Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Ш.Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шарипова Женисгуль Жанабаевна Тақырыбы: Бейбітшілік сабағы Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бейбітшілікке жетелеп, патриоттық сезімдерін арттыру. Оқушыларды өз елін, Отанын, жерін, тілін сүйіп, құрметтей білуге баулу. Көрнекіліктер: Қазақстанның әсем жерлері бейнеленген суреттер. Әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап. Жаңа сабақ: І.Топтастыру құру:бейбітшілік – Отанды сүю, бірлік, татулық, достық, соғыссыз тыныш өмір сүру және т.б. ІІ.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1981жылғы 36 сессиясында БҰҰ–ның Жарғысына сәйкес Бейбітшілікті халықаралық және ұлттық деңгейде қолдау мақсатында арнайы күн белгілеу жөнінде шешім қабылданған болатын. Сол жылдың 30 қарашасында Бас Ассамблеясының қорытынды қарарына орай, қыркүйетің үшінші аптасының сейсенбісі, яғни БҰҰ–ның кезекті сессиясы ашылатын күн – Халықаралық бейбітшілік күні деп белгіленеді. Алғаш рет бұл күн БҰҰ–ның штаб пәтерінде 1982 жылдың 21 қыркүйегінде, яғни БҰҰ Бас Ассамблеясының 37 сессиясы ашылған күні атап өтілді. Ал өткен жылдың қыркүйегіндегі БҰҰ–ның қарары бойынша 2002 жылдан бастап Халықаралықбейбітшілік күнін жыл сайын қыркүйектің 21–нде атап өту белгіленді. Бұл даталы күн БҰҰ–ның мүшесі ретінде Қазақстанда да кең көлемде аталып өтіліп, соған сәйкес түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, елордадағы Президенттік мәдениет орталығында «Адамадар соғысты қаламайды» және өнер мұражайындағы «Әрқашан күн сөнбесін» деген тақырыптардағы кітап көрмесі мен балалар қолымен салынған сурет көрмесі алапат соғыс пен бейбітшіліктің аражігін ашып береді. Мұндай шаралардан облыс орталықтары басқа қалалар да сырт қалмады. Көптеген жоғары оқу орындарында, білім және мәдениет мекемелерінде бұл мереке кең көлемде атап өтіледі. Жаңа сабақты бекіту: І. Отан, бейбітшілік, туған ел туралы мақал-мәтелдер жарысын қатар бойынша өткізу. ІІ. Бейбітшілік туралы өлең шығару Мысалы: Не? Отан Қандай? Жылы, тәуелсіз Не істейміз? Қорғаймыз, қуанамыз Бізге не береді? Нәр, күш, қуат ІІІ. Бейбітшілік тақырыбына байланысты өлең оқу. ІV. Сұрақ–жауап: А) Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? 15ғ Ә) Ақтабан шұбырынды қай ғасыр оқиғасы? 15ғ Б) 1923-33 жылдарда 2,2миллион халық опат болған қай оқиға? Ашаршылық В) Ұлы Отан Соғысы болған жылдары? 1941-1945 Г) 16 желтоқсанда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? Тәуелсіздік күні Д) 25 Қазанда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? Республика күні Е) 30 Тамызда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? Конституция күні Қорытындылау:Бейбітшілік – ел ырысы деген сөзді қалай түсінесіңдер? Үй тапсырмасы: «Біз бейбітшілікті қорғаймыз» тақырыбына шығарма жазу. | |
Просмотров: 3295 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|