Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Бәрекелді, мерекелі алтын күз
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
1 «А» сынып жетекшісі: Жукенова Жанар Төлегенқызы Тақырыбы: «Бәрекелді, мерекелі алтын күз»
Мақсаты: Оқушыларға күзгі табиғатың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың күз байлықтары: астық, көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүйюге тәрбиелеу. Күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Көрнекіліктер: Сыныптың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Құстың, ағаштың, жапырақтың суреттері, күз дастарханы, оқушылар - жемістер мен көкөністер костюмдерімен келу. Күзгі бұйымдар. Ерасыл:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Каусар: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.
-Құрметті ата-аналар, балалар, «Бәрекелді, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Күздің кереметін біз жақсы білеміз бе, білмеген жеріміз болса бүгінгі тәрбие сағатымызда білімімізді толықтырамыз деп ойлаймын. Ендеше, бүгін күз туралы өз білімдерін екі топ көрсетеді. Алдымен , шашылған әріптерден өз топтарының атын құрастыру.
«Алтын күз» «Берекелі күз». Әр топ сайысып, өз өнерлерін көрсетеді.
1. Таныстыру.
2. «Ас атасы-нан».
3. «Шебер қолдар».
4. «Сен білесің бе?».
5. Күз дастарханы. Күз ханшайымы :
Жеміс пен көкөністер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Тайсалмастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға- олай болса,
Өзін-өзі таныстыру кезегін бастаймыз.
Біз алтын күзді елемей өте алмаймыз, себебі осы мезгіл бізге бар сыйын береді, әсіресе ас атасы нанды. Тарлан: Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала Нұрәлі: Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды. Мерей: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін. Бірге: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар. Балалар нан туралы қандай ырымдар білесіңдер?
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды.”Асығыспын нан ауыз тиейін», «Ең құрыса нан ауыз ти» - деген сөздер бекер айтылмаған. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолымен сындыруға болмайды.. Тапсырма: Нан дастарханға қалай келеді? \музыкамен\ \ Рет ретімен қою.Жапсыру.\
Сергіту сәті: «Орындық » ойыны. 2 жеміс, 2 көкөніс 2. Күздің сыйына не жатады? Күзгі бұйымдардан не жасап әкелді екен балалар? Бүгін жасалған күздің дастарханын тамашалайық, бағалайық. Күз айларында осының бәрін тамашалаймыз. Айларды еске ал

Қыркүйек /Дамир/
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан /Камила/
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп

Қараша /Алишер/
Күн суытып барады,
Малдар қолға қарады.
Қараша ауыл даламыз,
Қысқа дайын боламыз.
Демалайық: «Мен бишімін» ойыны. Бүгінгі кешке киіп келген костюмдарыңызды да бағалаймыз. Әр топқа қандай музыка жүрсе сол ырғақпен билеу қажет.
Күз ханшайымы: Мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық, қай топ көп ұпай жинайды екен.
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік) Әр желінің асты толған көк қоян,
Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)
Іші жұмсақ,сүті қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз) Өз қалпағы жасыннан, тастамйды басынан. (Саңырауқұлақ)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)
Басым-дене, денем бас,
Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар. (Бидай)
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)

- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз - жылдың берекелі мезгілі.
Аружан: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. Әлімжан: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.

Мирас: Алтын-сары, қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Фатима:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.
Сержан: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей.
Демекші, міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Бәрекелді, мерекелі алтын күз » атты ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Дастарханымызға шақырамыз.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Zhanar6941 (2014-12-01) | Автор: Жукенова Жанар Төлегенқызы E
Просмотров: 1155 | Комментарии: 4 | Теги: сынып сағаты | Рейтинг: 3.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru