Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр» Мақсаты: Оқушылар бойына Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарынан хабардар ету. Көрнекілігі: Ел басы суреті, плакаттар,шарлар,Қазақстанның көрнекті жерлерінің суреті мен Е рәміздері. Барысы: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата - аналар қауымы. Бүгін міне 1-қыркүйек білім күні! Баршаңызды білім күнімен құттықтай отырып алдағы оқу жылында тек оқуда жеміс, табыс тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатымызда ел басы стратегиясы соның ішінде, Қазақстан ата қонысымыз, егеменді еліміз туралы сөз етпекшіміз. /әнұран орындалады/ Біздің Отанымыз- Қазақстан. Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды. Жаса елім, жаса достық бірлікпен, Көштен қалма, қалма және тірліктен. Елім менің – Қазақстан Отаным, Алға өрле үшінші мың жылдықпен Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. -Балалар біздің еліміз қалай аталады? -Қазақстан қандай ел? -Ел басшымыз кім? Еліміздің тәуелсіздігін, тұғырлығын, егемендігін айқындайтын қандай ел рәміздері бар? -Туымыздың түсі қандай, не бейнеленген? -Елтаңбамызда ше? -Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында еліміздің ПрезидентіН.А. Назарбаев белгілеген «бір халық - бір ел - бір тағдыр» идеясы 2013-2014 оқу жылындағы Білім Күнінің ұраны болуы тиіс. Президентіміз анықтағандай, «бір халық» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз – көркейген және гүлденген Қазақстан. Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену. Біздің жетістіктеріміз және біздің қазақстандық даму моделіміз жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс. "Қазақстан-2050" Стратегиясы – бұл біз кімбіз, қайда барамыз, 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап. Жас ұрпақты осы мәселе қызықтыратынына сенімдімін...» «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді Қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Мынадай бір аңыз бар: Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді. Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам. Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады. Қанша ұлт болсын, Қанша салт болсын, Ынтымағы жарасқан Мәдениетті ел болсын,- дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек. Олар бізге өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса. Жүргізуші: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді. Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады. Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді. Көз тойғысыз қазағымның жері бар, Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар, Қазағымның елін, жерін қорғайтын Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар. Міне, осындай егеменді еліміз, Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз. Туған елін, туған жерін сүйетін, Біз қазақтың ұланымыз, еріміз | |
Просмотров: 2118 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|