Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Алимжанова Камила Акановна Іле ауданы № 13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп 5- қорытынды сабақ «Брейн-ринг» ойыны Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жүргізілуінің негізгі заңдылықтары Сабақтың білім беру мақсаты: «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойынын пайдалану Білімді оқыта үйрету арқылы қорытындылау Дамытушылығы: химиялық реакцияның жылдамдығы, жылдамдыққа С, Т, өршіткі, әрекеттесуші заттардың табиғатының әсерін меңгеру. Формуланы қолданып есептер шығаруда логикалық белсенділіктерін кеңейту, білімдерін тереңдету Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаны жауапкершілікке, ізденіске, зейінділікке, мәдениетті қарым-қатынасқа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: Білімді «Брейн-ринг» оқыта үйрету арқылы қорытындылау Сабақтың әдіс-тәсілі: Модульдік интерактивті оқыту технологияны пайдалану. Топтық, блокпен жұмыс Шарты: Берілген тапсырмалар арқылы 5 топтан тұратын оқушылар 3 деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізеді. І тур. «Блиц турнир» Жүргізуші жетон тастап алған сұрақтарға дайындықсыз жауап береді. Әр оқушының жауабына фишкалар беріледі. Жауап толық болмаса толықтырған оқушыға жарты фишка беріледі. І деңгей сұрақтарының түсі – сары ІІ деңгей сұрақтарының түсі – жасыл ІІІ деңгей сұрақтарының түсі – көк А топ №1 Үлестірмелі тапсырма 1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не? 2. Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын сатыны ата 3. Вант-Гофф Ережесі формуласын жаз Б топ №1 Үлестірмелі тапсырма 1. Гетерогенді, гомогенді реакциялардың жылдамдығын сипаттайтын формуланы жаз 2. Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттеу не үшін қажет? 3. Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы қандай факторларға тәуелді? В топ №1 Үлестірмелі тапсырма 1. Катализ деген қандай құбылыс? 2. Гомогенді катализ гетерогенді катализден қалай ерекшеленеді? 3. Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері А+В=С+D Г-топ №1 Үлестірмелі тапсырма 1. Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғатының әсері 2. Орташа жылдамдық формуласы 3. Автокатализ деген не? Д-топ №1 Үлестірмелі тапсырма 1. Адсорбция деген не? Адсорбент деген не? 2. Өршіткі деген не? Химия өнеркәсібінде өршіткі ролі қандай? 3. Ингибитор (тежегіштер) деген не? ІІ тур Жасыл түсті ІІ деңгей тапсырмалары 3-5 минут дайындық. Жауап толық болса, ойыншыларға фишкалар беріледі. Толық жауап болмаса, кез-келген топ толықтырып, жарты фишка алады. А тобы №2 Үлестірмелі тапсырма 1. Егер температуралық коэффициент γ=2 болса, онда температураны 500С көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өседі? Жауабы: 32 есе Б тобы №2 Үлестірмелі тапсырма 1. Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=2 температураны 1000С көтергенде химиялық реакция жылдамдығы қанша есе артады? Жауабы: 1024 есе В тобы №2 Үлестірмелі тапсырма 1. Белсенді соқтығысу теориясы температураны көтергенде химиялық реакция жылдамдығының артуын қалай түсіндіресің? Г тобы №2 Үлестірмелі тапсырма 1. Газдардың кинетикалық теориясы сол температурада уақыт пен көлем бірлігінде өтетін газ молекуласының соқтығысу санын есептеуге негізделген формула N=K T Абсолюттік температура деген не? Д тобы №2 Үлестірмелі тапсырма 1. Гомогенді катализ аралық қосылыстар теориясымен жақсы түсіндіріледі. Егер А+В=АВ баяу жүреді делік. Реакцияны К өршіткісін қосқанда тұрақсыз аралық қосылыс түзейді. Өршіткі процеске қатысты, бірақ нәтижесінде өзгеріссіз қалады. Неге? ІІІ тур А Б В Кім жүйрік? Г Д А тобы №3 Үлестірмелі тапсырма Егер А затының бастапқы концентрациясы 1 моль/л тең болса, 4 секундтан кейін бұл заттың концентрациясын 0,6 моль/л тең болғандағы А+В=АВ химиялық реакциясының жылдамдығын анықтаңдар. Жауабы: 0,1моль/сек Б тобы №3 Үлестірмелі тапсырма Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=5. Температураны 500С көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады? Жауабы: 3125есе В тобы №3 Үлестірмелі тапсырма Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=2. Егер 200С кезінде реакция 60 секундта аяқталатын болса, 400С кезінде ол қанша секундта аяқталады? Жауабы: 15сек Г тобы №3 Үлестірмелі тапсырма Гомогенді және гетерогендік реакцияларға бірнеше мысалдар келтіріңдер. Химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Д тобы №3 Үлестірмелі тапсырма Неліктен тамақ өнімдерін төмен температурада тоңазытқыш пен мұздатқышта сақтайды? Рингке шыққан топ мүшелері тәжірибе көрсету. №1 тәжірибе. Сутектің асқын тотығының ертіндісіне Н2О2 марганец диоксидін МnО2 қосқанда, оттек газы бөлінеді .Оттек газының шыны ыдыста жиналғанын тексеру. Реакция теңдеуін жазып түсіндіру. MnO2 Жауап: 2Н2О2 О2 + 2Н2О Оттегінің шыны ыдыста жиналғанын шоқтанған шыра көмегімен анықтайды. №2 тәжірибе. Сірке қышқылы бар сынауыққа бор (СаСО3) түйіршігін салып, ал екінші сынауыққа сірке қышқылы сондай массалы бордың ұнтақталған түрін салып, тәжірибені салыстыр. Не байқадың? Реакция теңдеуін жазып, тәжірибені түсіндіру. Жауап: 2СН3СООН + СаСО3 ұсақталған = СО2 + Са(СН3СОО )2 + Н2О 2 -ші сынауықта СО2 газы көбірек бөлінеді. Ұсақталған бор бетінің ауданы өсіп, сірке қышқылы мен бор бөлшектерінің араласуы артады. 1 -ші сынауықта СО2 газы жай бөлінеді. Өйткені, бордың жанасу беті аз. Әрекеттесуші заттар жанасу барысында қатты бордың бетінде жүреді. 2 СН3СООН + СаСО3 кесек = СО2 + Са(СН3СОО )2 + Н2О Жүйелеу жүйесіне бағалары қойылып, топтың ұпайы шығарылады. Нәтижесінде бір сабақта әр оқушы әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды. Жеңген топ және рингқа шыққан оқушы анықталады. Сабақ – ойынның жүргізушілері топ жүргізушілері болады. Әрбір ойыншыны тыңдап, бағалайды. Оқушының аты-жөні Баға Ортақ баға 1 2 3 1. 2. 3. 4. 5. | |
Просмотров: 7760 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|