Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Киіз ұй - Ашық сабақ
Дайындаған: Жезқазған қаласының №133 негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ахметова Агайша Кудайбергеновнва

Сабақтың тақырыбы: «Киіз үй» /9 сынып/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың киіз үй тақырыбы туралы сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айты-лым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әре-кетіне жетелеу.

Тәрбиелік. Қазақ халқының тарихын, рухани-мәдени байлы-
ғын және тұрмысын білу, ізгі құндылықтары мен қасиеттерін тануға баулу.

Дамытушылық. Алдын ала зерттелген материалды қорытын-
дылау, нәтиже шығару. Сөздік қорын байытып, сөйлеу дағды-
ларын дамыту.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: тікелей
Көрнекіліктер: плакат, сөздік, сурет, тірек сөздер, бағдарсызық,
қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабақтың дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру: киіз үй туралы мәліметтер, киіз түрлері,
Киіз үйдің ішкі бейнесі, тыйым сөздер, бата сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.

3. Жаңа тақырып: «Киіз үй»

1/ Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Оқушыларды сабаққа дайындау. 2 топпен таныстыру.
1 топ - «Кереге» тобы.
Ұраны: «Кереген кең болсын, терезеңмен тең болсын!»
2 топ -«Шаңырақ» тобы.
Ұраны:«Шаңырағын биік болсын, босағанмен берік болсын!»

Мұғалімнің сөз:
Сендердің айтып кеткен ұран сөздерінің бәрі ақ батаға жатады.
Қазақ халқы киіз үйге байланысты көптеген ойлы ұғымдар, қа-натты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тыйым сөздер шығар-ған. /өз ойын жеткізе алады/

Мысалы: ұғымдар: «Шаңырақ көтерді», «Түндігі кеш ашыла
тын келін» /келіні жалқау дегенді білдіреді/
ақ бата: «Түндігің түтінді болсын!»

2/ Үй жұмысын тексеру кезеңі:
1 – тапсырма.Мұғалімнің сөз:
«Киіз үй» тақырыбына байланысты тыйым сөздерді іздеп,
мағынасын ашып, түсіңдіріңдер. Қазақ халқында тыйым сөздер көп. Олар арқылы балаларына тәлім-тәрбие берілген. Оларды ес-
те сақтап жүріңдер:

1-топ
1. Керегені керме
2. Табалдырықта тұрма / босағадан атап өту керек екен /
3. Есікті теппе /үйдің есігін, үйді, малды тебуге болмайды/
4. Үйге жүгірме /үйге қарай аяндап жүру керек/
5. Үйді айналма /жаман іс болғанын білдіреді/
2-топ
6. Үйде ысқырма /ақша болмайды дейді, жаман болады дейді/
7. Есікті қатты жаппа /үйдің есігін абайлап жабу керек/
8. Бақаннан аттама
9. Басыңды босағаға беріп ұйықтама /басын төрге қарай беріп ұйықтама/
10.Ауылға атпен шауып келме./Суық хабардың белгісі демеу үшін/

Мұғалімнің сөз:
Тыйым сөздерді не үшін білуіміз керек?
Оқушылардың жауабы:
Жамандықтан сақтану үшін, тәрбие алу үшін, көп нәрсені білу үшін, адамдардың қарғысын алмау үшін, есімізде осы сөздер қалу үшін , жамандық жасамау үшін керек...

3/ Жаңа тақырып:«Киіз үй»
ДСТ. Сергіту сәті/өздріне жасату/.
«Киіз үй» тақырыбына алдын ала материал жинадық, таныстық.
2- тапсырма.«Киіз үй» тақырыбына қатысты тірек сөздерді бағ-дарсызыққа орналастырып жазыңдар. Киіз үйдің бөлшектері тура-лы тірек сөздерді қолдана отырып, шағын мәтін құрастырыңдар.

1-топ 2-топ


киіз үй шаңырақ




босаға кереге, уық

Мақсаты: 1.тақырыптағы ең керекті дегенін жазып алады
2.тақырыпты тез меңгеруге қолайлы
3.сызыбаға қарап сөйлем, мәтін құрастыруға болады

Бұл жиналған қысқа материалдары .
Киіз үй-көшпелі халықтың баспанасы
-қысы-жазы тұратын баспанасы
-қолайлы –ыңғайлы баспанасы
-тез тігеді,құрайды
-қыста жылы,жазда салқын
-киіз үйдің «қаңқасы»,«сүйегі» деп атайды
-қаңқасы,сүйегі: шаңырақ,кереге,уық,есік-сықырлауық.

Шаңырақ /-тың / маңызы зор
-үй,әулет,отбасы деген мағынада айтылады
-ерекше бөлігі
/ -ты/ «Қара шаңырақ» деп атайды
/ -ты/ жаңартпайды
/ -ты/ ер адам көтереді.

Кереге- тігу оңай емес
-биіктігі 2 метрдей
-3,4,5,6,8,12,18,24,30 қанатты болады
- 30 қанат хан ордасы
/-нің/ әр бөлігін «қанат» деп атайды.

Босаға-ерекше бөлшегі
-маңдайшадан тұрады
-табалдырықтан тұрады
-екі жақтағы ағашты «таяныш» дейді
-сықырлауық-есік орнатылады.

Уықты - шаңыраққа шаншады
-керегеге баумен байлайды.

Киіз/-дің/ 4 түрі бар
- туырлық,үзік,түндік,киіз есік
- туырлықпен керегені жабады
- үзікпен уықты жабады
- түндікпен шаңырақты жабады.
3- тапсырма.
Мұғалімнің сөз:
Киіз үйдің бөлшектерін жақсы білесіңдер. Енді киіз үйді сурет бойынша тігу,орын-орындарына дұрыс қою. Сурет бойынша сыртқы бейнесімен таныстырыңдар.

1-топ. «Киіз үйді тігу» 2- топ. «Киіз үйдің сыртқы бейнесі»

Киіз үй бөліктерін жазып көрсет:

4- тапсырма.
Мұғалімнің сөз:
Киіз үйді тігтік, сыртқы бейнесін білдік. Енді киіз үйдің ішіне
кірейік. Киіз үйдің іші неше бөлімге бөлінеді?
1 топ- сол жақ пен оң жақты толтыру.
2 топ- төр мен от орынын толтыру.

Төр сол жақ оң жақ от орыны



Бұл тапсырмаға осындай жауапты қолданады.

Төр сол жақ оң жақ от орыны
1.Мұнда жүк жиналады.
2.Қонақтар орналасады.
3.Бұл киіз үйдің жоғары, сыйлы орны.
4.Жас кеіндер бұл жерде отырмайды. 1.Үй иесінің отыратын және жататын орны.
2.Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады.
3.Оны шимен жауып қояды. 1.Балалар орналасады.
2.Босаға жаққа қарай
ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
1.Қасиетті орын болып саналады.
2.Мұнда от жағылады.
3.Қазан асылады.

5- тапсырма.
Танымдық қабілеттерімізді артыру үшін жиналған материал-дарды қайталап шығайық. Осы материалдар тарих пәнінде, көр-
кем әдеби шығармаларында, бейнелеу өнерінде, геометриалық, математикалық жағынанда көп қарастырылған.
1 топ- сызбаны толтыру.
Киіз үй 3 бөліктен құралады:
1.
2.
3.
Шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері.


2 топ- сызбаны толтыру.
Киіз үйдің түрлері.


8.Алтын үзік /24 қанат/

Қазақы киіз үйлер түрлері:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.

Бұл тапсырмаға осындай жауапты қолданады.
Киіз үй 3 бөліктен құралады:
1.Үйдің сүйектері /ағаштан тұратын бөіктер/
2.Киіздері /туырлық,үзік,түндік, киіз есік/
3.Бау-шулары /баулары мен басқұр,арқандары/

Шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері.


қос жаппа
Абылайша жолым үй
Күрке ас үй
кепе қалқа итарқа


Киіз үйдің түрлері.

қазақы қалмақы


Қазақы киіз үйлер түрлері:
1.Қара үй /3 қанат/
2.Қоңыр үй /4 қанат/
3.Боз үй /5 қанат/
4.Ақ үй/6 қанат/
5.Ақ ала орда /8 қанат/
6.Ақ орда /12 қанат/
7.Ақ шаңқан /18 қанат/
8.Алтын үзік /24 қанат/
9.Алтынорда /30қанат/

«Тілді шынықтыру»
6- тапсырма. Берілген жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқыңдар.

1 топ- жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқу.
Бір қыз кесте тікті,
Кестені түсте тікті,
Кешке тікті
Құрақ құрап көкөтеді,
Қырық құрақ көрпе көктеді.

2 топ- жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқу.
Ала-ала алашалар,
Тамаша олар.
Оған кім таласа алар,
Алашаларды,
Таба алса алар.

Қорытындылауға арналған танымдық тапсырмалар
7 –тапсырма. Сөйлемнің дұрыс- бұрысын анықтаңдар.
1 топ
----------- 1. Киіз үйді соғады.
----------- 2. Киіз үйді керегеден бастап тігеді.
----------- 3. Шаңырақты әйел адам көтереді .
----------- 4. Керегенің биіктігі 2 метрдей болады.
2 топ
----------- 5. Үйдің қанқасы: туырлық, үзік, түндік.
----------- 6. Шаңырақты «Ақ шаңырақ» деп атайды.
----------- 7. Керегенің әр бөлігін «қанат» дейді.
----------- 8. Киіз үй- көшіп- қонуға ыңғайлы.

8- тапсырма. Сөздерді жұптастырыңдар

1 топ-сөздерді жұптастырыңдар
қабырғасын оң қанат
төбесін сықырлауық
Киіз үйдің дейді
есігін кереге
оң босағасын шаңырақ

2 топ -сөздерді жұптастырыңдар.
керегесін жабатынды қанат
төбесін жабатынды сол қанат

Киіз үйдің дейді
сол босағасын туырлық
жиналған керегесін түндік

9- тапсырма.Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңдар.
1-топ
1. халқымыз/ жартысында / балшықтан/ сала бастады. /екінші/
/ шымнан /қыстық үй / 18 ғасырдың / ғана/
__________________________________________ .
2. орын / қазақтардың / қолөнер / ерекше / алған. / тұрмысында /
__________________________________________ .
3. қаңқасын / қару-жарақтар /жасаған./ еркектер
жиҺаздарын, / киіз үйдің/ _________________________________________ .

2-топ
4 . ши тоқып, / әйелдер,/ кілем, / киім тіккен, / киіз басып/
__________________________________________ .
5. зергерлер / алтыннан / бұйымдар / күміс / пен / әшекей / соқты./
__________________________________________ .
6. киіз үй / соққан/ дауылдан / жаңбырдың/ нөсерлеп / жауған /
өткізбейді / қатты /жығылмайды, / суын/
_________________________________________ .

Бекіту.
10 –тапсырма.
Сабақты бекіту үшін диаграмма «Веннаны» қолдану.
«Киіз үй» мен «Қазіргі кездегі үйлермен» салыстыру. Оның айырмашылыға мен ұқсастығын табыңдар.
«Киіз үй» «Қазіргі кездегі үйлер»
«Киіз үйдің» айырмашылығы:
«Қазіргі үйдің» айырмашылығы:
Ұқсастығы:
Қорытындылау:
Сабақты қазақ халқының мақал-мәтелдерімен аяқтағым келеді.
«Қазан қайнап тұрса ақыл сайрап тұрады»
«Асы бар аяқ әдемі»
«Құр аяққа бата жүрмес»
«Кісі кірмеген үй көрмен тең, ішілмеген ас умен тең»
«Қайтып кірер есікті қатты жппа»
«Көппен қарай көсел»
«Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде сызу сызады»
«Жаман өз үйіне қонақ»
«Жақсы бала атасын төрге сүйрейді, жаман бала көрге сүйрейді»
«Үйлерін толы бақыт пен береке болсын!»

Бағалау.
Үй тапсырмасы:
«Ұлттық киімдер» туралы материал жинау, сызба, мазмұнын айту.

Бағалау парағы

р/с тапсырмалар «кереге»
тобы
«5» баллмен
бағалау «шаңырақ»
тобы
«5» баллмен
бағалау
1. Таныстыру
2. Үй тапсырмасы.
Тақырыпқа байланысты тыйым сөздерді табу,іздену жұмысы
3. Киіз үйдің бөлшектерімен таныстыру. Мұғалімнің бе-рілген тапсырмасын сурет, сызба бойынша қысқа-нұсқа жеткізу / Киіз үй, шаңырақ, кереге, босаға туралы /
4. Киіз үйді сурет бойынша тігу. Оны орын-орындары-
на дұрыс қою.
5. Киіз үйдің ішкі бөлімі /төр, оң жақ, сол жақ, от орны /
6. 1 танымдық тапсырманы орындау.
7. «Тілді шынықтыру»
Киіз үйге байланысты жаңылтпаштарды тез айту.
8. Сөйлемнің дұрыс -бұрысын анықтау.
9. Сөздерді сөйлем арқылы жұптастыру.
10. Сөздерден сөйлем құрас-тыру
11. Диаграмма «Венна» қолдану. Салыстыра отырып, айырмашылығы мен
ұқсастығын табу.
12 Қорытындылау. Нәтиже шығару.
Қолданылған әдебиеттер:

1.ҚР –ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты, 2010 жыл;
2.Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің
5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы, 2010 жыл;
3.9-сынып. Қазақ тілі оқулығы. Т.Артықова, Алматы
«Атамұра», 2009 жыл.
4.ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы»Заңы,
1997 жыл;
5. «Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі»
6. «Қазақ халқының қолөнері»
7. Интернет: http://koshpendi сайты
8.«Жеті қазына»кітабы

Источник: http://collegy.ucoz.ru/
Категория: Классному руководителю | Добавил: Agaysha (2014-01-22) | Автор: Агайша Ахметова E W
Просмотров: 3748 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 10:43 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru