Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Алимжанова Камила Акановна Іле ауданы № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп Cабақтың тақырыбы: Химиялық ұғымдар. Сабақтың білім беру мақсаты: Ойша саяхат арқылы оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін ойша саяхат арқылы дамыту,ойлау жүйесін тереңдету, химия тілінде сөйлеуге үйрету. Реакция теңдеулерді құру теңестіру, есептер шығару, өз бетінше сөйлеуге шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Топпен жұмыс жүргізу барысында бірлесіп жұмыс жасау арқылы жауапкершілікке, іскерлікке баули отырып, жеке тұлға тәрбиелеу.Табиғатқа қамқорлық жасауды оқушы бойына сіңіру, қоршаған ортаны аялай білуге баулу. Сабақтың түрі: Ойша саяхат сабағы. Сабақтың әдіс тәсілі: Модульдік интерактивті оқыту технологиясын пайдалану. Топтық жұмыс, жекелей тапсырмалар. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы картасы, тапсырмалар, үлестірмелер, суреттер, «Әсем табиғат» слайд. Ұйымдастыру. 1. 6 оқушыдан тұратын 5 топ құру. 2. Әр топта 1 саяхат жүргізуші. 3. Үлестірмелі тапсырмалар. 4. Сары, жасыл, көк түсті 3 деңгейлік тапсырмалар. 5. Жетондар. 6. Сұрақтар мен жауаптар. 7. Жауап парағы. Саяхат: Алматы -Астана. Бекеттер: 1. Алматы, Өтеген батыр кенті 1тапсырма Ақши 2тапсырма Балқаш көлі 3тапсырма Қарағанды 4тапсырма Теміртау 5тапсырма Астана. Автобус тоқтаған бекеттерде оқушылар өз білімдерін көрсетеді. Ашық саяхат Өтеген батыр кентінен басталады. Алматының қасында Өтеген батыр кенті бар. Саяхатқа шығуға Бұл бекеттің серті бар. Табиғатты аяла, әсемдігін бағала Жасыңыз бен кәріңіз, ағаш ексек бәріміз Құлпырып кетер өңірің Көтеріңкі болар көңілің Әр бекетте Химиялық ұғымдар тарауы бойынша тапсырмалар беріледі. № 1-тапсырма. Менен сұрақ, сізден жауап. 1. Химия пәні нені зерттейді? 2. Таза заттар деп қандай заттарды айтамыз. Қоспалар дегеніміз не? 3. Атом деген не? Молекула дегеніміз не? 4. Жай заттар дегеніміз не? 5. Күрделі заттар дегеніміз не? 6. Валенттілік дегеніміз не? 7. Зат массасының сақталу заңы. «Табиғатта болатың күрделі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына сонша қосылады, яғни бір жерден қанша материя азайса басқа жерден ол сонша көбейеді» деп орыстың ұлы оқымыстысы, ұлы ғалымы М. В Ломоносов 1748 ж жазған. Қалай түсінесіндер? Реторта тәжербие 8. Атом моекулалық теорияның негізін салған кім? 9. Реагент деген не? 10. Өнім деген не? 11. Авогадро саны NA,өлшемі моль, кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар? 12. Химиялық реакцияның типтері Жауап берген оқушыларға фишка беріледі көк «5» жасыл «4» сары «3» Ақши елді мекенде Жүйіткіп келіп жеткенде Жылқысы мен түйесін Жүргенің жайылып көргенде Шұбаты мен қымызын Жәйлап жатып ішкенде Рахаттанып қаласың Осындай байлық бергенге Қазақтың дархан даласы № 2 үлестірмелі тапсырма «Валенттілік» Ақши бекетінен өту үшін берілетін тапсырма. «А» тобының тапсырмасы: Формула бойынша элементтердің валенттілігін тап 1. KMnO4, MnO2, K2O, CaO, Al2O3 «Б» тобының тапсырмасы: 2.Хлоридтердегі элементттердің валенттілігін анықта NaCl, ZnCl2, AlCl3, SiCl4, CCl4 «В» тобының тапсырмасы: №1 үлестірмелі тапсырма Валенттілік 1. Формуласы бойынша элементтердің валенттіліктерін қойыңдар H2O, ZnO, K2O, MgO, Fe2O3 «Г» тобының тапсырмасы: 1. Формула бойынша химиялық элементтердің валенттілігін табыңдар K2S, B2O3, ZnO, Cu2O, SnO2 «Д» тобының тапсырмасы: Химиялық элементтердің таңбалары валенттілігі берілген формула құрастыру. III II I II III I VII II III I Fe O, K O, P H, Mn O, Cr Cl. Салқын самал жел есіп, Алдымызда Балқаш көлі келесі Жағасы оның көз тойғысыз көрікті Балығымен қуантады халықты № 3 үлестірмелі тапсырма Балқаш көлі бекеті. Химиялық реакция теңдеулерді теңестіру. 1. Химиялық реакция теңдеулерді теңестіріңдер «А» тобының тапсырмасы: а) Mg + HCl = MgCl2 + H2 б) H2O жарық H2 + O2 в) H2 + Cl2 = HCl г) Al + Cl2 = AlCl3 д) P + O2 = P2O5 «Б» тобының тапсырмасы: а) C + O2 = CO2 б) K + Cl2 = KCl в) Ba + O2 = BaO г) Zn + O2 = ZnO д) Mg + N2 = Mg3N2 «В» тобының тапсырмасы: а) H2 + Cl2 = HCl б) H2 + S= H2S в) Mg + O2 = MgO г) Fe + FeS д) Al(OH)3 → Al2O3 + H2O «Г» тобының тапсырмасы: а) Al + S = Al2S3 б) Cu + O2 = CuO в) Zi + O2 = Zi2O г) Ca + O2 = CaO д) KMnO4 K2MnO4 + MnO2 + O2 «Д» тобының тапсырмасы: а) C + H2 = CH4 б) FeO + H2 = Fe + H2O в) Fe(OH)3 = Fe2O3 + H2O г) Al + O2 = Al2O3 д) Ag + S = Ag2 S Қарағанды кеншілердің қаласы Еңбекпенен көмір қазып аласың Жылу беріп, көзі болып жарықтың Алғысын аласыз ғой халықтың. № 4 үлестірмелі тапсырма Қарағанды бекеті. Химиялық реакциялардың типтері «А» тобының тапсырмасы: Мына реакция теңдеулерді теңестіріңдер, коэффициентерін қойып, типтерін анықта а) HgO→Hg + O2 б) Mg + O2 = MgO в) Zn + HCl = ZnCl2 + H2 г) CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O «Б» тобының тапсырмасы: а) H2 + Cl2 = HCl б) MgCO3 = MgO + CO2 в) H2 + CuO = Cu + H2O г) CaO + HCl = CaCl2 + H2O «В» тобының тапсырмасы: а) NH3 = N2 + H2 б) H2 + S = H2S в) Mg + HCl = MgCl2 + H2 г) CaCO3 →CaO + CO2 «Г» тобының тапсырмасы: а) KMnO4→K2MnO4 + MnO2 + O2 б) Fe + S = FeS в) Fe + 3H2O = Fe2O3 + H2 г) CaO + H2O = Ca(OH)2 «Д» тобының тапсырмасы: а) H2O + SO3 = H2SO4 б) MgCO3 → MgO + CO2 в) H2 + Cl2 = HCl г) Fe + CuCl2 = Cu + FeCl2 Қойнауында Теміртаудың Бар екені металдың Құймасы мен қоспасын Жабдықтар жасап әр түрлі Көріп жатыр пайдасын № 4 үлестірмелі тапсырма 5-Теміртау бекетінен өту үшін берілетін тапсырмалар: Химиялық реакция теңдеулер бойынша есептер шығару. «А» тобының тапсырмасы: Кальций оксидіндегі CaO элементтердің массалық үлестерін анықтаңдар. Жауабы: «Б» тобының тапсырмасы: Элементтердің массалық үлестерін табыңдар: HNO3 Жауабы: Н-1,6% N- 22.2% O-76.2% «В» тобының тапсырмасы: Мыс оксидіндегі СuО элементтердің массалық үлестерін анықтаңдар. Жауабы: «Г» тобының тапсырмасы: Магний оксидіндегі MgO элементтердің массалық үлестерін анықтаңдар. Жауабы: «Д» тобының тапсырмасы: Мына қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін анықтаңдар: H2S Жауабы 6% (Н) Күкірт 94% «А» тобының тапсырмасы: 20 г әктас (CaCО3) айырылғанда түзілетін көмірқышқыл газының (CO2) массасын және з зат мөлшерін табыңдар: Жауабы: «Б» тобының тапсырмасы: 1. 8 г сутек жанғанда түзілетін судын массасы және зат мөлшері қанша? Жауабы: 72 г су 4 моль су «В» тобының тапсырмасы: Магний мен Оттек әрекетескенде 50 г (MgO) түзіледі реакцияға қатысқан оттек массасы мен зат мөлшері қанша? Жауабы: О2-20 г «Г» тобының тапсырмасы: Массасы 4 г мыс оксиді СuО түзілу үшін қажетті оттектің зат мөлшерін және массасын есепте. Жауабы: 0,8 г (О2) 0,025моль (О2) «Д» тобының тапсырмасы: 45 грамм судағы моль санын есептеңдер. Жауабы: 45 г суда 2,5моль бар. Қортынды: Топ оқушыларының жеке балдық коэффиценттерін анықтап, бағалау парағын толтырады. 8-а сыныбы Химик саяхатшылар тобын құрып Өтеген - батыр -Астана саяхатында болды. Нәтижесінде өте жақсы білім көрсеткен топтың саяхат жүргізушісі , «Саяхатшы -химик» алқа белгісін алады.Сабақта барлық оқушы бағаланады. Алдымызда Астана Әдемісің бас қала Айналаға қарасаң Өзгеріпті жаңаша. Жетістікке жетелеп, Туымыз тұр желбіреп. Болу үшін бақытты Бұдан артық не керек. | |
Просмотров: 3989 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|