Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Астана қаласы №14 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі Сексенбиева Зинат Канатовна Сабақтың тақырыбы: Құймалар. Сабақтың мақсаты: 1) жалпы құймалар туралы түсінік беру. 2) өркениетті елде металдарды және олардың құймаларын алу, пайдалану, сол арқылы техниканың, қнеркәсіптің дамуы туралы айайту. 3) оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың әдісі: жекелей деңгейлік жұмыс, топпен жұмыс. Сабақтың тәсілі: сұрақ – жауап, тест, Венн диаграммасы, есеп шығару. Сабақтың көрнекілігі: «кейбір құймалардың қасиеттері, қолданылуы, құрамы» кестесі, тайқазан, алтын адам суреттері. Пән аралық байланыс: география, тарих, информатика. Сабақтың барысы: а)амандасып, сынып реттілігін тексеру. ә)үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтар: 1.Металлургия дегеніміз не? (кен құрамынан металл өндірумен айналысатын өндіріс саласы). 2.Металлургия неше топқа бөлінеді, қандай? (2 топқа, қара және түсті). 3.Металдар туралы қандай ғылым дамуда? (металл тану). 4.Асыл металдарға қандай металдар жатады? (алтын, күміс, платина). 5.Сирек металдар нешеге бөлінеді, қалай аталады, металл мысалдарымен?(5-ке:1-қиын балқитындар:вольфрам, молибден, тантал, ванадий, ниобий,цирконий; 2-жеңіл металдар:литий, берилий, рубидий; 3-шашыраңқы металдар:галлий, индий, таллий, гафний, рений, теллур; 4-сирек жер металдар:селен, иттрий, барий; 5-радиактивті металдар: радий, уран, торий, актиний). 6.Металдарды алу неше топқа бөлінеді, қалай аталады?(3 топқа:1-гидрометаллургия; 2-пирометаллургия; 3-электрометаллургия). 7.Металлотермия дегеніміз не? (қосылыстар құрамынан металды басқа металдар арқылы тотықсыздандыру). б)жаңа сабақ: Жұмбақ: Екі немесе одан да көп металдан тұратын жүйені қалай атайды?(құймалар). - яғни, құймалар металдар мен кейбір бейметалдардың бір-бірінде балқыған күйде еруінен түзіледі. Тайқазан 1399 жылы Түркістанда 7 металдан құйылған: 1. Темір (Ғе) 2. Мырыш (Zn) 3. Қалайы (Sn) 4. Қорғасын (Рb) 5. Мыс (Сu) 6. Күміс (Аg) 7. Алтын (Аu) Алтын адам Б.з.д. V ғ.Есік қорғанынан табылған сақ жауынгер. Ол 4000 астам алтын әшекейлермен безендірілген. шойын Темір құймалары Болат 9 сыныптағы білімімізді еске түсіре отыра Венн диаграммасын толтырайық в) сабақты бекіту: 2-нұсқада тест тапсырмасын орындату. І-нұсқа 1. Термиттің жану реакциясының нәтижесінде 8АІ + 3Ғе3О4 ═ 4АІ2О3 + 9Ғе + 800 кДж 160 кДж жылу бөлінсе, қанша алюминий реакцияға түскен? А.88,4г; Ә.8,6г; Б.43,2г; В.4,32г. 2. Алюминий мен мыстан тұратын қоспа 10г тұз қышқылымен әрекеттескенде 6,72л (қ.ж.) сутек бөлінсе, қоспаның құрамы қандай? А.46% Cu, 54% AI; Ә.50% Cu, 50% AI; Б.55% Cu, 45% AI; В.40% Cu, 60% AI; 3. Массасы 2т глиноземнен (АІ2О3) 1т алюминий алынса, өнімнің шығымы қандай? А.93,7%; Ә.95,24%; Б.98,2%; В.99,3%; 4. Массасы 2,1г магний мен алюминийден тұратын қоспа тұз қышқылымен әрекеттескенде 2,24л (қ.ж.) сутек бөлінген. Бастапқы қоспаның құрамы қандай? А.72% AI, 28% Mg; Ә.45% AI, 55% Mg; Б.50% AI, 50% Mg; В.42% AI, 57,14% Mg. 5. Мына реакция нәтижесінде қандай зат түзіледі? АІ(ОН)СІ2 + 2NaOH → А.АІ(ОН)3; Ә.АІ(ОН)2СІ; Б.АІСІ3; В.NaАІО2. 6. Алюминийді электролиз әдісімен өндіргенде алюминий оксидіне – криолит (Na3AIF6) не үшін қосылады? А.электр өткізгіштігін арттыру үшін; Ә.АІ2О3 –дін еріту үшін; Б.АІ2О3 – нің балқу температурасын төмендету үшін; В.электр өткізгіштігін азайту үшін; 7. Алюминий сульфатының ерітіндісіне соданың ерітіндісін қосқанда не түзіледі? А.АІ2(СО3)3; Ә.АІ(ОН)3; Б.АІОНSО4; В.NaАІО2. ІІ-нұсқа 1. Егер массасы 13г темір, мыс, алюминийден тұратын қоспаға натрий гидроксиді ерітіндісімен әсер еткенде 6,72л газ бөлінсе, ал тұз қышқылымен әсер еткенде 8,96л газ бөлінсе (қ.ж.) қоспа құрамы қандай? А.5,4г АІ, 5,6г Ғе, 2г Сu; Ә.2,7г АІ, 5,6г Ғе, 4,7г Сu; Б.2,7г АІ, 2,8г Ғе, 7,5г Сu; В.5,4г АІ, 2,8г Ғе, 4,8г Сu; 2. Массасы 10г темір (ІІ,ІІІ) сульфаттарының қоспасымен қышқыл ортада (Н2SО4) әрекеттесу үшін 1ғ58г калий перманганаты жұмсалды.Қоспа құрамы қандай болған? А.5г ҒеSО4, 5г Ғе2(SО4)3; Ә2,5г ҒеSО4, 7,5г Ғе2(SО4)3; Б.7,6г ҒеSО4, 2,4г Ғе2(SО4)3; В.9г ҒеSО4, 1г Ғе2(SО4)3; 3. Массасы 31,9г мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 9г су түзілсе, алынған қоспадағы металдардың массалық үлестері қандай? А.22% Сu және 78%Ғе; Ә.12% Сu және 88%Ғе; Б.50% Сu және 50%Ғе; В.75% Сu және 15%Ғе; 4. Массасы 31,9г мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 9г су түзілгендігі белгілі болса,осы қоспадан неше моль темір алуға болады? А.0,2моль; Ә.2моль; Б.0,1моль; В.1моль. 5. Мыс пен темір қоспасын концентрлі НNО3-пен өңдегенде 4,48л газ бөлінген, ал сол қоспаға НСІ-мен әсер еткенде 2,24л газ бөлінген (қ.ж.). Қоспа массасы қандай? А.5,6г; Ә.6,35г; Б.11,95г; В.18,3г. 6. Құрамында 10% қоспасы бар темір (ІІІ) оксидінен тұратын 200г темір рудасын толық тотықсыздандыру үшін неше грамм көміртегі қажет? А.40,5г; Ә.4,05г; Б.20,25г ; В.2,25г; 7. Құрамында 95% темірі бар 1т құйма алу үшін, құрамында 78% темір оксиді бар қызыл теміртастан қанша кг қажет? А.950кг; Ә.1357кг; Б.1600кг; В.1740кг. Жауаптары: І-нұсқа ІІ-нұсқа 1)Б 1)А 2)А 2)Б 3)Ә 3)А 4)В 4)А 5)А 5)Б 6)Б 6)Б 7)Ә 7)Б г) қорытынды:Құймалар металдар мен кейбір бейметалдардың бір-бірінде балқыған күйде еруінен түзіледі. Олар құрылымы жөнінен: қоспа, химиялық қосылыс және қатты ерітінді түрінде болады. құймаларды қолдану таза металдарда кездеспейтін олардың бағалы қасиеттеріне негізделген. д)бағалау. д)үй тапсырмасы: §9.4 № 6,7 есептер. | |
Просмотров: 8843 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|