Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы: Мен Қазақстанның азаматымын Мақсаты: Қазақстан Республикасы жайында танымдарын кеңейту; Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Туған жер» тақырыбында слайдтар, суреттер, гель шарлары Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал: Амансың ба, ашық күн, Амансың ба, көк аспан. Амансың ба, туған жер, Амансың ба, ел-жұртым Тыныштықты тілеген. Амасың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам! ІІ. Кіріспе: Құрманғазының «Адай» күйі ойналады. Мұғалім: Домбыраның үнін естідіңдер ме? Осы әуенді естігенде, көздеріңе не елестейді? Оқушылар: Асқар-асқар таулар, дария көлдер. Кең далада жайылған жылқылар, ақылгөй аталар мен әжелер. Мұғалім: Осы айтылған сөздеріңе бір ортақ атау берейікші, кәне, кім айтады? Оқушылар: Отан, атамекен, туған жер. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. « Отан » деген қасиетті, әр адамның жүрегіне жылы тиетін сөз. Отанымызға сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізер едіңдер? Оқушылар өлеңдер оқиды. 1 оқушы: Гүлге толы кең жазық, Күйге толы жота, құм. Жыр тербеген жел нәзік – Қазақстан - Отаным ! 2 оқушы: Байлық шашқан сияқты Жер бетіне нұр таңым. Құшағы кең шуақты Қазақстан – Отаным! 3 оқушы: Кенге толы қойнауы, Төлге толы жайлауы. Ол- біздің Қазақстан! Мұғалім: Тәуелсіздіктің шежіресіне көз жіберейік (слайдтан атаулы жылдар оқылады) Мұғалім: Отанды өркендететін, дәулетін арттыратын кімдер? Оқушылар: Сол жерді мекендейтін адамдар, азаматтар. Мұғалім: Азаматтар өз елін көркейту үшін қандай еңбектер жасайды? Оқушылар: Экономиканы, білімді, өнерді, халықтың тұрмысын жақсарту үшін еңбек етеді, Отанына қызмет жасайды. Мұғалім: Дұрыс, сендердің де орталарыңнан Отан қорғаушылар, саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, өнер адамдары, спортшылар, суретшілер шығатынына сенеміз. Ал, енді, балалар, болашаққа саяхатқа шығайық, қиялға берілейік. Сен ер жетіп, азамат болғанда Отаныңа қандай қызмет жасар едің? Оқушыларға сөз беріледі. 1-оқушы: Мен жазушы болып, тәуелсіз елімнің тарихын жазар едім. Мысалы былай: (шығарма оқылады) 2-оқушы: Мен болсам, әнші болып қазақ елінің өнерлі халық екенін әлемге мойындатар едім. «Атамекен» әні орындалады. 3-оқушы: Мен ақын болып, Отанымды жырлар едім.(өз өлеңін оқиды) 4-оқушы: Мен болсам, суретші болып, Қазақстанның сұлулығын бейнелер едім.(суретін көрсетеді) 5-оқушы: Мен спортшы боламын, Еліме алтын медаль әкеліп, жеңісімді сыйлаймын.(өз өнерін көрсетеді) Мұғалім: Отанымыздың ертеңі – сендердің қолдарыңда. Тәуелсіз мемлекетіміздің ғасырдан-ғасырға тамырын тереңдету үшін әр азамат өз үлесін қосуы керек. Топтық жұмыс: Оқушыларға гельдік шарлар ұсынылады. І топ «Отан» ІІ топ « Қазақстан азаматы» ІІІ топ «Астана» Тапсырма: Әр топ өз атауларына байланысты арман-тілектерін жазады.(әр оқушы өз тілегін оқиды) Мұғалім: Осы шарларды аспанға ұшырайық. Сендердің жазған тілектерің орындалсын. «Астана» әні шырқалады. Мұғалім: Өсер елдің келешегі – өскелең ұрпағы. Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Біз сендерге сенеміз. | |
Просмотров: 5861 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|