Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

“Бақытты балалық шақ” атты ойын-сауық
ШҚО Уржар ауданы
«Жаңа тілек» ауылы
Оскенбаева Динара Жумановна
“Бақытты балалық шақ” атты ойын-сауық
Балалар ән әуенімен музыка залына кіріп 3 қатарға тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар! Жиналған қауым! Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің “Бақытты балалық шақ” атты ойын-сауық кешін ашуға рұқсат етіңіздер.
Тілеймін шаттық думан өздеріңе,
Тілеймін дақ түспесін көңіліңе,
Тілеймін бақытты балалық шақ өмірлеріңе!
Айғаным: Біз бақытты баламыз, еркелеген
Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең
Туған жердің аймалап самал лебі
Отан –Ана біздерді мәпелеген.
Қандай жақсы бақытты балалық шақ
Қандай әсем ойнаған қозы мен лақ
“Құлыным” - деп әкешім еркелетсе
“Балапаным” – деп анам жаяр құшақ.
Әлімжан: Қарияның баласымын,
Бұлдіршіннің ағасымын
Сыйлап ата-аналарды
Қуантамын ағаларды.
Санжар: Шыңдай берем талабымды
Мен оқуда болам үлгі
Туған елдің ұлымын мен,
Туған жердің гүлімін мен.
Ислам: Ауласында ойнаймыз,
Ойнап қана қоймаймыз,
Жаңа қоныс, жаңа үйді
Әнге бөлеп тойлаймыз.
Ән “Мамыр-ай, мереке”
Көктемде шуақты
Жауқазын гүл атты
қ-сы: Мамыр-ай, мереке
Әкелді береке
Жер ғажап түрге енді
Бар әлем түрленді
қ-сы: Мамыр-ай, мереке
Әкелді береке
Сап түзеп гүл алдық
Ән шырқап қуандық
қ-сы: Мамыр-ай, мереке
Әкелді береке
Балалар орындыққа отырады.
Жүргізуші: Биле-биле осы кеште демекші тал шыбықтай бұралған қыздарымыздың орындауында “Түрік” биі.
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Еркежан: Жанға жайлы жаз болып,
Балалар жүр мәз болып.
Думандатқан көл бетін
Үйрек ұшып, қаз қонып.
Асанали: Маусым келді, жаз келді
Жер келбеті өзгерді
Көзің тоймай көретін
Жаз қызығы аз ба еді?
Нұрай: Жаз келді жастық
Даурен ажарындай
Сәулетті сұлу
Күннің назарындай.
Диляра: Қосылып ән саламыз
Кешке үйге қайтамыз
Біз көңілді баламыз
Ағалар-ау байқаңыз.
Жүргізуші: Бүлдіршіндердің орындауында “Балғындар маршы”
(балалар 3 қатарға тұрады)
Ән “Балғындар маршы”
Біз бала көктемгі
Гүлдей жайнаған
Біздерге қосылып
Бұлбұл сайраған
қ-сы: Жеріміз біздің көңілді
Жырлаймыз шаттық өмірді
Орман-тау қызығып
Бірге жырласын
Сәбидің арманын
Әлем тыңдасын
қ-сы: Жеріміз біздің көңілді
Жырлаймыз шаттық өмірді.
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Ойна-ойна осы кеште дегендей ұлдарымыз сайысқа түспекші, екі ұл келсін.
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Аружан Бала-бақша – үйіміз
Айтказина: Ағалардың сыйымыз
Серуендеп шығамыз
Таза ауаға жиі біз.
Аружан Бала-бақша бағында
Амангелді: Сайраңдаймыз таңында
Нақ өзімдей бүлдіршін
Көп достарым қасымда.
Даяна: Балабақша есігін үшке
Тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
Анель: Би билейміз бұралып
Тақпақ айтсам құба-құп
Хоштап қолды соққанда
Қаламыз-ау қуанып.
Жүргізуші: Балаларымыздың биі “Балдырған”
Би “Балдырған”
Жүргізуші: Ойна-ойна осы кеште дегендей қыздарымызды ойынға шақырайық.
Ойын “Көбелектер”
Ойын барысы: 5 қыз көбелек қанатын киіп гүлге қонып отырады. Музыка ойнағанда ұшып жүреді. Музыка тоқтағанда гүлге қону керек. Көбелектер ұшқан сайын бір-екі гүлді алып отыру керек, бір көбелектен ойыннан шығып отырады. Ең соңында жеңімпаз шығады.
Жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік.
Ән “Ойыншықтар”
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсаң
Ойыншықтар ұйықтайды
Айтқаныңнан шықпайды
Ал қозы мен қуыршақ
Ұйықта десем ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса
Тұрғызамын бұрышқа.
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Балаларымыз тақпақтарын айтып берсін.
Алуа: Бәрі де бар бақшада
Ойын бөлме, асхана
Орындық та, тақта да
Заттар да көп басқа да.
Қ. Ділнәз: Үйретеді еңбекке
Үйретеді білімге
Үйретеді әуенге
Таза болып жүруге
Бір-бірімен сыйласып
Татумыз біз бәріміз
Бал достықтың ұясы
Біздің балабақшамыз.
Б. Ділнәз: Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
Жүргізуші: Келесі кезекті тал шыбықтай майысқан қыздарымызға берейік.
Би “Қуырмаш”
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Әлмұрат: Тәрбиеші төзімді
Мейірімді балажан
Балалықтың қылығына
Кешіріммен қараған.
А.Зарина: Бұл құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы
Мұнда жақын туыстық
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Ернұр: Көңілді өтті күн бүгін
Ойын-күлкі жарасты
Қимай тіпті бір-бірін
Әрең үйге тарасты.
Жүргізуші: Балалардың орындауында “Балабақша” әнін қабыл алыңыздар.
Ән “Балабақша”
Кел, кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып, тіл дамытып
Үйренейік білімді
қ-сы: Білім бастауы бақшада
Кел досым, кел балабақшаға
Ертек айтып, әңгіме
Құрастыра білейік
Шынықтырып денені
Шымыр болып жүрейік.
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Міне, біздің шағын ғана ойын-сауық кешіміз өз мәресіне жетіп қалды. Біздің балаларымыз жыл бойы өз ата-аналарына көп қуаныш сыйлады. Енді біздің ата-аналарымыздың балаларға арнаған сахналық көрінісін қабыл алыңыздар.
Көрініс аяқталғаннан соң әр ата-анаға арнап өз алғыс хатымызды сыйлау.
Сонымен балалар мерекелерің құтты болсын деп, әр балаға шар сыйлау. Мерекеміз осымен аяқталған жоқ, топқа барып жалғастырайық.
Саппен музыка әуенімен шығу.
Категория: Классному руководителю | Добавил: akbota (2013-11-08)
Просмотров: 8549 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 10:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru