Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Шілдехана той
Қойылымға қатысатындар: Ата, әже, әйелдер мен ер адам, жігіт пен қыздар, сәби мен балалар.
Дикарация: кереге, төселген кілем, төсеніш, көрпелер, дөңгелек үлкен үстел, сандық, бесік...
/осы кезде іңгәләп дүниеге келген сәби үні шығады да ол алыс аймаққа тарап жатады. Екі баланың асыға жүгіріп, жарыса дауыстаған қуанышты үндері естіледі /
Кішкентай қыз бала: /3 сынып оқушысы/
-Сүйінші, Сүйінші! Жамал жеңгем босанды!
Кішкентай ұл бала: /3 сынып оқушысы/
-Сүйінші! Менің жеңгем босанды!»
/үй ішінде дастарқанды қоралай отырған ер-әйелі, кәрі-жасы аралас адамдар тобы көрінеді /
1-жігіт: /төрде отырған ақсақалға қарап /
-Ақсақал, келініңіз аман-есен қол-аяғын бауырына алып, немерелі болды-
ңыз, немереңіздің бауы берік, жасы ұзақ болсын!
2-жігіт:
-Балаңыздың бауы берік болсын!
Ақсақал: /өте тебіреністі бейнемен /
– Айтқандарың келсін!
1-қыз:
-Қазақ халқының өмірі – өлеңмен өрнектелген өмір. Оны іңгәләп өмір есігін өлең-жырмен ашады
2-қыз:
- Данышпан ақынымыз ұлы Абай айтқандай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»
3-қыз: / ол да төрде отырған ақсақалға қарап /
-Ата, міне бүгін жеңгеміздің аман-есен босанып, тағы бір немерелі болған қуанышымызға ауыл жастары құтты болсын айтып, шілдехана күзетуге келіп отыр.
/Қазақ халқы Шілдехана мәнін, туған нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге айналдырған. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындағаны/
Қыз бала: /5 сынып оқушысы/
-«Шілдехана күзетуге келді» деп неге айттыңыз?
1-қыз:
-Шілдехана-баланы жын- шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр ғой.
4-қыз:
-Сондықтан, айналайын сіңілім, шілдехананы кейде «шілдекүзет» деп те атаған.
Қыз бала: /5 сынып оқушысы/
- А, солай ма екен? ! /түсінгендей болды/
1-жігіт:
-Ата, осы шілдехана тойын өзіңіз ата дәстүріміз бойынша ақ батамен бастап беріңіз?! / Дастарқан басында отырғандардың барлығы қолдарын жая ақсақалға қарайды /
Ақсақал:
-Аумиін! / көтеріле отырып, тамағын қырнап алғаннан кейін қолын жая /
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті:
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын!
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын,
Шұғылалы шуақты күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын!
2-Жігіт:
-Аумиін, айтқаныңыз келсін.Берген батаңыз періштелердің құлақтарына шалынсын.
5-қыз:
–-Шілдехана-жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той ғой.
3-қыз:
-Аталарымыздан «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады» деген сөз қалған еді. Сіздер бүгін жас сәбиді өмір есігін аштырған ерекше құтты қонақ болып отырсыздар. Таң атқанша домбыра тартып, би билеп, өлең айтайық!
4-қыз:
- Ал онда, «Бекер қарап отыру жараспайды» дегендей, шілдехана тойымызды бастай берейік, дәстүр бойынша бүгінгі сауығымызды бимен бастайық.
/би «Домбыра» 5 сынып оқушы Ярухина Кристина/
Биші қыз бала:
-Мен сіздерге қазақ халқының «Домбыра» биін билейін.
1-қыз:
-Ой, міне, бәрекелді, тойымыз басталып та кетті. Мына баланың кәдесін берейік./билеген қыз балаға кәдесін береді/
1-жігіт:
-Кәне, қонақтар, өнерлеріңіз болса көрсете отырыңыздар?!
1-қыз:
-Ал, шілдехана тойымызды дәстүр бойынша «Салттық айтыспен» бастайық. Кәне кімдер айтысады?
/ көпшіліктің ішінен бір қыз бен бір жігіт жұптаса қалады/
2-қыз:
Базардан алып келген боз белбеуім, құрбым-ай.
Қарашы мына тойдың кез келгенін, құрбым-ай.
Көп айлар көрмегелі көп жыл болды, құрбым-ай.
Жүрсің бе аман-есен көз көргенім? құрбым-ай.
2-жігіт:
Әріптес алдыменен ән бастадың,еркем –ай.
Сұрасып амандықты дәл бастадың, еркем –ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болса, еркем –ай.
Дін аман, ауыл-аймақ, мал-бастарың, еркем –ай.
2-Қыз:
Әуелде жаратылдық бала болып, құрбым-ай.
Анадан кім туады дана болып, құрбым-ай.
Тәй-тәйлап, тәрбиелеп жеткізеді, құрбым-ай.
Өсірген ата-анасы пана болып, құрбым-ай.
2-Жігіт:
Алтай тау тамам таудың ағасы екен, еркем –ай.
Үліңгір құйып қойған сабасы екен, еркем –ай.
Сырлы аяқ, сырлы піспек дегендейін, еркем –ай.
Жайқалған жағасында қоғасы екен, еркем –ай.
2-Қыз:
Алтайдың Ертіс деген жайығы бар,
Жайықтан өтетұғын қайығы бар.
Қар жауса қамшы бойы, жұт болады,
Қайықтың су бойында дайыны бар.
2-Жігіт:
Көрінген содан бері Орқашарды,
Тауынан айқайласаң аң қашады.
Жер-жердің атын біліп, өлең айтсам,
Қорымсу, Маралсумен айқасады
2-Қыз:
Әсем тау, оқалы орман жамылып ап,
Қосылып кербездене жатыр сұлап.
Жарқырап сайларынан мөлдір бұлақ,
Жамырай бөктеріне түскен құлап.
2-Жігіт:
Боғдамыз ардақты жер асыл маған.
Алтындай сезіледі тасың маған.
Азырақ жер-суымды өлең еттім,
Осымен «Тау өлеңім» болсын тамам.
2-Қыз:
Ән салсаң өзімдей сал есілдіріп,
Сұлудай суға түскен шешіндіріп,
Азырақ жер-суымды өлең еттім,
Хош, аман бол, көргенше есіл жігіт.
Қайырмасы:
Еркем, еркем ,еркем-ай,
Еркелеген еркем-ай,
Еркелеген еркемді,
Еркелете берсем –ай.
2-жігіт: / күле орнынан тұрып /
-Мен де бірталайдан бері өзімше ақынмын деп, жүрт ішінде өлең айтып жүрген едім. Байқасам, мына қарындасымды тап бүгін жеңе алмайтын тәріздімін. Сондықтан қарындасыма жолымды беремін. Мына бір жүзікті көзімдей көріп, саусағыңа тағып жүр, қарындасым.
/ Жүзікті саусағына кигізеді/
2-қыз: / ол да орнынан тұрып келіп /
-Рақымет аға! Сіз де мына бір бет орамалмен жүзіңізді сүртіп жүріңіз!?
/ Қалтасынан орамал-шыт алып ұсынады/
Күйші қыз бала: / ыңғайсызданғандай болып / /6 сынып оқушысы/
- Мен де әншілік те бишілік те өнер жоқ еді. Сөйтседе, мынау жаңадан дүниеге келіп отырған сәбидің құрметі үшін бір күй шертіп берейін. Домбыраны жақсы тарта алмаймын. Келмей қалған жерлері болса ғапу етерсіздер!?
/Күй орындалады /
5-қыз:
-Ой, құтты қонағым, өзің асқан күйші екенсің-ау! Рақымет саған, айналайын!
/Шілдехана тойында жаңа босанған әйел үшін қалжаға сойылған малдың еті ортаға келгенде жөн білетін бір кісі омыртқаны қолына алып, оның етінен әйелдердің бәріне ауыз тигіздіртіп, әбден мүжіп, тазартады да, сүйекті тобылғыға тізіп, үй ішіндегі биік жерге іліп қояды. Мұнысы – баланың мойны тез бекісін деген ырым/

4-қыз: /қасындағы халыққа қарап айтады/
-Қалжаға сойылған малдың етінен ауыз тиіңіз.
/ Жастар осындай думанмен отырғанда шілдехананың дастарханын басқарып журген әйелдер «қалжаға сойылған малдың омыртқасынан ауыз тимедік, ең құрығанда бірін мүжуге тісімсіз тимеді» деп аяқ астынан өкпелейді. Сол үшін іштеріндегі бір шебері он екі омыртқаның еті-нен бәріне ауыз тигізу керек, мұнтаздай ғып мұжытуы керек. Тап-тақыр болған омыртқалар-ды әбден болған соң бір тобылғыға тізіп үйдің ең бір жоғары жеріне ілу керек. Бұнысы – ба-ланың мойны тез бекісін деген салт. Бұл тезілген сүйек тамда болса төбедегі арысқа, киіз үй-де болса уықтың қарымына ілінуі керек. Сол күні әлгі өкпеші әйелдер төрдегі бас пен жам-бастан ауыз тимесе өкпелемейді. Ал омыртқаны мұжуға қатыспаса ат кекілін кесуге дейін барады. Мұның себебі әйел затының бәрі де бала табуға құштар. Сондықтан қалжаның омыртқасынан ауыз тиюді, өздері де осы әйел құсап тезірек босанармыз деп ырымдайды. Болмаса жайшылықтағы омыртқаға қарай ма олар. Қарағаны сол, «сүйек-саяқ беріп қорла-уын қара» деп лақтырудан ерінбейді. Қалжаға арнайы сойылған мал етінің омыртқадан бас-қасының бәрін босанған әйел өзі жеуі керек. Өйтпесе белі тез бекімейді. Көшпелі тіршілік-тің қатты-қайырымына тез қосыла алмайды/
5-қыз: /келесі қыз жалғастырады/
-Омыртақадан ауыз тиіңіз.
1-қыз:/ жан-жағына қарап күлімдейді:/
-Оны мүжіп болған соң не істейміз?
4-қыз: /қасындағы халыққа қарап айтады/
- Бір тобылғыға тізіп үйдің ең жоғары жеріне іліп қоямыз.
5-қыз:/отырған халыққа қазақ халқының ырымын түсіндеді/
-Баланың мойны тез бекісін деген қазақтың ырымы ғой.
Ақсақал:
-Аумиін
1-қыз:
-Қазақ халқында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз бар. Баламызға ат қояйық.
Отырған халық: /бәрі/
-Иә, иә...
1-жігіт:
-Ортамызда жасы үлкен ауыл ақсақалы бар. Баланын атын сол қойсын.
/келіні сәбиді ақсақалға апарады/
Ақсақал:
-«Сенің атың Нұрбол» / деп үш рет қайталанады/ Өмірін нұрлы болсын,
ата-анаңа , еліне нұрын жаусын.
Бір үйдің баласы болма,
Бүкіл елдің санасы бол!
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Бүкіл елдің ағасы бол.
Өзіңе-өзің берік бол,
Халқыңа әділ бол!
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
1-жігіт:
-Ал, ата, енді асымызға бата беріңіз!
Ақсақал:/ асқа бата беру /
-Асын,асын асыңа,
Бақыт қонсын басыңа!
Денсаулығын зор болсын,
Дастарқаның мол болсын!
Қайда барсаң алдыңнан,
Жарқыраған жол болсын!
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!

Источник: http://collegy.ucoz.ru/
Категория: Классному руководителю | Добавил: Agaysha (2014-01-22) | Автор: Агайша Ахметова E W
Просмотров: 3177 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru