Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Ата-аналар жиналысы. «Үй жұмысын орындауға отырдық». Үй жұмыстарын орындау арқылы баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету
Ата-аналар жиналысы. «Үй жұмысын орындауға отырдық». Үй жұмыстарын орындау арқылы баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету

Мақсаты: Ата-аналардың баланың үйдегі өздігінен жұмыс істей алулары туралы ой пікірлерін анықтау; үй тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптармен таныстыру; ата-аналарға үй тапсырмаларын орындауда, жалпы баланың өздігінен әрекет етуін дамытуға байланысты ақыл кеңестер беру.
Барысы:
Баланың өздігінен жұмыс істеу, өздігінен шешім қабылдай алу, өз әрекеттерін бағалай алу сияқты дағдыларын мектепте де, үйде де, басқа адамдармен, достарымен қарым – қатынастарға түскенде де дамытуға болады. Бұл мәселеде маңызды рөлді ата-аналар атқарады. Ата-ана көмегімен бала тұрмыстық өздігінен жұмыс істеуді (үй шаруасына байланысты міндеттер) және өздік оқу әрекетін (өздігінен үй тапсырмаларын орындау) қалыптастырады
Үй тапсырмаларын орындау – баланың өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытудың өте тиімді жолы.
Пікір алмасу. Ата-аналарға пікірдің бөлігі беріледі, олар өз қалауынша пікірді толықтырады.
 Біздің баламыз үй тапсырмасын ... орындайды.
 Менің баламның ... арнайы орны ...
 Менің балам өздігімен ...
 Менің балам ... қиналады.
 Біз баламыздың үй тапсырмасын орындауға
көмек көрсетеміз. Яғни біз ....
 Баламыз сабақ қарап отырғанда біз ...
 Егер балам тапсырманы дәптерге ұқыпсыз
орындап қойса, мен ...
 Балам үй тапсырмасын орындауды ... бастайды.

Оқушылармен жүргізілген сауалнама қорытындыларымен таныстыру.
Оқушыларға қойылған сұрақтар:
 Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
 Қалай көмектеседі?
 Мектептен келгенде ата-анаң қандай сұрақтар
 қояды?
 Мектептен келгеннен кейін не істейсің?
 Қандай тапсырмаларды өзің орындайсың?
 Сабақты қашан қарайсың?
Мектепте оқу, үй тапсырмаларын орындау түсіне білген адамға үлкен шаруа. Баланы өз бетімен, өз денсаулығына нұқсан келтірмей, дұрыс еңбек ете алуға үйрету – негізгі міндетіміз.
Үй жұмысын орындау - бала өміріндегі өзіне толық жауапкершілік жүктелетін алғашқы әрекеті. Бұған дейінгі тапсырмалары мен міндеттері үшін ол толық жауап беріп көрген емес. Мысалы нан әкелуді отбасының басқа бір мүшесі де орындай алады. Ал үй тапсырмасы тек баланың өзіне ғана тиесілі жұмыс. Үй жұмысын орындамауға болады деп ойлауға да мүмкіндік бермеу керек. Мұны ата-ана да, мұғалім де есінен шығармауы тиіс.
Үй жұмысын орындау бала бойында мынадай дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді:
• Өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытады
• Белсенді ізденімпаздыққа итермелейді
• Жұмсалатын уақыт мөлшерін шамалауды үйренеді
Ата-аналарға сұрақ: Сіздің балаңыз үй жұмысын орындауға қанша уақыт жұмсайды?
Үй жұмысын орындау ұзақтығы
• 1сынып - 1сағатқа дейін
• 2 сынып - 1 жарым сағатқа дейін
• 3 сынып - 2 сағатқа дейін
• 4 сынып - 2 сағатқа дейін
Кейбір ата-аналар менің балам үй тапсырмасын орындағанда тапжылмайды, үш-төрт сағат отырады деп мақтанады. Дегенмен осындай ұзақ отыратын баланы бақыласақ, ол уақытының көп мөлшерін бос отырысқа немесе бос жүріске жұмсайды: ас үйден су ішіп келеді, күнделікте тапсырма жазылмаған деп, досына телефон соғады, қандай да бір құрал керек болып, оны іздейді т.с.с.
Сонымен баланы сабақ қарауға қалай отырғызу керек?
Баланың өздік оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру сыртқы және ішкі әрекет жағдайына байланысты бірнеше компоненттен тұрады. Сыртқы компоненттер:
• Күн тәртібі
• Тұрақты жұмыс орны
• Тапсырмаларды орындау реті
Жақсы оқитын балалардың үй тапсырмаларын қалай орындайтыны зерттелгенде, олардың басым көбі үй тапсырмаларын күнделікті бір уақытта әзірлейтіні анықталды. Бұл балалар сабақ қарайтын уақыт таяп келгенде тіпті ойнағысы келмей қалатынын айтқан. Яғни бұл балаларда сабақ оқу әдеті қалыптасқан.
Бала сабаққа дайындалу үшін бір мезгілде ғана емес, бір орынға отыруы тиіс. Сабаққа кіріспей тұрып, он минут бұрын бөлменің ауасын тазартып, оқу құралдарын даярлап қою керек. Сондай-ақ бөлме температурасына, тыныштығына да назар аудару қажет. Кейде классикалық музыка қояды. Бұл қате пікір. Бала сабақ қарайтын бөлмеде тыныштық болуы керек.
Тапсырмаларды орындау ретін дұрыс құрудың да маңызы зор.
Ата-ана пікірін сұрау. Неден бастау керек: қиыннан ба, оңайдан ба, ауызша тапсырмадан ба, жазбаша тапсырмадан ба?
Негізінде бұл сұрақты бала өзі шешсе, ең дұрысы сол болар еді. Дегенмен бұл жағдайларда да мамандардың ұсынысы бар:
• Бала жұмысқа бірден кірісе алса, онда неғұрлым қиынырақ тапсырмаларды алдымен орындау керек
• Бала жұмысқа біртіндеп тартылса, онда ең жеңіл тапсырмалардан бастау қажет
Өздік оқу әрекетін ұйымдастырудың ішкі жағдайлары:
• Бірден іске кірісу
• Жақсы жұмыс ырғағы
• Сабақ оқу әдеті
Көпшілік ата-ана баласына айтқанын істете алмай әлек. Бұл мәселеде ата-ана ғана емес, бала да қиналады. Мектепте бәрі басқаша, мұғалім басқаруымен, көмегімен, нұсқауымен орындайды. Ал үйде ата-ана баласын сабағыңды оқы дейді. Ал ол өзіне нұсқау бере алмаса ше? Яғни баланы нұсқау беріп, оны орындатып үйрету керек. Бір істен екінші іске жылдам ауысуға үйрету, яғни баланы ас ішуге шақырғанда, ол бірден ойынын тоқтатып, ойыншығын жинап асқа келуі керек, т.с.с. Балада ата-анасының нұсқауын орындамауға болады деген ой болмауы тиіс. Бірден келмесе, барып ертіп әкелген дұрыс. Сондай-ақ үй шаруасына байланысты түрлі тапсырмалар беруге болады, және оны біртіндеп міндетке айналдыруға болады.
Ата-аналарға сұрақ: Балаңызға біртіндеп міндетке айналдыруға болатын қандай тапсырмалар беруге болады?
Бала бойында жақсы жұмыс ырғағын қалыптастырудың үй тапсырмаларын орындауда көмегі зор. Ол үшін алдымен керек оқу құралдарын дайындатып, жұмыс орнын ұйымдастырып, сабаққа дайындықты ештеңе алаңдамай, еш үзіліссіз интенсивті өткізу қажет. Болбыр, баяу жұмыс істеп үйренген баланың ойлау қабілеті де баяу болады. Ұзақ ойланып-толғанатын, жиі алаңдайтын бала жұмысты жартылай ғана істейді. Егер бала толығымен күш жұмсап, жылдам ойлап, жылдам қимылдайтын болса, біртіндеп осы ырғақпен жұмыс істеу әдетіне айналады.
«Сабақ әзірлеуге отырамын» нұсқаулығын жасау. Ата-аналарға тірек сөздер беріледі. Соның негізінде баласының атынан нұсқаулық құрастыру

 Бір мезгілде
 ауасы
 компьютер, теледидар
 күнделік, тапсырма
 оқу құралдары
 артық заттар
 үстел, ыңғайлы
 кірісемін

«Сабақ әзірлеуге отырамын» нұсқаулығының үлгісі

 Сабақ қарауға күнде бір мезгілде отырамын
 Бөлменің ауасын алдын-ала тазартамын
 Компьютер, теледидарды сөндіремін.
 Күнделікте барлық пәндер бойынша тапсырмалардың жазылып тұрғандығына көз жеткіземін
 Қажет болатын оқу құралдарын әзірлеймін
 Артық заттарды алып тастаймын
 Үстелге ыңғайлы отырып, сабақ қарауға кірісемін

1 сынып оқушысының анасы ретінде үй тапсырмасын орындау ретін құру
Жұмысқа бірден кірісетін 1 сынып оқушысының анасы ретінде үй тапсырмасын орындау ретін құру

1 Ана тілі 33-34 бет, «Тиін», оқу, әңгімелеу, ереже жаттау., 47 тапс. жазу
2 Математика 121 бет. 4тапс.; 5 санын қосу және азайту кестесін жаттау
3 Дене шынықтыру Спорт формасы
4 Сурет Сурет салу

Жұмысқа біртіндеп тартылатын 1 сынып оқушысының анасы ретінде үй тапсырмасын орындау ретін құру

1 Ана тілі 33-34 бет, «Тиін», оқу, әңгімелеу, ереже жаттау., 47 тапс. жазу
2 Математика 121 бет. 4тапс.; 5 санын қосу және азайту кестесін жаттау
3 Дене шынықтыру Спорт формасы
4 Сурет Сурет салу

Жағдаяттарды шешу
Жалпы сұрақ: Жағдаяттарда баланың өздігінен жұмыс жасауына қандай жағдайлар жасалды немесе қандай кедергілер келтірілді?
1 жағдаят.
Тимурдың анасы:
- Балам сабағын тек менің жанымда отырып әзірлейді. Мен жұмыстан кешкі алтыдан кейін келемін. Кешкі асымызды ішіп алған соң, сабақ қарауға отырамыз. Мен оның қасында отырамын, қателерін түзетемін. Бәрі әбден дұрыс болғанда, дәптерге көшіреміз.
Сұрақтар:
1. Үй жұмысын орындау үшін бала ата-анасының жұмыстан келуін күтіп отыруы керек пе?
2. Үй тапсырмасын алдымен басқа дәптерге орындап, кейін жұмыс дәптеріне көшіргені дұрыс па?

2 жағдаят.
Сәуленің әкесі:
- Біз әйеліміз екеуіміз басынан-ақ былай келістік: Сәуле енді оқушы, өз мәселелерін өзі шешіп үйренсін. Мен дәптерлеріне мүлде қарамаймын, шешесі кейде қадағалап қояды. Ол сабақты нашар оқиды деп ойламаймын. Егер «екілік» алса, өзіне ескертіп қойғам, алатын жазалары бар: ойнауға шықпайды, компьютерге де жоламайды.
Сұрақтар:
1. Ата-ананың бұл көзқарасын қалай бағалайсыз?
2. Егер сіздің балаңыз «екілік» алса, не істер едіңіз?

3 жағдаят.
Жарқынның анасы:
- Ұлымыз бірінші сыныпқа барған жылы жолдасым екеуіміз кезектесіп демалыс алдық. Оқудың алғашқы кезінде қасында болып, күн тәртібіне үйретіп, сабақ қарауына көмектесуіміз керек деп шештік. Ұлыма, әсіресе, жазу қиын тиді. Әдемі жаза алмай талай жыларман болды. Сонда оның ығы-жығы жазылған әріптерінің ішінен ең тәуірлеу жазылғанын тауып:
- Міне, мына әріпті өте жақсы жаздың. Сәл тырыссаң, басқаларын да әдемі жазасың, - дейтін едім.
Сұрақтар:
1. Жарқынның анасының тәсілін қалай бағалайсыз?
2. Сіз өзіңіз жазу жұмыстарында қалай көмектесесіз?

Ата-ана пікірін сұрау. Үй жұмысын өздігінен орындай алатын бала моделі. Ата-аналар өз пікірлерімен толықтырады
• Тапсырма көлемін ...
• ... жоспарлай алады
• Тапсырмаға жұмсалатын ... шамалай алады
• ...мазмұнын түсінеді ...жұмылдыра алады
• ... қолынан келмей жатса , ...

Үй жұмысын өздігінен орындай алатын бала моделі.
• Тапсырма көлемін бағдарлай алады
• Тапсырманы орындау ретін жоспарлай алады
• Тапсырмаға жұмсалатын уақыт мөлшерін шамалай алады
• Тапсырма мазмұнын түсінеді, оны орындау үшін қажетті білік, дағдыларын жұмылдыра алады
• Егер тапсырманы орындау қолынан келмей жатса , не істейтінін біледі
Әрине бұл дағдылар бастауыш сынып оқушысы үшін қиындау. Қолынан келмейтінді талап етіп, үй тапсырмаларын өз бетіңмен орында дегеннен ештеңе шықпайды. Өз бетімен жұмыс істеу бірден пайда болмайды. Ол ата ананың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің нәтижесі. Егер бастауыш сынып оқушысы үй тапсырмаларын өзі орындап, тек қиналған кезінде ғана ата-анасынан көмек сұраса, бұл бала бұл өздігінен жұмыс істеуге қарай үлкен қадам, үлкен тәжірибе.

Ата-аналарға нұсқаулықтар тарату.

Ата-аналар жиналысының шешімі:
1. Баланы үй тапсырмаларын өздігінен орындауға үйрету бағытында жұмыс істеу және өз әрекеттерінің нәтижесін дұрыс бағалауға үйрету;
2. Берілген нұсқаулықтарды тиімді пайдалану. Балаға қолдау көрсету, оның алдына шынайы, қол жетімді мақсаттар қою

Бигазина Перизат Құрманғазықызы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №30 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Категория: Классному руководителю | Добавил: Марина-Скворцова (2014-02-02) | Автор: Бигазина Перизат Құрманғазықызы E
Просмотров: 7048 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2025-06-30, 3:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru