Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
ШҚО Уржар ауданы «Жаңа тілек» ауылы Оскенбаева Динара Жумановна Тақырыбы: “Үй жануарлары” (төрт түлік мал) Мақсаты: 1) Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларын атауға, олардың пайдасы, оларға қандай қамқорлық жасауға үйрету. 2) Сұрақ-жауап тәсілі бойынша диалог түрінде сөйлесуге үйрету, ұжымдылыққа баулу. 3) Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, сергіту сәті. Көрнекілігі: Ойыншық сиыр, ат, қой, ешкі, үй жануарларының суреті, оның төлдері, қарындаштар, ақ қағаз. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды тыныштандырып, жарты шеңберге отырғызып, назарларын ортаға аудару. Балалар бізге қонаққа “Бауырсақ” ертегісінен домалап, домалап бауырсақ келіпті,- дейді тәрбиеші. - Қане, не дейміз? - Сәлеметсің бе! - Балалар, бұл бауырсақ сиқырлы. Сендер сабақты мұқият тыңдасаңдар, шуламасаңдар – бауырсақ күліп тұрады, ал сендер сабаққа дұрыс қатыспасаңдар ренжіп тұрады. - Біз бауырсақты ренжітпейік, иә? Ал енді сабағымызды бастайық. Сабақ әңгімелесуден басталады. Тәрбиеші: - Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер? (сиыр, ешкі, ат, қой) - Неге оларды үй жануарлары дейміз? - Олар қайда өмір сүреді? (Үйде, адамдардың қасында) - Балалар, енді айтыңдаршы осы үй жануарларының қандай пайдасы бар? - Сиыр не береді? (Сүт береді, ет береді) - Ат (жылқы) не береді? (Ет береді, қымыз береді) - Қой мен ешкі не береді? (Жүн береді) - Адамдар жүннен не істейді? (носки тоқиды, киім тігеді) - Дұрыс, балалар, сендер үй жануарлары туралы көп біледі екенсіңдер. Енді мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешуін табыңдар: Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар (Қой) Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Төрт шылдырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар (Сиыр) Шаншып алып құйрығын Озып келді жүйрігім Ол не? (Ат) -Дұрыс, балалар, жарайсыңдар. Енді бір ойын ойнайық. “Енесінен тап” ойыны Балалар үй жануарларының баласын суреттен тауып, атын атайды, үлкен суреттің қасына қояды. Сергіту сәті: Жып-жылы таза суда Балық суда жүзуде Біресе керіледі, Біресе жиырылады. Ал бірде құмға тығылады. - Балалар, біз кішкене сергіп алдық, сабағымызды ары қарай жалғастырайық Тәрбиеші: - Мына суретке қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар? Балалар жауап бере алмаса тәрбиеші көмектеседі. Суретте әкесі мен баласы ат пен сиырға жем беріп жатыр, су беріп жатыр. Міне, балалар үй жануарларын күту керек, оларға жем беру керек, шөп беру керек. Қазір біз осы үй жануарларын күтейік, оларға шөп берейік. -Шөптің түсі қандай? (Жасыл) - Ендеше жасыл қарындашпен ақ бет қағаз алып шөптің суретін салайық. Балалардың жұмысын бақылау, көмектесу. - Жарайсыңдар, балалар! Сабақты қорыту: - Біз не туралы айттық? (Үй жануарлары туралы) - Қандай үй жануарларын білеміз? (Сиыр, ат, қой, ешкі) - Дұрыс, балалар. Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар. Бауырсақ сендерге күліп қарап отырды, сендерге әкелген сыйлығы бар екен (тәрбиеші қоржынды көрсетеді). - Мына қоржынға қараңдаршы бір-бірден салып ішінен сыйлығын алыңдар. - Бауырсаққа не айтамыз? - Рақмет! | |
Просмотров: 2242 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|