Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Құрметті асыл Аналар, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан,қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар,көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де, Сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық уақытта шыдамдылықпен,мейіріммен,ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі, балалық сезіміміз, әсем әніміз,көңілді күйіміз,демалыс кешіміз, сайысымыз, сіздерге арналады. Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің мерекесі бүгін анық Өмірдің көктемі де, гүлі аналар, Ана деп бас иеді күллі халық, дей келе бүгінгі сайысымызды бастамақпыз. Бүгін сайысқа түсіп отырған аналарымыз және балаларымен таныс болайық. 1) 2) 3) 4) Қошеметпен қарсы алайық. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 1кезең – Таныстыру 2 кезең- Қолөнер 3кезең - «Анаға қарап- қыз өсер, әкеге қарап-ұл өсер» демекші Өнер сайысы. 4кезең- «Баланың тіл-бал» Аналарын бүгінгі мерекемен құттықтау тілектірін ,жылы лебіздерін білдіру.Енді осы сайыскерелерімізді әділ бағалап отыратын әділ-қазы алқаларымен таныс болайық. 1) 2) 3) 4) Қошеметтеп қояйық. Енді сіздердің алдарыңызда 2 сынып оқушыларының дайындаған патриоттық би «Қара жорға» қошеметпен бишілерімізді қарсы алңыздар.Рахмет сіздерге. Ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді сахна төріне шақырайық. Ана-бұл сөз әр халықтың тілінде бар. Бұл сөз әр анаға нәзік,мейірімді жылы естіледі. Қазақ тілінде-ана, орыс тілінде-мама,ағылшын тілінде-мазэ. 1) 2) 3) 4) Қазір бізде 1кезең- таныстыру .әр сайыскер өздерін таныстырып кетсе. Жақсы қолшапалақтап қояйық. Сайыскерлерімізге әділ –қазы алқалары 1 кезең бойынша бағаласа. Рахмет әділ қазы алқаларына. Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша бізге 3 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетпек. Ән-шашу қабыл алыңыздар.Көп-көп рахмет. Келесі кезеңіміз «Қолөнер» сайысы.әр ата-ана үйден бір зат немесе егер аспаз жағынана жақсы болса, сүйікті тағамын да дайындап, таныстырп әділ-қазы алқасына көрсетулері керек. 1) 2) 3) 4) Әділ-қазы алқалары 2 кезең бойынша бағаларын берсе. Рахмет. Біздің балалар аналарына, әжелеріне өлең шумақтарын жаттап, сахнаға шығып айтпақшы. Қарсы алыңыздар! Біз доспыз гүлдермен Текке оны жұлмаймыз Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймыз Қашанда мәлім маған,ана,сырың Өзің ғой қуанышым ,жан ашырым Атыңа ана деген тең көрмеймін Жаһанның жиып берсе бар асылын Еркелесем күлімдейтін Ұрысқаны білінбейтін Маңдайымнан иіскеп менің Құлыншағым күнім дейтін Ақ арман-аппақ анам Өзіңсің бақ та маған Шығамын ақ сүтіңді Қалайда ақтап , анам Әлпештеген, аялаған Ақ сүт берген анашым Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын Достықты біз ойлаймыз Бірге күліп ойнаймыз Қыздарды да құттықтап, Мерекесін тойлаймыз. Жамандықтан сақтандырып, Жақсы ісімді мақтан қылып Мәпелеген ақ мамамды Жүрсем деймін шаттандырып Қанекей жезтаңдай бүлдіршендерімізге қол шапалқақтап қояйық. Рахмет сендерге. Келесі сайысымызды жалғастырайық. Келесі «Анаға қарап-қыз өсер, әкеге қарап-ұл өсер» демекші енді сайыскерлерімздің өнерлерін сынайық. 1) 2) 3) 4) Әділ қазы бағалары. Әуезі ән , жаны раушан,күй жүрегі Шел басқан сезімді де идіреді Келгенде арулардың мерекесі Гүл майысып, аспанды күн кереді-, деп сіздердің алдарыңызда барлық отырған аналарды құттықтай келген Арманқызы Аружанды «Мамам» деген өлеңімен ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар. Рахмет Аружан. «Баланың тілі-бал» деп аталатын келесі сайысымызға балаларды ортаға шақырамыз. Әр бала өз анасын келіп қалған 8 наурыз мерекесімен құььықьап жылы лебіздерін, тілектерін айтып жеткізуі керек. 1) 2) 3) 4) Әділ-қазы бағалары. Енді сіздерге дайындаған өзімнің сыйымды ұсынбақпын. Мен шашқа әртүрлі сән үлгісін жасағанды ұнатамын, сол себептен сіздің алдарыңызда кішкентай періштелеріміз сән үлгісін көрсетеді. (әуенмен «дорожка 12») Әділ-қазы алқалары барлық сайыстың қорытындысын шығарғанша мұғалімдер атынан да жиналған қонақтарға бір көрініс ұсынсақ ба деймін? Мерекелік сый Расул Ғамзатов ағамыздың мынадай сөзі бар: Ана дегеніміз-әлемнің жан-дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Ол тіршілік,үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. Ана сөзі бізді елең еткізбей,жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. | |
Просмотров: 1426 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|