Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
«Елім менің» танымдық-зияткерлік сайысының сценариі Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғарлату, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз еліне деген құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру, Отанына деген мақтаныш сезімін туғызу және көшбасшылық қасиеттерін дамыта отырып, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Сайыс үш оқушының орындауындағы «Адай» күймен ашылады. І Жүргізуші: - «Нағыз қазақ –қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра» дегендей қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген күй көңілімізді бір серпілтіп, бүгінгі сайысымызды бастауға рух бергендей ... ІІ Жүргізуші: -Олай болса, қайырлы кеш, бүгінгі «Елім менің» зияткерлік- танымдық сайысын тамашалуаға жиналған қауым, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! І Жүргізуші: - Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біз үшін Тәуелсіздік күн – ең қастерлі күн. ІІ Жүргізуші: - Сондықтан да, бүгінгі «Елім менің» зияткерлік- танымдық сайысы «Тәуелсіздік күніне» арналмақ. - Сайысқа қатысушы қырандарымызды қошаметпен сахна төріне шақырайық. (күй ойнап тұрады, қатысушылар артқы есіктен кіріп сахнаға көтеріледі). І Жүргізуші: - Енді, сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық. Команданың атын, ұранын және сайыскерлердің есімдерін айтып, өздеріңізді таныстырып шықсаңыздар. «Нұрөлке» шаңырағынан... ІІ Жүргізуші: «Оқжетпес» шаңырағынан ... І Жүргізуші: «Хан Тәңірі» шаңырағынан.... -Сайыскерлер құрметіне бір қол соғып қояйық, қошеметтеріңіз! Сайыс болғанннан кейін әділ бағалау керек емес пе, Ибраһим? ІІ Жүргізуші: - Әрине, сайысқа әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтайтын әділ қазылар алқасы керек қой. Олай болса әділқазылар алқасымен таныс болайық! І Жүргізуші: - Директордың сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Сериков Бауыржан Серикович ІІ Жүргізуші: - Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Акшалов Медет Төлегенұлы І Жүргізуші: -Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кыстаубаева Назгуль Омарбековна - Сайыскерлермен де, әділқазылар алқасымен де таныстық, Ибраһим, енді сайыстың шартымен қысқаша таныстырып өтсең. І Жүргізуші: -Сайысымыз «Тарих тағлымы», «Білгенге маржан», «Бейнесауал», «Полиглот», деп аталатын төрт айналымнан тұрады. ІІ Жүргізуші: - Қанеки, онда сайысымыздың «Тарих тағлымы» деп аталатын І айналымын бастайық. Қойылатын сұрақтарға әр топтан үш ойыншыдан тетікті бұрын басқан ойыншы жауап береді. І Жүргізуші: - Олай болса, кезекті алдымен ата-аналарға берейік, сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, тетікті басасыздар. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. ІІ Жүргізуші: Сұрақ: Қазақта түңғыш генарал атағын алған және мектеп ашқан хан кім? Жауабы: \ Жәңгірхан\ Тетікті бірінші басқан ....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. - Келесі сұраққа әр топтан екінші тұрған оқушылар жауап бересіздер. Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, тетікті басасыздар. І Жүргізуші: Сұрақ: Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет? Жауабы: \Түркия\ Тетікті бірінші басқан ....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. ІІ Жүргізуші: Келесі сұраққа әр топтан үшінші тұрған оқушылар жауап бересіздер. Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, тетікті басасыздар. Сұрақ: «Астана»сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді? Жауабы: \Парсы тілінен алынған, «киелі орын, босаға» деген мағынаны білдіреді\. Тетікті бірінші басқан ....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. І Жүргізуші: Келесі сұраққа әр топтан төртінші тұрған оқушылар жауап бересіздер. Сұрақты мұқият тыңдап, жауап дайын болса, тетікті басасыздар. Сұрақ: 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы\Бекзат Саттарханов \. Жауабы: \Бекзат Саттарханов \. Тетікті бірінші басқан ....тобы, қошеметтеріңіз. Жауабын тыңдайық. ІІ Жүргізуші: «Тарих тағлымы» деп аталатын І айналым аяқталды, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз. Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына «Нұрөлке» шағырағы атынан ән шашу, қабыл алыңыздар! Бірге шырқайық! Қосылып отырыңыздар! І Жүргізуші: Келесі айналым «Білгенге маржан» деп аталады. ( Күй ойнап тұрады, әр оқушының алдына заттар(құман, қамшы, тостаған, білезік, шолпы, домбыра, үкі, киіз үй, Астана, Алтын адам, түйе, жылқы қойылады). Алдарыңызда тұрған заттар бойынша әр топқа кезекпен сұрақ қойылады. Қыран тобы алдарыңызағы заттарды атап шықсаңыздар. Енді сұрақ : Халқымыздың ежелгі қол өнерінен келе жатқан табыстарының бірі \ою\ Сұрақты мұқият тыңдап жауап беріңіздер. ІІ Жүргізуші: Болашақ тобы алдарыңызағы заттарды атап шықсаңыздар. Енді сұрақ: Осы заттардың ішінен нені «ұлық» деп қастерлеп нені атаған? \Түйе \ Сұрақты мұқият тыңдап жауап беріңіздер. І Жүргізуші: «Алаш» тобы алдарыңызағы заттарды атап шықсаңыздар. Енді сұрақ: қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. \үкі қауырсыны Сұрақты мұқият тыңдап жауап беріңіздер. ІІ Жүргізуші: «Білгенге маржан» деп аталатын ІІ айналым аяқталды, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз. Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына І Жүргізуші: «Хан тәңірі» шағырағы атынан ән шашу, қабыл алыңыздар! Бірге шырқайық! Қосылып отырыңыздар! Келесі айналым «Бейнесауал» деп аталады. Экранға мұқият назар аударайық. Кезекпен жауап бересіздер. Бірінші Қыран тобына сұрақ бейнефильмде қай орда туралы айтылған? Болашақ тобына бейнефильмде Қазақстанның қай аймағы көрсетілген? Маңғыстау Алаш тобына бейнефильмде қай салт-дәстүр көрсетілген \Көңілін білдірген жігітке қыздың келісім беруі\ ІІ Жүргізуші: «Бейнесауал» деп аталатын ІІІ айналым аяқталды, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз. Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына Енді ойыншыларымызды келесі айналымға дайындалу үшін сахна сыртына жіберейік. «Оқжетпес» шағырағы атынан ән шашу, қабыл алыңыздар! Бірге шырқайық! Қосылып отырыңыздар! І Жүргізуші: Келесі айналым «Полиглот» деп аталады. Міне, ойыншыларымыз әріптермен келді. Экрандағы мақалдың жасырынған сөзін жылдам қазақ тілінде құрап, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтуларыңыз керек. Сайыс кезекпен орындалады. Бірінші «Қыран» тобы Сіздер берілген мақалдардың жауабын тауып, әріптермен құрап жазасыздар. 1 ...... болса адамда, Қиын іс жок ғаламда. \Ынта,склонность\ 2. Опасызда ..... жоқ. \Отан,Родина\ 3. Ақ жаулығы ....ның — Ақ көрпесі ....ның. \Ана,бала- мать, ребенок \ ІІ Жүргізуші: Келесі «Болашақ» тобы Сіздер де берілген мақалдардың жауабын тауып, әріптермен құрап жазасыздар. 1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал ......... Отанын сүйеді. \Адам-человек.\ 2. Жақсы сөз - жарым .........\ырыс - достаток\. 3......- адамның арқауы \ас-пища\ І Жүргізуші: Келесі «Алаш» тобы Сіздер де берілген мақалдардың жауабын тауып, әріптермен құрап жазасыздар. 1..........ы бар елдің ...... ы бар. \Ұлан, ұран\ 2...... қанаты — ат.\Ер- мужчина\ 3.......жастан, асыл тастан. \Ақыл-ум\ ІІ Жүргізуші: «Полиглот» деп аталатын ІV айналым да соңына жетті, енді әділқазылар сіздердің бағаларыңыз. Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына І Жүргізуші: Назерке, әр топты қолдап, қошемет көрсетіп отырған жанкүйерлерге де сұрақ қойсақ қайтеді? ІІ Жүргізуші: Әрине, қояйық. Экранға назар аударайық, бірінші сұрақ Қыран тобының жанкүйерлеріне арналады. Сұрақ: 1986-1991 жылдар аралығында құрылған Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым.\Семей-Невада қозғалысы\ Екінші сұрақ Болашақ. тобының жанкүйерлеріне арналады. Александр Дюма 19 ғ ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңқалып, күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы»,- деп жазыпты. Дюманы таңқалдырған қандай үй? \қазақтың киіз үйі\ Үшінші сұрақ Алаш тобының жанкүйерлеріне арналады. 1991 жылы 2 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиға \ғарышқа қазақ азаматының ұшуы\. І Жүргізуші: Енді, әділқазылардан әр команданың жанкүйерлеріне баға берулеріңізді сұраймыз Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына Жалпы команданың атрибуттары мен ұрандарына да баға берсеңіздер! Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына ІІ Жүргізуші: Сайыс басталғаннан бері патриоттық тақырыптарға тамаша әндер шырқалып жатыр. Әділқазылардан әр шаңырақ бойынша шырқалған патриоттық әндерге де баға берулеріңізді сұраймыз! Қыран тобына 5,4,3,4 , Болашақ тобына Алаш тобына І Жүргізуші: Жеңімпаздарымызды марапаттау үшін әділказылар алкасына сөз берейік. (Әділқазылар марапаттайды). Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. ІІ Жүргізуші: Тәуелсіздік таңының түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Казакстан деп соқсын жүрегіміз! І жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, еліміз тыныш, жас ұрпақ бақытты болсын. Әр қайсымыз Отанымыздың одан әрі дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. ІІ Жүргізуші: Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен кұттыктаймыз! І Жүргізуші: Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге ІІ Жүргізуші: Тура төрелік жасаған әділ қазыларға І Жүргізуші: Жанкүйер болған тыңдармандарға ІІ Жүргізуші: Қадірлі қонақтарға үлкен рахметімізді айтамыз! Бірге: Хош сау болыңыздар! | |
Просмотров: 3161 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|