Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің» ММ» Тілдер күніне арналған іс-шара: «Сүйемін туған тілді – анам тілін» Дайындаған: Жайлибаева Гүлшат Қалиқызы Қатысушылар: 3 «а», «б», «в» оқушылары. Мақсаты: 1. Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін ақындардың өлеңдері арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, мадақтау қағаздары, сандық, алма ағашы, үлестірме кеспелер. «Сүйемін туған тілді – анам тілін» Армысыздар қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді бүгінгі тілдер мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі кешті қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына сөздерімен бастағым келіп отыр: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім. -демекші, ана тілімізді ардақтау, оның тұғырын биіктету біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан да бүгін біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің білімін көрсете отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысу үшін келіп отыр. Таныстырып өтейік: 1 топ: «Қырандар» тобы. Топ мүшелері: 1)_______________________________ 2)_______________________________ 3)_______________________________ 4)_______________________________ 2 топ: «Зеректер» тобы. Топ мүшелері: 1)________________________________ 2)________________________________ 3)________________________________ 4)________________________________ 3 топ: «Тапқырлар» тобы. Топ мүшелері: 1)________________________________ 2)________________________________ 3)________________________________ 4)________________________________ Енді әділ қазылар алқасымен танысайық: 1)________________________________________ 2)________________________________________ Құрметті оқушылар, бүгін біз қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. 1 тур. «ТАНЫСУ» . Топ аты, ұраны. 2 тур. «ОЙЛАН,ТАП». Мына алма ағашындағы алмаларда сұрақтар жасырулы, әр қатысушы бір-бір алманың сұрағына жауап береді. Сұрақтар: 1. ҚР жаңа мемлекеттік Гимні қашан қабылданды? (2006 жылы, 7 қаңтарда) 2. ҚР мемлекеттік Гимнінің сөзін жазған кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов) 3. ҚР мемлекеттік тілі қандай? (қазақ тілі) 4. ҚР елордасы қай қала? (Астана) 5. Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз) 6. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар? (мұнай, көмір, мыс...) 7. ҚР Гимнінің әнін жазған кім? (Ш. Қалдаяқов) 8. ҚР қандай қалаларын білесің? (Алматы, Астана, Атырау, Қостанай...) 9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі) 10. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? (қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік...) 11. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке) 12. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді) 3 тур. «ОРНЫН ТАП». Мына қағаздың әрқайсысында 1-1 сөзден жазулы. Әр топта 5 қағаз. Сендердің міндеттерін осы сөздермен 1 сөйлем құрастырып шығу, оны орыс тіліне аудару. 1) Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 2) «Медеу» мұз айдыны Алатаудың етегінде орналасқан. 3) Астанада әсем ғимараттар, ескерткіштер бар. 4 тур. «ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ - ҒАЛАМАТ». Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл – арым, иманым, Аманат, саған, аманат. -деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз айтып кеткендей, ана тілін сақтау жас ұрпақтың қолында екенін ұмытпайық. Ендеше қазір әр турдан бір оқушы шығып ана тілі туралы 1 шумақ өлеңдерін мәнерлеп оқып береді. Қазылар алқасы мұқият тыңдаңыздар. 1. М. Мақатаев «Үш бақытым» Ең бірінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. 2) Д. Әбілев. «Туған тіл» Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 3) Ш.Айтматов. «Тілім менің!» Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің. Тұнығым, рухани жан азығым Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім. Ана тілім, туған тілім,бал тілім Әділ қазылар алқасы қойған бағаларын есептеп болғанша, біз келген жанкүйерлермен ойын ойнайық. ЖАНКҮЙЕРЛЕРМЕН ОЙЫН. 3 оқушы ортаға шығып, орындықтарға отырады. Арт жақтан оларға көрінбейтіндей етіп 3 сөз жазылу тұрады. Ал ол оқушылар мына сұраққа жауап берулері керек: «Сен қай жерде отырсың?» 1) МЕКТЕП 2) АУРУХАНА 3) КІТАПХАНА Қалған оқушылар жауапты дәл айтпай суреттеп, не басқа сөзбен ымдап келтіріп отырулары керек. Қатысқан жанкүйерлерге –сыйлық тарату. МАРАПАТТАУ РӘСІМІ Ал енді, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік. 1 орын: мақтау қағазы. Силық – сандықша. 2 орын: мақтау қағазы. 3 орын: мақтау қағазы. Әр топтан үздік ойыншыға – блокнот. Әр қатысушыға – естелік ретінде 1 қалам. Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Кешімізді Ә. Тәжібаев ағамыздың қасиетті сөздерімен аяқтағым келіп отыр. Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. Назарларыңызға рахмет! Келесі кездескенше! Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 3563 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|