Сабақтың тақырыбы: “Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші” Сабақтың мақсаты: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші туралы түсінік беру. Білімділік: - Барлық заттар өзара тартылыс құбылысы арқылы байланысатынын түсіну. - Тәжірибе нәтижелеріне жүгініп ауырлық күшінің формуласын тағайындау. - Тақырыпқа байланысты есептер шығарып үйрену. Дамытушылық: Тәжірибелік фактілерді анализдеу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, Xplorer GLX жүмыс істеу принципімен танысу. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжым алдында жауапкершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа материалмен таныстыру. Көрнекіліктер: бағалау парағы, доп, бор, Xplorer GLX, PASPORT қозғалыс сенсоры, тұрғы, өлшегіш лента, қос қысқыш. Activote. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) 2. Өткен тақырыпты қайталау (5 мин) - физикалық диктант - өткен тақырыпты бекіту 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин) 4. Бекіту ( 10 мин) - эксперименталдық тәжірибе 5. Қорытындылау (13 мин) -тест -жай есептер -күрделі есептер 6. Үй тапсырмасы (2 мин) 7. Бағалау (3 мин) “5” –18-20 ұпай “4” –14-17 ұпай “3” –9-13 ұпай Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Сәлеметсіздерме! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: “Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші”. Сабақтың мақсаты: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші туралы түсінік беру. Сабағымыз бал бойынша бағаланады. Сіздерге бағалау парағын таратып беремін, сол параққа балдарыңызды жазасыздар. Белгілеген жауаптарынды дұрыстауға болмайды, сондықтан мұқият қарап, зейін сала отырыңыздар. Әрбір тапсырма бойынша жалпы ұпайды шығарып, ең соңында барлық ұпай санын шығарып, өз бағаларынды шығарасыздар. Сабақ қалай өткендігі туралы бағалау парағының оң жағындағы суреттер арқылы түсіндіресіздер. Қажет емес суретті сызып тастау керек. -сабақ ұнады. -сабақ ұнаған жоқ. -сабақ орташа өтті. Аты-жөні Сынып Жұмыс түрі Тапсырма саны 1 2 3 4 5 Жалпы ұпай 1 Физикалық диктант 1 сұрақ-2 ұпай 2 Тест 1 сұрақ-2 ұпай 3 Жай есептер Жеке баға қойылады 4 Күрделі есеп Жеке баға қойылады Барлық ұпай саны Бағасы 2. Өткен тақырыпты қайталау (5 мин) -физикалық диктант -әрбір сұрақтың жауабы өзіне тән кодпен белгіленген. Сұраққа жауап бергеннен кейін сендерде 5 саннан тұратын код шығу керек. Сол код арқылы салыстырып, дұрыс жауабын анықтаңыз. Содан соң, 1 тапсырма бойынша жалпы ұпай санын жазыңыздар. А) Тығыздықты табу формуласын жазыңдар; Ә) Тығыздықтың ХБ жүйесінде бірлігін жазыңдар; Б) Тығыздық аз болу үшін қандай шама үлкен болу керек? В) 1 кг-да қанша грамм болу керек? Г) Тығыздық формуласынан массаның формуласын қалай табамыз? 1. 2. 3. 4. 1000 г 5. Көлем Код: 32541 -өткен тақырыпты бекіту Сонымен, өткен тақырып бойынша физикалық диктант өткіздік. Енді маған мынадай сұрақтарға жауап беріндер: Тығыздық дегеніміз не және ол нені сипаттайтын шама? Тығыздық пен массаның көбейтіндісі қандай физикалық шаманы береді? 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин) Сонымен, сабақ басында айтылып кеткеніндей, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: “Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші”. Енді сабағымызды бастамас бұрын, ортаға екі оқушыны шақырайық. Бірінші оқушыға доп, екінші оқушыға бор береміз: -Қолдарыңдағы заттарды жерге тастайық, не байқаймыз? -Доп пен бор жерге түседі. -Ал сендердің ойларынша бұл заттар не себепті басқа жаққа кетіп қалмай, міндетті түрде жер бетіне түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады) Иә, жақсы! Жауаптарың дұрыс. Енді мына видеофрагментті қарап көріндер және өз ойларынды айтындар. Жақсы, ойларымен келісемін, енді мені тыңдаңдар. Жаңағы сұрақтардың шыңайы жауабын қазір түсінесіңдер. Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі. Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады. Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады. Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Бұл заңмен сендер 9-сыныпта таңысасыңдар. Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі –денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fa әрпімен белгілейді.Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған. Барлық денелер үшін ауырлық күшінің дене массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g әрпімен белгілейік, сонда болады. Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене массасына тура пропорционал: Тұрақты g-дің шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг тең. Өте дәл өлшеулер осы g тұрақтысының мәні тұрған орынның географиялық ендігіне байланысты болатынын көрсетеді. Мысалы, солтүстік полюсте g=9,832 Н/кг болса, экваторда g=9,870 Н/кг, 450 географиялық ендікте g=9,806 Н/кг. Есептеулер жүргізу кезінде бұл тұрақтының аздаған өзгерістерін елемей, оның орташа шамасы g=908 Н/кг –ды қолдануға болады. Бекіту (10 мин) -эксперименталдық тәжірибе. 1) кіріспе сөз: 22 ғасыр бұрын грек философы және ғалымы Аристотель идея ұсынады, онда ауыр денелер құлағанда Жердің центріне түсудің себебі болатын шынайы күштің барын айтты. Олар бұл күшті «гравитация» деп атады. 17 ғасырда ағылшын ғалымы Исаак Ньютон гравитацияның – Жерден де тыс іс әрекетке келетін әмбебап күш екенін дәлелдеді. Бұл күш айдың Жерді орбитасын айналатынын, ал Жер Күнді айналатынын түсіндіреді. Дене еркін түсу кезінде оған әсер ететін шынайы күш – тартылыс күші. Дене еркін түскен кезде үдеу пайда болады. Жер бетіне жақын құлаған денелердің қозғалыс жылдамдығы – тұрақты шама болады. Бұл еркін түсу үдеуі. Егер ауаның кедергісімен қарастырсақ құлап бара жатқан доп еркін түсу үдеуімен қозғалады. Еркін түсу үдеуін табу үшін құлап бара жатқан доптың қозғалысын өлшей аласыз. 2) Шолу: Жерге түсіп ұшқандағы доптың қозғалысын зерттеу үшін қозғалыс сенсорын қолданыңыз. Доптың жылдамдығын, орын ауыстыру сараптамасын және көру қозғалыстарын жазу үшін Xplorer GLX қолданыңыз. Доптың үдеуін табу үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелді сызбасын пайдаланыңыз. Xplorer GLX 3) Экспериментті орындау тәртібі GLX орнату 1. GLX ( ) қосыңыз және еркін түсу тақырыпты GLX орнату файлын ашыңыз (осы жаттығудың соңындағы қосымшаны тексеріңіз). • Сызба экраны орын ауыстырудың (м) уақытқа (с) тәуелді сызбасын ашады. Орнату файлы 40 Гц-қа ретке келтірілген (40 1 секундтағы өзгергені). • GLX жоғарғы жағындағы орындардың біреуімен қозғалыс сенсорын жалғаңыз. Жоғары бөліктегі қозғалыс сенсорын «алыс» (адам) позициясына диапазон ауыстырғышымен жылжытыңыз. Құрылғыны орнату 1. Еденнің жазық екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Егер жазық болмаса, онда еденге қатты жазықтық қойыңыз, оның шеттері түзу болу үшін қағаздың бөліктерін қойыңыз. 2. Сенсор еденнен 1,5 м болатындай етіп өзекшедегі қозғалыс сенсорының позициясын ретке келтіріңіз. Сенсорды еденге бағыттаңыз. 3. Допты қозғалыс сенсорынан төмен лақтыру үшін дайын болыңыз. Допты бағыттаушы және үлкен саусақтармен ұстаңыз, бірақ қозғалыс сенсорына дейінгі арақашықтығы 15 см-ден аспауы керек.. 4. Берілгендер жиынын бастау үшін Стартты басыңыз. Допты тастаңыз. Доп еденнен бірнеше рет секірсін. • Ескерту.: Допты лақтырғаннан кейін қолыңызды алыңыз. 5. Еденнен бірнеше рет секіргеннен кейін берілгендер жиынын жазу үшін басыңыз. 4) Сараптама: Сызба экраны жазық жерде секірген доптың “айналы көрінісін” көрсетеді. 1. Жылдамдық сызбасын көрсету үшін сызба экранын өзгертіңіз. Сызба экранында көлденең ось үшін жазуларды белсендіру мәзірінен басу. Мәзір ашылу үшін басыңыз. ‘Көбірек’ таңдаңыз, ‘Жылдамдық’ таңдап оның ашу үшін басыңыз. Сіздің таңдауыңызды белсендіру үшін басыңыз. 2. Жылдамдық сызбасынан бір уақытта доптың жылдамдығы оң (абсцисса осінен жоғары) ал келесіде теріс(абсцисса осінен төмен) екенін байқауға болады. Қозғалыс сенсоры өзіне дейінгі қозғалысты теріс деп, ал өзіне қарсы күшті оң деп түсінді. 3. Сызбадағы секірудің басы болатын нүктесіне тышқанды апару үшін оңға-солға бағыттауышын қолданыңыз. 4. ‘Құрал-саймандар’ мәзірін ашу үшін F3 басыңыз, ‘Сызықтық аппроксимация’ таңдаңыз және белсендіру үшін басыңыз. Сызбада тек бір секіруге сәйкес келетіндей етіп түзу сызықты аппроксимацияның аралығын ретке келтіру керек. (‘Құрал-саймандар’ мәзірінен ‘Курсорды ауыстыру’ таңдап, басыңыз.) • Түзу сызықты аппроксимацияның еңісі – бұл ауадағы доптың үдеуі. Сонымен, берілген эксперименттік тәжірибеден жылдамдықтың уақытқа тәуелді графигін көре алдық, соған қоса үдеудің де шамасын таба аламыз. 4. Қорытындылау (13 мин) –тест Activote 1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады? а) ә) б) 2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар. а) 30Н; ә) 20Н; б) 15 Н. 3) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр. а) 2,5 кг ә) 25 кг б) 0,25 кг 4) Еркін түсу үдеуінің мына мәндерін салыстыр: және а) ә) б) 5) Суретте көрсетілген баланың салмағы 25 кг болса, онда оның ауырлық күшінің мәні нешеге тең болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар. а) 2,5Н; ә) 25Н; б) 250Н. 1 2 3 4 5 Ә А Б Ә Б -жай есептер. (Тақтаға оқушы шығарылады. Есептің шартын оқып, берілгенің жазады және формуланы пайдаланып, есепті шығарады) 1-есеп: Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? (Жауабы: F=2,45Н) 2-есеп Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады? (Жауабы: 100 кг) -күрделі есеп. (Тақтаға оқушы шығарылады. Есептің шартын оқып, берілгенің жазады және формуланы пайдаланып, есепті шығарады) Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады? (Жауабы: F=166,6 Н) Сонымен, “Тартылу құбылысы. Ауырлық күші” тақырыбын меңгердік. Ауырлық күшінің формуласы қандай болып шықты? (Оқушылар жауап береді) Ендеше үйде не істейсіңдер соған көңіл аударыңдар 6. Үй тапсырмасы (2 мин) § 38, 15 жаттығу 1,2 есептер, 13 тапсырма. 7. Бағалау (3 мин) Енді, барлық жалпы ұпайды санап, барлық ұпай саның анықтаңдар да, бағалау шкаласына қарап бағаларынды қойып шығындар. Бағалау парағының оң жағындағы суреттердің қажеттісін қалдырып, керек емесін сызып тастаңдар. -Бағалары бағалау парақтарына сәйкес журналға қойылады.
|