Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Ұлт -тозбасын,ұрпақ азбасын!
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші –
еріншектік,үшінші – зұлымдық.
Абай
Тақырыбы: Ұлт – тозбасын, ұрпақ –азбасын!
Мақсаты: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіре
отырып, еліміздің болашағы – дені сау, адамгершілігі жоғары, өзіндік ой – пікірі,
көзқарасы бар, өз елін, жерін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеттері:1.Адам өмірінің басты құндылығы – денсаулықты сақтаудағы
салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру.
2.Зиянды әдеттердің денсаулыққа, адам өміріне тигізетін әсерлері туралы
білімдерін, танымдық белсенділіктерін дамыту.
3.Абай шығармалары арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
4.Өз өміріне, болашағына деген зор сенімділікке баулу.
5.Қазақстанның болашағы дені сау, салауатты өмір сүретін жастар қолында
екендігіне көз жеткізу.
Көрнекіліктері:1.Абай портреті.
2.Абайдың қара сөзі жазылған плакат.
3.Тест «Темекі туралы не білесің?»
4.Тест «Алкоголь және ағза»
5.Плакат «Қазақстан – салауттылық мекені»
6.Көгершін бейнесі салынған суреттер.
7.Ақпарат парағы «Арақтың 101 зияны».
8.Ақпарат парағы «Темекі – түрлі дерттің атасы».
9.Магнит тақта.
10.Музыкалық орталық.
11.Бағалау парағы.

Жүру барысы:
І.Шаттық шеңбері.
1.Оқушылар шеңберге тұрып, бір – біріне қарап « Бүгін сені көргеніме қуаныштымын. Саған күнің шаттыққа толы болсын деймін!»т.с.с. тілектер айтады.
2. «Өз елім» әнін тыңдай отырып, бірге қосылып айтады.
-Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
Оқушылардың жауаптары:
-шаттық, мақтаныш;
-бойыңа ерекше жігер беретін ән;
-өз жеріме, еліме деген сүйіспеншілік;
-қазақ жерінде туып,өскеніме өзімді бақыттымын деп санаймын.
Мұғалім: Рахмет. Балалар, ендеше бүгін бәріміз осы ұлтымыздың келешегі,
болашағы-салауатты еліміз туралы пікірлесеміз. Барлықтарыңды ашық ой-пікір
бөлісуге шақырамын.
ІІ.Ойланайық,пікірлесейік!
Төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесу:
1.Адам өмірінің ең негізгі құндылығы неде деп ойлайсыңдар?
2.Адам өміріне, денсаулығына әсер ететін зиянды нені жатқызар едіңдер?
Неліктен?
3.Осы заттарды адамдар неліктен қолданады деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптары өмірден мысалдар келтіре отырып нақтыланады.
Мұғалім: Адам өміріне, денсаулығына зиянын тигізетін заттар туралы білімді
биология,химия пәнін оқығанда, ақпарат құралдарынан алдыңдар. Енді сол
білімдеріңді байқап көрейік.
Тест «Алкоголь және ағза»
Тест парақтары таратылады. Оқушылар тест жауаптарын талдап, қорытынды
жасайды.
Қорытынды: Арақ-шарап адам ағзасына ғана емес, өмірін де құртатын химиялық
зат. Денсаулығына зиян келеді. Қоршаған ортасына, достарына, туыстарына,
жанұясына деген қарым-қатынасы өзгереді. Адамгершіліктен жұрдай болады.
Қоғамға зиянды тұлға болып саналады. Себебі әртүрлі қылмыс, жол апаттары,
қайғылы жағдайлар маскүнемдердің іс-әрекеттері нәтижесінде орын алатыны
белгілі. Сондықтан, ұлтымызға қауіп төндіріп отырған алкоголь ішімдіктерінен
аулақ болған дұрыс.
ІІІ.Сергіту сәті.
Баяу әуен ойнайды. Оқушылар көздерін жұмып,өз ойымен сырласады,ішкі
сезімдерін реттейді.
ІҮ.Жұппен жұмыс.
Мәтін жазылған парақтар беріледі. Мәтінді оқып, кестені толтырады. «Арақтың
101 зияны», «Түрлі дерттің атасы-темекі» атты ақпарат парақтары қолданылады.
Кесте 1
Зиянды әдеттер Ағзаға әсері Адами құндылықтарға әсері Қорытынды
Темекі
Арақ-шарап

Кестені толтырып болған соң бірнеше оқушы жауаптарымен таныстырады.
Мұғалім: Темекі, арақ – шарап адамды өмір сүру құқығынан айыратын өте
зиянды заттар екенін ұмытпайық.
Ү. Менің ойымша,....
Мұғалім: Тақтадағы Абай атамыздың сөзіне назар аударайық. Қарасөзді оқи
отырып, көзқарасыңды, себеп-салдарын айтып, қорытынды жасаңдар.
ҮІ.Шығармашылық жұмыс.
«Зиянды әдеттерге қарсы тұру дағдысының қадамдары» атты модель үлгісін
жасау. Ол үшін ойларымен бөлісіп, құнды пікірлерді тақтаға жазу.
ҮІІ.Қорытынды.
Көгершін бейнесі салынған қағазға бүгінгі тәрбие сағаты туралы ой-пікірлерін жазып, «Қазақстан – салауаттылық мекені» атты ғаламшар үлгісіне іледі.

Мукатова Дамет Мукаметхановна,
№21 жалпы орта білім беретін мектеп,
химия пәні мұғалімі, сынып жетекшісі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
Категория: Классному руководителю | Добавил: dametmukatova (2014-11-07) | Автор: Дамет Мукатова E
Просмотров: 1964 | Комментарии: 2 | Теги: маскүнемдік, нашақорлық, темекі, салауатты өмір салты | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2026-01-05, 0:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru