| Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
| Қайболдиева Нұргүл Жұмакелдіқызы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы, Ақтау қаласы. Тәрбие сағатының жоспары Тақырыбы:«Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың!» Сабақтың мақсаты: Қарт кісілердің, ата-аналарымыздың қасиетті мәртебесін, өзіңді дүниеге әкеліп, зор мехнатпен әлпештеп өсірген еңбегін студенттерге тағылым ету, еске салу, үлкен кісілердің ақылы дария екенін ұғындыру, бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту. Сабақтың әдісі: ой толғау Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, ата-ана жайлы бейнефильм, слайдтар. Мұғалім: Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, түнде шошып оянып, түн ұйқысын төрт бөліп,мұзды бесік таянып, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Үлкенді сыйлау – атамыздан қалған дәстүр. «Ана алдында –құрмет, ата алдында – қызмет» деген сөз жастарға үлкен міндет артады. Ата-анасын сыйлап, құрметтемейтін жасты ел-жұрты да құрметтемейді. Соңғы уақытта жастар арасында, әсіресе ана мен келін арасында әр түрлі жайлардың куәсі болып жүрміз. Нарық заманында қалталары ақшаға толған, машина айдаған кейбір келіндеріміз енені менсінбейтін жағдайға жетті. Енені менсінбеу өз анасын менсінбеу, өйткені енесі жарының анасы, жары жақсы да, оны дүниеге әкелген, тәрбиелеген анасы жаман. Осындай жастарды көргенде сен де ене боласың, өзіңді осы енеңнің орнына қойып көрсеңші дегің келеді. Енесімен тірескен келін кейін қадірлі ана, аяулы әже бола алмасы анық. Енді осы сөздерімізді растайтын кейбір келіндеріміз туралы бейнефильмге назар аударайық. (анасын қарттар үйіне тапсырған жас семья, далада қалған аяулы әженің тағдыры туралы бейнефильм жіберіледі) Мұғалім: Адамның жанын жасытып, жігерін құм ететін мұндай оқиғалар айналамызда аз емес. Біз оған онша мән бере бермейміз. Шындығында баласына риза емес ата-аналар көп те, оларын жариялауға ешкім де құлықты емес. 1)Өмір бойы жиған-тергендерін, тапқан таянғандарын бұлттай сығып, тамшыдай жиып, балапандарының аузына тосқан ардақты әкелереміз бен аяулы аналарымызға деген біздің құрметіміз өз дәрежесінде ме? Бұл жайлы сіздер не айтасыздар? 2)Осы бейнефильмнен қандай әсер алдыңыз? 3)Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз аналарын дәл осылай қарттар үйіне тапсырса не істер едіңіз? 4) Адам болашағында не күтіп тұрғанын білмейді, егер сіздің сүйіп қосылған асыл жарыңыз да осы келіннің қылығын жасаса, жолдасыңызға қандай жауап қайтарар едіңіз? (ер балаларға қойылған сұрақ) Студенттердің жауаптары.... Мұғалім: Біз қалың елдің қақ ортасында жайқалып күліп, шайқалып жүріп өмір сүріп жатырмыз. Дәл қазір кейбір кісілер екі көзі төрт болып, жүрегі өрт болып өмір сүріп жатыр. Енді осы сөзіміздің дәлелі ретінде келесі бейнефильмге назар аударайық. (Қарттар үйіндегі қарт атаның сағат санап, терезеге қарап, немересін сағынып, бауырына қысып құша алмай уақыт өткізген күйі туралы ащы да болса шындық оқиға туралы бейнефильм жіберіледі) Ал, сіздің бұл сұмдық туралы ойларыңыз қандай? Студенттердің жауаптары.... Мұғалім: Жалпы қазақтың он бала бір әкеге жүк болмайды, бір әке он балаға жүк болады деген сөзі рас екен. Адам шіркін қайраты қайтып, арыны басылған соң бірте-бірте жалтақтап, жалтаңдап балаға айнала бастайды. Содан шығар кешегінің кісісі, бүгінгінің кішісі дейтіні. Бұған дәлеле ретінде әйгілі Сүйінбай ақынның термесі «кәріліктен» бір үзінді келтірейік. (Кәрілік шақ туралы бейнефильм) 40секунд Мұғалім: Жалпы, Сендердің кісілік келбетіңді қалыптастыратын орта-өзіңнің ұшқан ұяң. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз Айналадағы адамдарды сыйлау – ата-ананы құрметтеуден басталады. Әке-шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді де сыйлап жарытпайды. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі, сендердің ата-аналарың да сондай. Кейбір әке-шешелер баласының оғаш қылықтарын байсалды түсіндіріп, қателігіне көз жеткізіп тәрбиелеуге күш салады, ал кейбіреуі айқай-шуға басып, қатал мінезбен тыйып тастауға тырысады. Қалай болғанда да әке-шешеңнің саған ойлайтыны тек жақсылық. Енді осы мәселе төңірегінде ситуациялық сұрақтар: 1) Өз отбасыңның басшысы кім? 2) Отбасында бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөлгені дұрыс? 3) Ата мен әженің қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі үлесі қандай? 4) Бала тәрбиесінде әке қатал болуы керек деген пікірге қалай қарайсың? 5) Сіздің ойыңызша ата-анаға қыз баланы ма, әлде ер баланы тәрбиелеу қиын ба? 6) Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған ұл-қызға қарағанда адамшылыққа баласақ та,оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын. Ата-анаға қажетті - баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Бұл туралы сіз не ойлайсыз? Бүгінгі отбасы тәрбиесі, ата-ананы, үлкенді сыйлау мәселелері бойынша өткізілген тәрбиелік шарадан біздің алған әсеріміз қандай? Немесе ата-аналарымызға қандай тілектер тілейміз, бір-бірімізге қандай тілек тілегіңіз келеді, сол тілекті алдағы қағаздарыңызға жазуды сұраймын. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, ата-ананы сыйлап құрмет тұту, қартайғанда асырап бағу - жер-дүние жаралғаннан бері қалыптасқан имандылық жолы, еш бұзылмайтын жол екенін біліңдер, құрбылар! Қартайғанда барар жері, басар тауы жоқ қарттар үйіндегі қариялардың ұлы мен қызына, яғни шұбар жыландарға ұқсамайық. «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас» дегендей ата-ананың қаншалықты бағалы жандар екенін түсінейік. «Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды» дейді жапон мақалында. Ал қазақтар «әркімнің әке-шешесі өзіне әулие» дейді. Өкінішке орай, ата-ананың қадірін уақытында білмей, соңынан опық жейді. Бірақ ол кезде бәрі кеш. Дүние кезек. Сен де өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сені балаларыңда қартайғанда аялап күтіп, бағып-қағатын болады. «Бағатын бала болса, өлетін кәрі жоқ» дейді бабаларымыз, немесе «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дейді. Психолог ғалымдардың айтуынша адамдарға қартайғанда өздерін қажетсіз сезініп жалғызсырамауы үшін үлкендерге керегі баласының жұмсақ мінезі мен жылы лебізі екен. Туыстар, достар, таныстар мен замандастар! Жылырақ сөйлесейікші бір-бірімізге. Көлеңке түсірмейікші жарқын жүздерге, жас толтырмайықшы қара көздерге. Қарттарымыз бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан да сыйласайық тіріде. | |
| Просмотров: 6081 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|