Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
ШҚО Уржар ауданы «Жаңа тілек» ауылы Оскенбаева Динара Жумановна Спорттық ойын-сауық «Біз көңілді баламыз» Сайыстың мақсаты: Спорттық ойындарды ойнай отырып, спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Көрнекілігі: Шарлар, газеттер, тақпақтар, грамоталар. Керекті құралдар: Кішкентай шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, геометриялық фигуралар, мотоцикл. Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Жүргізуші: Жеңімпаз болу оңай ма? Арман болған талайға. Болмасаңда ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Әуенмен сайысқа қатысушыларды қарсы алу, таныстыру. Жүргізуші: Ата-аналар, әріптестер бүгінгі «Кім жылдам?» сайысымызға қош келдіңіздер! Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. Әр кезең сайын 5 балдық жүйемен бағаланады. «Көбелек» биі. Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейік. 1-тапсырма «Доппен жарысу». 2- тапсырма «Мотоциклмен жарысу». 3- тапсырма «Мозайка арасымен жүгіру». 4-тапсырма «Тәтті жүгері жеп жарысу». 5-тапсырма «Үй, күн жапсыру». 1-тапсырма «Доппен жарысу». Шарты: әр команда мүшесі допты қолдарын алып, кедергілерден өтіп, келесі ойыншыға допты береді. Сөйтіп барлық бала өтіп, бірінші келген топ жеңіске жетеді. 2-тапсырма «Мотоциклмен жарысу». Ойынның шарты: әр команда мүшесі мотоциклге мініп, кедергілерден өтіп келеді. 3-тапсырма «Мозайка арасымен жүгіру». Ойынның шарты: әр команда мүшесі жылдам, мозайкаларды құлатпай арасымен жүгіріп келу. 4-тапсырма «Тәтті жүгері жеп жарысу». Ойынның шарты: әр команда мүшесіне үш тәтті жүгері беріледі. Олар кезек-кезек жүгеріні жылдам тауысып жеулері керек. Бірін-бірі тосады. 5-тапсырма «Үй, күн жапсыру». Ойынның шарты: әр үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек фигуралары, желім, қағаз беріледі. Олар топ болып, үй мен күнді жылдам әрі әдемі, таза етіп жапсырулары керек. Қорытынды: Жүргізуші: Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау. Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт денген сөзді, Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші Сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. | |
Просмотров: 3515 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|