Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ – ТӘРБИЕ ҮРДІСІ МЕНЕДЖЕРІ РЕТІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
«Көпбейінді №3 мектеп – гимназиясы» КММ
Усманова Насима Матигулловна
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ – ТӘРБИЕ ҮРДІСІ МЕНЕДЖЕРІ РЕТІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
«Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің
жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Ұстаз
балаларына салақ, селқос қараса, олардың
жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды»
Ж.Аймауытов
Сынып жетекшісінің тәрбие үрдісі менеджері ретіндегі қызметін анықтау үшін алдымен менеджмент, менеджер, құзыреттілік ұғымдарына анықтама бергенді жөн деп санадым. Бұл ұғымдарға қысқаша тоқталатын болсам:
Менеджмент – басқару функциясы, яғни әртүрлі ұйымдардағы басқарудың түрлері. Адам еңбегін, ақыл – зердесін, мінез – құлықтық тәртібін пайдалана отырып, алға қойған мақсатқа жету шеберлігі. [1]
Педагогикалық менеджмент - мұғалімдердің кәсіби өсуіне, ғылыми ізденіс жағдайында шығармашылықпен жұмыс жасауына, потенциалын ашу мен қалыптастыруға, іс – тәжірибелерін насихаттауға жағдай жасау және ықпал ету. [2]
Менеджер – басқарушы, ұйымдастырушы маман. Ол барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. [3]
Құзыреттілік – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Жеке тұлғаның теориялық білімі мен өмірлік тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. [4]
Бұл ұғымдарды зерттей келе мен мынандай қорытынды жасадым: сыныптың тәрбие үрдісі менеджері - тұлғаның бойына озық тәжірибелер мен ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, сыныптағы түрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастырушы және оқушылардың жүйелі дамуын басқарушы, олардың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастырушы.
Мектептің тәрбие жұмысы бойынша өзекті мәселесі: «Тәрбие беру үрдісі субъектілерінің рухани – адамгершілік құзыреттілігін белсенді – әрекетті технологиялар негізінде дамыту». Мектептің тәрбие жұмысы бойынша өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып, мен сыныбыма төмендегідей өзекті мәселені негіз етіп алдым «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде тәрбие үрдісі субъектілерінің рухани – адамгершілік құзыреттіліктерін дамыту». Тәрбие жұмысымның мақсаты төмендегідей:
-Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді күшейту, ұлттық намыс, ұлттық сана – сезімді күшейту;
-Заманауи ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, құзыретті болашақ қоғам құрушысын тәрбиелеу.
Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауды жөн деп санадым:
-Тұлғаның әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық сапаларын, көркемдік және эстетикалық талғамын, мінез – құлық мәдениетін қалыптастыру;
-Өз бетінше білім алуға қабілетті, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға қалыптастыру;
-Денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мақсат еткен, адамгершілігі мол, жан – жақты мәдениетті тұлға қалыптастыру.
Қысқаша айтқанда, менің алдымда, тәрбие үрдісі менеджері ретінде өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға әзір тұрған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Туындаған міндеттен менің менеджерлік қызметтерім айқындалады. Тәрбие үрдісі менеджері ретінде:

Сурет 1.Тәрбие үрдісі менеджерінің қызметтері

Білім беру жүйесінде кездесетін кемшіліктердің 98% басшыға, ал тек 2% орындаушыға байланысты екені белгілі. [5]
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында «Жеке тұлғаның қалыптасуы – үздіксіз күрделі үдеріс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, баланың білімге, ғылымға ықыласын арттыру олардың ақыл – ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай жүзеге асыруға көмектеседі» делінген. Тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда мен осы ұстанымды тұтынамын. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру олардың санасы мен сезіміне мақсатты және жүйелі түрде ықпал етуге байланысты екені баршаға аян. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасын, ізгілік сезімдерін жетілдіріп, мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру қажет. Ұстаздың субъективті педагогикалық қарым – қатынас орната алуы – кәсіби шеберліктің бір белгісі деп білемін. Менің іс – әрекет стилім демократиялық стиль. Түрлі шешімдер қабылдауда оқушылардың ой –пікірлерімен санасып, бағалап, тұлғалық сапаларын есепке алып, жариялы түрде әрекет етемін.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында атқарылған тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыра білу - менің менеджмент технологияларын (педагогикалық, корпоративтік, жобалау) меңгеру деңгейім жақсы екенін көрсетті. Шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жобалау менеджментінің тұлғалық (адамгершілік негізі, креативтілік, талпыныс мотивациясы, коммуникативтілік, рефлексивтілік), ақпараттық, технологиялық блоктарын, жоба үрдістері мен құралдарын жоспарлауды, SWOT-талдауды пайдаланамын. Өз менеджменттік білімімді сынып ұжымында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда қолданамын.

Кесте 1. Оқушылардың құзыреттілігін арттыруда сынып жетекшісі
орындауға міндетті менеджменттің функциялары (іс – тәжірибемнен)
№ Параметрлері Қысқаша сипаттама

1


Менеджменттің түпкілікті мақсаты -Оқушының еңбегін, ақыл-зердесін, мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін пайдалана отырып алға қойған мақсаттарға жету;
-өзін-өзі дамытуға, өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға әзір тұрған (құзыретті) жеке тұлғаны қалыптастыру.

2
Еңбек нәтижесі -Жетістікке жету. Жетістікке ұмтылу оқушыны дамытуға бастайтын үлкен күш деп білемін.
3
Менеджмент принциптері -Жеке тұлғаны сыйлаймын және оған сенімділікпен қараймын;
-бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырысамын;
-жетекші неғұрлым әділ болса, соншалықты мәртебелі екенін білемін;
-оқушыны тәрбиелеу жүйелілік пен жан-жақтылықты талап ететінін жақсы түсінемін;
-өз ісіме жауапкершілікпен қараймын.

4 Жоспарлау менеджменттің функциясы ретінде -«Болашақ бүгіннен басталады» қағидасын ұстанамын; -сыныбымдағы оқушыларды тәрбиелеу іс–әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің бағыттары мен құралдарын анықтап, белгілеймін.

5
Ұйымдастыру менеджменттің функциясы ретінде - Іс-шараларды ұйымдастыру барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастырамын;
-оқушының жеке тұлға ретінде дамуын бақылаймын;
-оқушының күнделікті өміріне кеңес беретін көмекшімін;
-оқушыларды тәрбиелеу ісіне ата-аналарды, пән мұғалімдерін тартамын;
-әр оқушының жеке қабілеттеріне қарай өз қызметінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсырамын, іске араласу міндеттерін бөліп беремін;
-тәрбие саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралап отырамын.
6

Мотивациялау менеджменттің функциясы ретінде -Тұлғаның өзін-өзі тануға, көрсете білуге, дүниетанымын кеңейтуге, мақсатқа жетуге бағытталған жетістіктерін мадақтап отырамын;
-белсенді оқушылар тобын қолдап, ұжымды тәрбиелеу жұмыстарына қатыстырамын;
-сыныптағы түрлі шаралар мен іс-әрекеттерді ұйымдас-тыруда оқушыларды жігерлендіріп отырамын;
-ұжымда субъектінің дамуы үшін қолайлы психологиялық ахуал тудырамын;
-кемшіліктерді оңай түзетуге болатындай, ол қиындық келтірмейтіндей үміт туғызамын.
-оқушы жасаған кемшілікті көрсем, өз қатем қай жерде және неден болғаны толғандырады.

7
Бақылау менеджменттің функциясы ретінде -Жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткізген нәтижелердің сәйкестігін үнемі анықтап отырамын;
-қол жеткізе алмаған нәтижелердің себебін анықтап, түзетулер енгізілген әрекеттерді жоспарлаймын;
-түзетулер енгізілген әрекеттер іске асқан соң мониторинг жүргіземін.
Педагогикалық шеберлікті терең меңгерген менеджер тәрбиелеген оқушы бейнесі төмендегідей болуы тиіс:

Сурет 2. Құзыреттілігі қалыптасқан оқушы бейнесі

Әрбір сынып жетекшісі педагогикалық менеджмент талаптары мен функцияларын сәтті пайдаланған жағдайда жоғарыда көрсетілген оқушы бейнесі қалыптасарында күмәнім жоқ десем артық болмас.
Тәрбие менеджері рухани – адамгершілік тәрбиесінде, алдымен оқушыны тек жақсылыққа, қайырымдылық , мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, өзінің де, ата – ананың да болашағы зор болмақ.
«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам, - деп айтқан екен Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, хәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым».
Біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақан серінің осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс боларына сенімім мол.

ӘДЕБИЕТ
1. Ғ. Наушебаева. Педагогикалық менеджмент. // Қазақстан мектебі. 2009, - №1, - 26 б.
2. Т.М. Баймолдаев. Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасы. //Білім берудегі менеджмент. 2009, -№1, -7 б.
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. /Бас. ред. Б.Аяған. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004, -466 б.
4. Г.Макшиева, Ә.Базарова. Оқушылар құзыреттілігін дамытудың алғышарттары.//Қазақстан мектебі. 2010,-№12,-72 б.
5. Г.Қ.Меңдіғалиева. Білім беру ұйымдары менеджерлерінің басқарушылық құзырларына әсер ету-басты міндет. //Білім берудегі менеджмент. 2011, -№2, -45 б.
6. И.А. Зимняя. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы, ТST-companu, 2005 ж.
7. К.Ж. Қожахметова. Сынып жетекшісі. Алматы, «Әлем», 2000 ж.
8. Н.А. Лебедева. Современный менеджмент в учреждениях образования. Методическое пособие. Алматы, 1995 г.
Категория: Классному руководителю | Добавил: molli (2014-04-29) | Автор: Усманова Насима Матигулловна
Просмотров: 2475 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-06-29, 7:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru