Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Отан - отбасынан басталады.
Каримова Нургуль Каримовна
ШҚО Семей қаласы
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы:Отан - отбасынан басталады.
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: «Атадан - өсиет, анадан – қасиет» дегендей отбасынан алған тәрбиеден баланың мінезі қалыптасатынын айту.
ә) дамытушылық: «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,
қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деп М. Әуезов сөзінде айтқандай жанұяда ата-ана өз парызын, бала өз міндетін әр сәт терең сезінуіне бағыттау.
б) тәрбиелік: «Баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз» Отанға деген сүйіспеншіліктерін,ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Тәрбие барлығымыздың жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек» екендігін дәлелдей жеткізу.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.
Қолданылатын әдіс:Әңгімелеу,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:Слайд. Бала тәрбиесі жөніндегі,отбасы туралы даналық сөздер.
Сабақ барысы:Армысыздар, ардақты ата-аналар, ұстаздар, әділ-қазы алқалары, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз тәрбие отбасынан басталатындықтан шынайы өмірде бала тәрбиесінің қыр-сырын меңгерген ата-аналарды қатыстырып отырмыз.Отан-отбасынан басталады,сондықтан әр отбасы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлуі керек.Сабақты Қ.Р. білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Шәріпханқызының «Тәрбиенің тірегісің аналар» деген өлеңімен
бастағым келіп тұр:
Ұмытпаған ұлтын, асыл анасын
Жалғай бергін ағайынның арасын
Сәбиіне мейірім шашып шуақты,
Сезімменен сусындатқан санасын.

Ақылды еді аналарым таза еді
Пейіліне айтар ойы саз еді
Иман жүзді мейірімді болған соң,
Намыссыз ұл, әдепсіз қыз аз еді.

Ұсақталып кете ме деп ұрпағым,
Осы күнгі кей анадан қорқамын.
Арақ қатқан сүтпен бала емізіп,
Түтін сорған орынына сорпаның
.
Кіндік ашқан ,ұят қашқан қыз өссе,
Бозбаласы нашақор боп ер жетсе,
Аналардың әлсіздігі білінер,
Перзенттері көргенсіздік көрсетсе.

Отбасының берекесі саналар,
Тәрбиенің тірегісің – аналар.
Имандылық жүрегіңе кіргізіп,
Кезің келді ой-сананы жаңалар.

Жою үшін жұқпалы ауру індетін,
Таза ниет ту тіксінші күнбе-күн.
Мәдениетті,білімді, ұлтжанды ұрпақты
Тәрбиелеу аналық парыз міндетің, - деп міндетін, парызын өте жақсы білетін ата-аналар мен оқушылар ға кезек берсем:
I Таныстыру. Ата-ана өзінің аты жөнін, жұмыс орнын толық айтып, неше бала тәрбиелеп жатқаны жөнінде қысқаша тоқталады.
Баланың танысуы:
Халқымның әрбір сөзі ой талабы
Жүрегімнің түбінде сақталады.
Өсемін елін сүйер Нұрдос болып,
Ата-анамның еңбегі ақталады.

II Жанұя ұстанымы:
Жанұямызда береке бірлік сақтау, бір-бірімізге жанашыр болу.

III Үй тапсырмасы: ( Би,ән,өлең,сурет салып әкелу, қолөнер бұйымы.)

IY «Бала – адам жанының бағбаны». Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз ?

( Балалар бір топта,ата-аналар бір топта отырады,мұғалім сұрақ қойып тұрғанда жазбаша жауап беріп отырады, Ана мен бала жауабын әділ-қазы алқасы салыстырып тексереді.) Сұрақтар:
1.Балаңыз бос уақытын қалай өткізгенді жақсы көреді?
2.Балаңыз қандай тағамды ұнатады?
3.Балаңыз қандай жеміс-жидектерді сүйіп жейді?
4.Балаңыздың ең жақсы қасиеті қандай?
5.Балаңыз көбінде кіммен пікір бөліседі? Әкесімен бе? Сізбен бе?
6.Балаңыздың досы кім?
7.Балаңызға не үшін ренжисіз?
8.Балаңыздың қандай күлдіргі қылықтары есіңізде?

Y. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады,жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар.
1.Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2.Тозар елдің жаңжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)

3.Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар?(жерінен)

4.Ел қалаған ұл-қыздар –
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)

5.Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)

6.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа?(жүк)

7.Адам болатын бала қандай?(ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл.

8.Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.

9.Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер?(қатарына)

10.Кішіпейіл болғаннан
Кішірейіп кетпейсің.
Өркөкірек болғанмен,
Неге жетпейсің?((Ұлылыққа)

11.Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті кімнен үйрен?(данадан)

12.Қандай бала аяққа басылған шала?(әдепсіз)

13.Ұл-қыздан да жаман мінез шығады,
Қырсыз қылық тек кімдерден жұғады?(ата-анадан)

14.Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол кімнен тіле? (көптен)

15.Отанға опасыздық еткенің
Кімнің түбіне жеткенің?(өз)

YI Туысың сенің-ырысың
1.Оның шешесі сенің шешеңнің қайын енесі.Ол сіздің кіміңіз болады? (әкесі)

2.Оның әкесі менің күйеу балам. Ол менің кімім ? (жиен)

3.Менің шешем оның қызы. Ол менің кімім ? (нағашы ата)

4.Ол менің күйеубаламның жары.Ол маған кім? (сіңілі)

5.Оның апайы сенің ағаңның жары. Ол саған кім?(құдаша)
YII Адам болып қал балам.(Өлеңнің бір сөзі жасырылады, табу керек
Қиындықтан қаймықпай,
Қайда қадам бас, балам?(алға)
Дұрыс жасап таңдауды,
Адам болып қал,балам.

Жақсылықпен не (жамандық)
Қатар жүрер біл,балам,
Жақсылардың шын сөзін,
Құлағыңа іл,балам.

Сақ болмасаң ісіңе,
Жұғып қалар кір,балам.
Таза ұстап неңді (арыңды)
Жарқын өмір сүр, балам.

«Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос».
Деген халық нақылы
Қандай өмір болар бос.(зердесіз)

Атаң менен анаңа,
Далаң менен қалаңа.
Тілің менен неңе,(дініңе)
Адал болып қал, балам!

YIII Қорытынды: Әділ қазы алқаларына,өз еркімен пікірін білдірущілерге сөз беріледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тәрбиенің мақсаты-балаларымызды бізсіз де күн көре алатындай етіп оқытуымыз керек.Халық даналығы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» дегендей ата-аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбиелеуіміз қиын,сондықтан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар деп, - сөзімді қорытамын
Категория: Классному руководителю | Добавил: Руна (2013-05-03) | Автор: Каримова Нургуль Каримовна E
Просмотров: 13408 | Теги: отбасындағы сүйіспеншілік, Отан туралы, сынып сағаты | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2025-06-30, 3:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru