Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия |
Мусина Г.А №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ақтөбе облысы. Тақырыбы: Қышқылдардың химиялық қасиеттері Сабақтың мақсаты: 1.Қышқылдардың құрамын физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу; 2. Сабақтың мазмұны бойынша оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу; 3.Оқушыларды алғырттыққа, өз бетінше ізденуге , бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: ақпаратты- комплексті , түсіндірмелі - эвристикалық, топтық, сұрақ- жауап Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,тақырыптық слайд ,бейорганикалық және органикалық қышқыл ерітінділері: тұз, күкірт, азот, сірке, лимон қышқылдары, индикаторлар, химиялық шыны ыдыстар, стақандар, құтылар. Сабақтың барысы: I кезең “Ой шақыру II кезең “Ұғыну” III кезең “Мағынаны тану” IV кезең “Білімді тиянақтау” V кезең “Түйсіну” I кезең “Ой шақыру 1. Лездік сұрақтар Қышқылдардың құрамы неден тұрады? Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар? Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз? Қышқылдар дегеніміз не? Қышқылдар қандай химиялық элементтен басталады? Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар? Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет? 2.Төмендегі кестеге сәйкес келетін қышқылдардан мысалдар келтіріп, толтырыңдар. Қышқылдар Оттекті Оттексіз Бірнегізді Екінегізді Үшнегізді 3.Қышқылдардың алынуы II кезең “Ұғыну” Кестені толтырыңдар: Қышқылдық оксидтердің формуласы Қышқылдық оксидтердің атауы Сәйкес келетін қышқыл формуласы Қышқылдардың атаулары SiO2 Күкірт (ІV) оксиді SO3 Фосфор(V) оксиді Н2СО3 Біршама қышқылдардың ерітінділерін демонстрациялық үстелдің үстіне қояды. Қышқылдардың құтысының сыртына формулаларын жазып қояды. HCl, H2SO4, HNO3, CH3COOH. Қарап отырсаңыздар, барлық ерітінділер түссіз, мөлдір. Оқушыларға қышқылдардың қатты күйдегі түрлерін көрсетуге болады. Фосфор және лимон, аскорбин, стеарин қышқылдары. Оқушылар қышқылдар және қышқыл деген сөздердің түбірі бір . Оқушыларың өздері білетін қышқылдардан бастайды. Мәселен, сірке және лимон қышқылдары, дәмдері қышқыл. Бұл қышқылдарды барлығымыз да білеміз, әрбір үйдің асханасында кездесетіні хақ. Барлық қышқылдардың дәмін татып көруге болмайтындығын айтып өткен жөн. -Қышқылдардың дәмін көрмей-ақ, қалай білуге болады? Өткен сабақты еске түсіре отырып, оқушыларға индикаторларды пайдалануды ұсынамыз. Қышқыл ортада индикаторлар түсін өзгертетінін демонстрациялайды. Оқушылар бақылау қорытындысын дәптерге жазады. Кейбір тәжірибелерді қайталап жасап көрсетеміз, өйткені оқушылар есіне жақсы сақтап қалу үшін қажет. Сондықтан да қышқыл ортада индикаторлардың түсінің өзгеруін бірнеше рет қайталап көрсетеміз. 1.Метилоранж- қызғылт түсті 2. Лакмус-қызыл 3. - түссіз болады .Қышқылдардың химиялық қасиеттері тәжірибе жүзінде көрсетіледі. Үш сынауыққа күкірт қышқылын құйып, біреуіне мырыш, екіншісіне мыс сым, үшіншісіне темір шеге салынады. Осы кернеулік қатарды пайдаланып, тәжірибе бойынша алынған заттар арасындағы реакция теңдеулерін оқушылар интерактивті тақтаға жазады. Н.Н. Бекетов жасаған металдардың кернеу қатары Li K Ca Na Mg Zn Al Fe Pb H2 Cu Hg Ag Au металл + қышқыл→тұз + сутек Қышқылдардың химиялық қасиеттері Қышқылдармен әрекеттесетін заттардың атаулары Мысалдары 1. Индикаторлардың түсін өзгертеді 2. Металдармен әрекеттеседі. Егер металл орыс ғалымы Н.Н. Бекетов жасаған металдардың кернеу қатары бойынша сутекке дейін орналасқан болса, қышқыл құрамындағы (азот қышқылынан басқа) сутекті ығыстырып шығарады. Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑ 3.Негіздік оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз бен су түзіледі. CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O 4. Негіздермен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз бен су түзіледі. NaOH + HCl = NaCl + H2O 5. Тұздармен әрекеттеседі. ZnCl2 + H2SO4 = ZnSO4 + 2HCl↑ 6. Кейбір қышқылдарды қыздырғанда айырылып, нәтижесінде су мен қышқылдық оксид түзіледі. Күкірт қышқылын түсіндіргенде, олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажеттігі айтылады. Күкірт қышқылын суда еріткенде сақ болу керек, ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін, демек суды қышқылға құюға болмайды. Қышқыл. Қышқылдар деген сөз сіздерге таныс. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында сүт қышқылы болады. Қымыз асқазан, ішек ауруларына ем ретінде пайдаланады. Туберкулез ауруларын да қымыз арқылы емдейді. Бірақ қан тасуы, жүйке жүйесі, жүрек ауруларына қымызды көп пайдалануға болмайды. Түйе шұбатының ерекшелігі қанның ақ, қызыл түйіршіктерін тұрақтандырады, оның құрамындағы белок сиыр сүтіндегідей 1.5 есе қымыздағыдан 2 есе көп. Ешкі сүтін ішкен бала жұқпалы аурумен ауырмайды. Қышқылдардың қолданылуы р/с Қышқылдар Қолданылуы 1 H2SO4 күкірт қышқылы Металлургияда, машина жасауда, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, органикалық заттар-полимерлер, бояулар, дәрілік препараттар және т.б өндірісінде көп қолданылады. 2 Азот қышқылы Азот тыңайтқыштарын өндіруге, қопарғыш заттар алуға, органикалық бояулар, лак, кинопленка, асыл металдарды өндеуге қолданылады. 3 Фосфор қышқылдары Дәрі-дәрмек жасайтын өнеркәсіпте, минералды тыңайтқыш алуға пайдаланады. 4 Тұз қышқылы Тұздарын алу үшін, медицинада қолданылады. Күкірт қышқылы экологияны ластайды, адам денсаулығына қауіпті. Күкірт қышқылын өндіру барысында шығатын тозаңның құрамында улы заттар қорғасын, сурьма, мыс, мышьяк оксидтері және т.б. қосылыстар да болады. Олар адам денсаулығына өте зиян. Азот валентті оксидтерін ауаға электрстанциялар, автомобиль двигательдері бөліп шығарады. Атмосферада олар азот қышқылына айналады. Азот қышқылы өндірісінің экологиясы көп уақыт бойы өндіріс талаптарына сәйкес келмеді. Азот оксидтері өте улы өсімдіктермен жануарлар дүниесіне көп зиян келтіреді, машина құбырлардың коррозиясын туғызады. IV кезең “Білімді тиянақтау” Топтық тапсырма. 1 топ. Берілген реакция типтеріне сәйкес қышқылдарды байланыстырып, реакция теңдеулерін мысалға келтіріп жазыңдар. Реакциялар Айырылу Қосылу Орын басу Алмасу 2 топ. Берілген заттардың қайсысы тұз қышқылымен әрекетеседі: а) СuO; ә) Cu; б) Cu(OH)2; в) Ag; г) Al(OH)3. 3 топ. 25%-дық 400 г күкірт қышқылы 68 г магний металымен әрекеттескенде қанша көлем сутегі газы бөлінетінін есептеңдер. V кезең “Түйсіну” Ауызша журнал. Қышқылдар туралы кішігірім хабарлама. 1. Тамақ қорытудағы тұз қышқылының рөлі 2. Табиғатта қышқыл-қару ретінде. 3. Қышқылдардың маңызы. Үйге тапсырма: §47 № 5-8 есеп. Бір қышқылға тірек конспекті немесе электрондық презентация жасау. Қышқылдардың формуласын жаттап келу | |
Просмотров: 9733 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|