Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Химия сабағында озық технологияны пайдалану
Алимжанова Камила Акановна
Іле ауданы
№ 13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп

Химия сабағында озық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылығына бағыт беру.

Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайындағы қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған басымды өзекті мәселелерге әр адам мен жеке тұлғаның заман талаптар негізінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамзат перзенті қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктері арқылы санасына қалыптастыра отырып, өз ретінде қоғам қажеттіліктерін халық игілігіне айналдыруда шығармашылық пен салауаттылық, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерін де назар аудара отырып атқаруды басты мақсат етіп отыр. Бұл жөнінде ресми құжаттар мен мемлекеттік іс-шаралардың қолға алынуы соның айғағы болмақ.
Қоғам дамуының үлкен бір саласы және ажырамас бөлігі болып табылатын педагогика ғылымы сонау ескі дәуірден бүгінгі заманға дейін өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Қоғам дамуының прогрессивтік сипаты, қоғам мүшелерінің өмір заңдылығына мойынсыну барысында, ғұмыр көшіндегі адамзат перзенттінің рухани, мәдени және өндіргіш күштер ықпалы арқылы қалыптасқан тәжірибелермен тығыз байланысты. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр.
Сол себепті оқыту жүйесін оптимизациялау мен интенсификациялау үрдісі ғылыми-педагогикалық тұрғыда қайта сарапталынып, арнайы мекемелерде зерттеліп, қажет жағдайда практикалық шешімін табуға мүмкіндік жасалғаны шарт. Оның жоғарғы және арнаулы оқу орындарымен қатар жалпы білім беретін орта мектеп практикасына ендірілуі жалпы сабақ үрдісін шығармашылық тұрғыда ұйымдастырудың нәтижелі жүйесін қалыптастыруға себепші болады.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген болса, оқушы тек оны тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе репродуктивті әдістер қолданылған (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, т.б.). Егер дәстүрлі оқытуда оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, технология жағдайында белсенді қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды, оқулық арқылы өз бетімен білім алуға дағдыланады.
«Технология» сөзі гректің «техне» - өнер, шеберлік, «логос» - ілім, әдістер жиынтығы деген мағананы береді. Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады. Әлемнің әр түрлі елінде (АҚШ-та, Ұлыбританияда, Белгияда, Ресейде және т. б. ) жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық әдіс –тәсілдерінің тиімділігі дәлелденген.
Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Сабақта интерактивті әдістер арқылы проблемалық оқыту (технологияның синектикалық бөлімінің талаптары бойынша) іске асырылады (мәселені шешу, балаға ой тастау, «миға шабуыл», дебаттар, т.б. әдістер арқылы). Мұндай топта оқушылар өз даралығын жоғалтпайды, қажетті жағдайда олар бір-бірінен көмек сұрап, ортақ міндеттерді шешеді.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасы, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Ал оқыту технологиясын қолдану үшін алдымен жаңалықты игеруге даярлық, яғни, технологиялық өңделген құжаттар болуы керек. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану, оған қызығушылық таныту, ынта қою оның мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс- жүзінде асыра білу, белгілі бір мақсатты жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады.
Марал Мәденқызы Жанпейісованың МОТ-ын 8-10 сыныптарда пайдалану барысында білімді игеру барысында оқушыларда кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен, жұмыс дәптермен өзіндік жұмыс жүргізуде ықпалы болды. Өзіндік жұмыстарды жүргізуде мынадай шарт қоямын.
1. Нақты тапсырма беріледі
2. Қысқаша нұсқаулар беріледі.
3. Жұмыстың орындалуына уақыт белгіленеді.
4. Оқушылардың дербестілігі ескеріледі.
Модульдік оқыту технолгиясының мақсаты мен мағынасы: Оқытудың тұтас технологиясын жобалау алға қойған мақсатқа жетеді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, негізгі және қортынды бөлімнен тұрады. Модул жасалған сыныптарда III деңгей жеңілдетілген стандарт тапсырмалары.
II деңгей стандарт талаптарына сай алған білімді қолдану және талдау деңгейіндегі тапсырмалар.
I деңгей шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар (стандарттан жоғары) беру арқылы танымдық ізденімпаздық қабілеттерін дамытамын. Қалай тексеру керкек? (бірін-бірі тексеру әдісі, қатар отырған оқушы ) және өзін -өзі тексеру арқылы Репродуктивті ( қайта жаңғырту) сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытумен ұштастырудамын. Негізінен оқушылардың бір-бірімен өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың белсенді формаларын сабақта қолданамын. МОТ-тың ерекшелігі оқушыны үнемі білім алуға, өз бетімен әрекететуге деген құлшынысын оятып, ақыл - ойының дамып жетілу процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету, қабылдауды) сабақта дамытуға көңіл бөлемін. Мысалы 11-сыныптарда «Гибридтену және гибридтелген орбитальдарды» өткенде С атомының sp3 гибридтенуі этан молекуласында бұрыш 109°28' кеңістіктегі пішіні – тетраэдр, sp2 гибридтенуі этилен молекуласындағы валенттілік бұрыш 120 градус кеңістіктегі пішіні – жазық тригональді, sp гибридтенуі ацетилен молекуласындағы валенттілік бұрыш 180 градус кеңістіктегі пішіні – сызықтық. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалптасады. Белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу т.б.белсенділіктер. МОТ оқушылардың білім деңгейін дамытуға ықпалы зор. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, оқушы үшін мұғалім – эталон.
Білім беру жүйесінде әлемдік стандартқа сай деңгейге жету үшін, оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдері, озық технологияларды сабақ үрдісінде пайдалану бүгінгі күн талабы. Пәнге деген оқушының қызығушылығын, шығармашылығын шыңдау, жаңа ғасырда білімді, тәрбиелі жеке тұлға тәрбиелеуде, өз іс- тәжірибемде оқыту үрдісін жоспарлап, Мемлекеттік Білім стандартын негізге алып, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолданамын. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында М.М. Жанпиісованың Интерактивті Модульдік оқыту технологиясын 2007 жылдан бері химия пәнінен 8-10 сыныптарда тарау бойынша модул құрып, сабақта қолданып келемін. Нәтижесінде, оқу сапа көрсеткіші 80%-ке дейін көтерілді. Оқушылардың пәндік Олимпиядаға, ғылыми жұмыстарға қатысуы жоғарылап, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бойынша 100%-нәтижесін көрсетті.
Химия сабағында Интерактивті Модульдік оқыту технологиясын пайдалану барысындағы іс-тәжірбиемде:
1. Жеке тұлғаның танымдық қабілеттеріне арнайы тұлғаны дамытуға өзін-өзі өзектілендіру, тұлғаның қауіпсіздігін сақтай отырып өз бетімен және ізденіспен жұмыс істеуге толық мүмкіндік болатындығын көрдім.
2. Оқушының сабаққа қызығушылылық аясын дамытуға, психологиялық танымдық құрылымын арттыруға ерекшеленетіндігін байқадым.
3. Теорияда берілген кіріспе, сөйлесу қортынды нәтижесінде білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, білім толық жүйеленедігі.
4. Интерактивті Модульдік оқыту технологиясымен өткізілген әр сабақта барлық оқушының толық жұмыс істеуі қамтылады, барлық оқушы толық бағаланады және оқушылардың ортақ бағалау парағында көрсетіледі. Бұл оқушының білім-білік дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
5. Оқушының білімін тексеруде сынақ тест рейтинг жүйелерін қолдану арқылы қортындылап, білім деңгейін анықтаймын.
Енді Интерактивті Модульдық оқыту технологиясымен 8-сыныпта химия пәнінен өткізілген бекіту сабақ үлгісін ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Сабақтың білім беру мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мағлұматтарды жүйеге келтіріп бекіту.
Оксид, негіз, қышқыл, тұздардың құрамын, қасиетерін салыстыра білуге, жіктеуге, заттардың бір-біріне айналу, генетикалық байланысты қортындылау.
Дамыту мақсаты: Оқушылардың ойлау жүйесін кеңейту, қортынды жасау қабілетін қалыптастыру. Білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жеке тұлғаның химия пәніне қызығушылығын арттыру, өзі оқи отырып, өзгені үйрету. Ұжымдыққа баулу, топпен жұмыс жүргізу арқылы жауапкершілікке, мәдениетті қарым-қатынасқа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Бекіту сабағы. Білімді «Білім биржасы» оқыта үйрету арқылы қортындылау.
Сабақтың әдіс тәсілі. Модульдік интерактивті оқыту техналогиясын пайдалану. Топтық, жекелей блокпен жұмыс.
Көрнектілігі: Интерактивті тақтадан көрсетілім, сызбалар, панода үш түрлі деңгейдігі тапсырмалар жазылған үлестермелер.
Сабақтын барысы.
1. Ұйымдастыру.
Сынып оқушылары 5 топқа топтастырады.
А тобы - хлорид
Б тобы - сульфат
В тобы - фосфат
Г тобы - нитрат
Д тобы - карбонат
Топтағы оқушылар «акционерлер», әр топта 1 «брокер» сайланады. Паноға 3 түсті қалташа (сары, жасыл, көк) ілінеді. Онда 3 деңгейлік тапсырмалар салынған. Әр топ брокерлері акционерлерімен келісіп, өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай, биржадан тапсырма алып дайындалып жауап береді.
Толық емес жауап - сары түсті «акция»
Дұрыс кеңінен ашылмаған жауап - жасыл түсті «акция»
Дұрыс негізделген жауап - көк түсті «акция»
Әрбір акцияның бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Егер оқуыда 2- түсті акция болса, онда түсімге 2 балл қатысады. 3-түсті болса 3- балл.
Мұғалім - «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді.
Егер сары акция көп болса - «акция» құны төмендейді.
«Жасыл» және «көктер» аз болса онда құны артады.
2. Сабақтын өту барысы интерактивтік тақтадан бейорганикалық заттардың жіктелуі, олардың арасындағы генетикалық байланысты қортындылауға кесте арқылы сұрақтар беріледі.
Тексеру сұрақтары.
Бейорганикалық заттар неше топқа бөлінеді?
А) Жай заттарды атау.
Б) Күрделі заттарды атау.
2. Оксидтер. Оксидтердің жіктелуі.
3. Негіздер. Негіздердің жіктелуі.
4. Қышқылдар. Қышқылдардың жіктелуі.
5. Тұздар. Тұздардың жіктелуі.
6. Тұздарды алу тәсілдері - сызба, интерактивтік тақтадан көрсетілім.

3. 1 деңгей тапсырмалары:
№1
1. Мына оксидтерді жіктеңдер: Na2O, CaO, Al2O3, P2O5, SiO2, SO3, ZnO
Оксид

Негіздік екідайлы қышқылдық

2. Берілген қышқылдарды жіктеп жазыңдар.
HCl, H2S, H2SO3, H2SO4, H2CO3, H2SiO3, H3PO4, HI, HF
3. Реакция теңдеуін аяқта.
NaOH+SiO2→
KOH+FeCl2→
4. Тұздардың қолданылуы, өздерің білетін салаларын атап беріңдер.
CaO, Cu(OH)2, HCl, H2SO4, KBr, H2S берілген заттардың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жаз.
5. Қышқылдық оксид пен негіздік оксид өзара әрекеттескенде түзілетін тұзды атағын.
SiO2+Na2O→
6. Қыздырғанда
а) алюминий гидроксиді
б) мыс гидроксидінің айырылу реакция теңдеуін жаз.
7. Химиялық реакция теңдеуін аяқта.
MgO+HNO3→
Al2O3+HCl→
8. Реакция теңдеуі аяқтаңдар.
NaOH+H2SO4→
Fe(OH)3+HNO3→
9. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерді жазыңдар.
Na→Na2O→NaOH→NaCl
10. Сілті LiOH, NaOH, KOH индикаторға әсері.
11. Мына оксидтерге сәйкес келетін гидроксидтердің формуларын жазыңдар
K2O-
CaO-
Cr2O3-
PbO-
12. Ерімейтін негіздерді қыздырғанда түзілетін реакция теңдеулерін жаз.
Fe(OH)3→t0
Cu(OH)2 →t0
13. Қыздырғанда а) алюминий гидроксиді
б) мыс гидроксидінің айырылу реакция теңдеуін жаз.
14. Реакция теңдеуді жазып теңестір.
Al(OH)3+HCl→
H3AlO3+NaOH→
15. Төменде көрсетілген тұздардың құрылылымдық формуласын жаз.
NaNO3
K2SO4
16. Мына теңдеулерді аяқтаңдар.
Na2CO3+HCl →
Mg+H2SO4→
17. Мына теңдеулерді аяқтаңдар.
P2O5+H2O→
Zn+H2SO4→
18. Төменде келтірілген негіздерге
KOH, Mg(OH)2, Ba(OH)2, Cr(OH)3, Cr(OH)3 сәйкес оксидтерді жаз.
19. Ас тұзын (NaCl) суда ертікенде қандай орта түзіледі.
а) қышқылдық
б) сілтілік
в) бейтарап
г) әлсіз сілтілік орта
д) күшті қышқылдық орта
20. Mg(OH)2 құрылымдың формуласын жаз.
2 деңгей тапсырмалары:
1. Мына тұздардың формулаларын жазыңдар.
Кальций хлориді, кальций гидрофосфаты, натрий силикаты.
2. Берілген заттардың арасында өз ара қандай бейтараптану реакциясы жүреді.
Реакция теңдеуін жазыңдар.
H2SO4, NaOH, HCl, H3PO4, KCl
3. Натрий гидроксиді қандай реакциалар көмегімен алуға болады?
4. Берілген қышқылдардан бір негізді, екі негізді үш негізді қышқылдарды топтастырындар.
HNO3, H2SiO3 HF , H3PO4, H2SO4, H2S, HCl
5. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын, тиісті реакция теңдеулерді жазыңдар.
Ca→CaO→CaSO4→CaO
6. Бейтараптану реакциясының көмегімен мына тұздарды алу.
BaSO4, AlCl3 теңдеуін жазыңдар.
7. Берілген өзгерістерді асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазындар
Na→Na2O→ NaOH→Na2SO4
8. Натрий гидроксиді берілген заттардың қайсысымен әрекеттесе алады:
a) HCl б) NaCl в) LiOH г) CO2
9. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерді жаз
P→P2O5→H3PO4→Na3 PO4
10. Заттардың формулалары берілген: Al2O3,NaOH, H3PO4, KCl, Al3(PO4)2, SO3, CO2, NaNO3, CrCl3, Ca(OH)2 тұзардың формуласын теріп жазыңдар
11. Генетикалық қатардағы заттардың бір-біріне айналу теңдеуін жазу
C→CO2 →H2CO3→H2O
12. Негіздік оксидтер күшті қышқылдармен тұз және су түзе жүретін реакция теңдеулерді аяқта.
MgO+H2SO4→
CaO+HCl→
13. Төменде келтірілген реакция қандай қосылыстар түзеді. Осы реакция теңдеулерді толықтыр.
1. Na2CO3+…→ 2NaCl+H2O+CO2↑
2. 2Al(OH)3 → … +3H2O
14. Массасы 28г Li суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзілетінін есептеңдер
ж. 44,8 литр (H2)
15. Көрсетілген оксидтерді Na2O, CaO, CuO, Cu2O халықаралық жүйе бойынша екі тәсілін ата.
16. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe2(SO4)3→ Fe (OH)3→ Fe2O3→ FeCl3
17. Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойындар:
Na2CO3 + HCl→
Fe(OH)2+2HNO3→
18. Калий генетикалық қатарына кіретін заттардың фомулалары
KCl, K, KOH, K2O
Оларды қандай ретте орналастырасың?
a) 1→ 2→ 3→ 4
б) 2→ 4→ 3→1
в) 2→3→1→ 4
г) 1→3→4→2
19. Қышқылдардың құрылымдық формуласын жаз H2SO4, HNO3
20. Реакция теңдеулерін толықтырып аяқта.
P2O5 +… → H3PO4
K2O5 +… → KOH
CaO +… → CaSiO3
21. Берілген формулалардың ішінен оксидтерді теріп жаз. Халықаралық жүйемен ата. KOH, Na2O, ZnO, N2O5, K2O, Na2S, CrO3
22. Мына элементтердің С, Na, Mg, Al, P, S оксидтерінің формуласын құрып, халықаралық атаулары бойынша атау.
23. Төмендегі айналуларды жүзеге асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар .
Кремний→кремний окид→барий силикаты
24. Массасы 10 г натрий сілтісіне көмір қышқыл (CO2) газын жібергенде, түзілген тұздың массасын есептеңдер. Ж: 13,2г (Na2CO3)
25. Берілген қышқылдардың қанша негізді екенін тауып, бағдаршамен сәйкестендір.
H3PO4 бір негізді H2SeO4
H2SiO3 екі негізді H2SO3
HF үш негізді HNO3

3 деңгей тапсырмалары:
1. Берілген тұздарды NaNO3, CuSO4, Na2HPO4, NaH2PO4, K3PO4, MgOHCl, AgNO3, NaHCO3, Al(OH)Cl2, Al(OH)2Cl топастыр.
Орта тұз Қышқыл тұз Негіздік тұз


2. Генетикалық қатардағы заттардың бір - біріне айналу теңдеуін жазыңдар.
Ca→CaO→ Ca(OH)2→CaCl2→CaSO4
3. 200г сөндірілмеген әкке CaO оны сөндіруге қажетті мөлшерде су құйғанда түзілтін сөндірілген әктің Ca(OH)2 массасын анықтандар
Берілгені
m (CaO)=200 г
т/к mCa(OH)2 -? Ж: 264 г (Ca(OH)2)

4. Химиялық реакция нәтижесінде қандай қосылыстар түзіледі? Осы реакция теңдеулер арқылы қышқылдардың қасиеттері туралы қортынды жаса.
1. Na + 2HCl → …+H2
2. Zn + H2SO4 → …+H2O
3. NaOH + HCl → …+2H2O
4. ZnCl2 + H2SO4 → …+2HCl
5. 1 моль темірдің жануы үшін оттектің қанша зат мөлшері қажет?
Берілгені
(Fe) = 1 моль
(O)2-? Ж; 0,75(O2)

6. Массасы 6 гр натрий сульфаты тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі?
Берілгені :
m(Na2SO4)- 6г
HCl
т/к: (NaCl)-? Ж: 4,94гр (NaCl)
0,04 моль (NaCl)

7. Массасы 8 гр мыс оксиді түзілу үшін қажетті оттектің зат мөлшерін және массасын есептеңіздер?
Берілгені:
m(СuO) -8г
(O2)-?
m(O2)-?
Ж: 1,6 гр (O2), 0,05 моль (О2)
8. Мөлшері 0,2 моль барий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттесе алады
Берілгені:

(BaCl2)-0.2 моль
(H2SO4)-? Ж: 41.6 г (BaCl2)
0.02 моль (H2SO4)
19.6 г (H2SO4)


9. Құрамында 9,8 г күкүрт қышқылы бар ертінді натрий гидрооксидінің артық мөлшерімен бейтараптанады. Tүзілетін тұзың мөлшерін есепте.
Берілгені:
m(H2SO4)-9,8 г
(NaOH)
т/к’ (Na2 SO4 )-? Ж: 0.1моль(Na2 SO4 )

10. Массасы 7,3 гр тұз қышқылымен кальций оксидінің қандай зат мөлшері әрекеттеседі? Түзілген тұздың массасын есепте

Берілгені
m(HCl)-7.3 гр
(CaO)
(CaCl2) -?
m(CaCl2)-? Ж: 0.1моль
7,2 г (CaCl2)
11. Сызба нұсқалар бойынша реакция теңдеулерін жазыңдар:

Fe 2(SO4 )3→Fe (OH)3→Fe2O3→FeCl Fe(NO3)3

12. Массасы 9,9 гр мырыш гидроксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше грамм тұз түзіледі?
Берілгені :
mZn(OH)2-9,9 г
(H2SO4)
т/к: m (ZnSO4)-? Ж: 16,1 ZnSO4

13. Мыс (II) оксидінің 0,1 моль мөлшері азот қышқылымен әрекеттескенде түзілген мыс (II) нитратының массасы мен зат мөлшерін табыңыздар
Берілгені
(CuO)-0.1 моль
(HNO3)
т/к’ m (Cu(NO3)2-?
Ж : 18.75 г (Cu(NO3)2
4. Сабақты қортындылау. Бейорганикалық заттардың жіктелуі. Интерактивті тақтадан сурет, сызба нұсқа көрсетілім.
5. Сабақтағы оқушылардың жауабын бағалау. Бағалау кестесінің үлгісі.

Оқушының аты жөні Топ аты Сары түсті
“Акция” Көк
түсті
“Акция” Жасыл
түсті
“Акция” Түсімі
“Акция”
соңы Қосымша
тапсырма Ортақ
бағасы
1
2
3
4
5
6

Оқушылар білімі жауап беру барысында жинаған акциямен қосымша алған үлестірмелі тапсырманың бағасымен анықталады. Нәтижесінде бір сабақта әр оқушы әр түрлі деңгейде тапсырманы орындайды. Жеңген топ анықталады. “Ең білімпаз оқушы” білім биржасында табылады. Білімпаз химик-атанады.
Категория: Химия | Добавил: Акановна (2012-12-22) | Автор: Камила E
Просмотров: 7766 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru