалық саясатта күрделі өзгерістер жасайды.
2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай - газ кешені алады. Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми-техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстанның әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма - сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік - тұрмыстық хал - ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да, республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған болатын. Қазақстанның мұнай - газ секторындағы ұйымдық өзгерістер осы салаға инвестицияның мол құйылуына жол ашқан еді. Алдағы 15 жылда Қазақстан мұнайын өндіруді дамытуға инвесторлар 80 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде [4].
Қорыта келсек, мұнай және газ адамзат тіршілігінде қажетті шикізат болып табылады. Бүгінгі таңда қалыптасып отырған экологиялық дағдарыстың басым бөлігі өркениетті дамыған адамзат қоғамының іс-әрекетімен тікелей байланысты екені айқын. Мұнай өндіру және жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. Дегенмен, мұнай-газ кешендерінің қарқынды түрде дамуы елімізде экологиялық дағдарысқа қарай бет бұрып барады.
Кенішінде мұнайы бұрқақтай атқылаған республикамыздың ел экономикасын өркендетуде маңызы ерекше. Дегенмен мұнай газ қорлары қайта қалпына келмейтін ресурстар, сондықтан мемлекеттің басты мақсаты мұнай-газ өнімдерін көбейтумен бірге оларды өңдеу, тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың мүддесін ойлау сияқты жағдайларды шешу болып табылады [5].

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. « Қазақстан табиғаты». Қазақстан энциклопедиясы., Алматы, 2012 жыл, 4 том
2. «Мұнай» Энциклопедиясы, 6 том. Алматы: 2006 ж.
3. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. «Қоршаған ортаны қорғау мәселесі» // Материалы между. Научно-практической конференции, посвящают 25-летию КазГАСА, Алматы, 31 октября 2005г.
3. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. www.egemen.kz
4. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
5. Н.Қ.Мамыров., М.С.Тонкопий., Е.М.Үпішев., «Табиғатты тиімді пайдалану» Алматы. «Экономика» баспасы 2005ж.
Категория: Химия | Добавил: bainur_90 (2017-01-23) | Автор: Багитова Айнур Багитовна E
Просмотров: 1140 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 12:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru