Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Үлкен саясаттағы көреген көшбасшы». Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы терең білім берумен қатар Елбасына құрметпен қарау және оны өмірде үлгі тұта білуге үйрету. Жас ұрпақтың бойына отанға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ел басқару ісіне араласуға үйрету Әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, викториналық сұрақтар Көрнекілігі: түрлі суреттер, нақыл, ұлағатты сөздер Барысы: 1. Ұйымдастыру; 2. Негізгі бөлім Мұғалім сөзі: Биылғы жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке болып қабылданғанын барлығымыз білеміз. - Неліктен 1 желтоқсан күні осы мерекені атап өткелі отырмыз? - Ал, Қазақстан өз алдына мемлекет болып қашан жарияланды? (1990 жылғы 25 қазанда – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды) - ҚР өзінің тәуелсіздігін қай кезде алып еді? (16 желтоқсан 1991 жыл) - Республика атауы қашан өзгертілді? (1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп аталатын болды). - Тұңғыш Президент болған жылы Н.Ә.Назарбаев қай күні салтанатты түрде ант қабылдады? (10 желтоқсан). 1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 199» жыл 8 желтоқсан – Минскідегі славян республикалары басшыларының кездесуі. КСРО-ны таратып,Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешімнің қабылдануы. 1991 жыл 10 желтоқсан – Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып атала бастады. 1991 жыл 13 желтоқсан – Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі. ҚР-ның Конституциясында былай деп жазылған: ІІІ бөлім. Президент Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Президент сөзі латын тілінен аударғанда «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау Н.Ә.НАЗАРБАЕВ қайта президент болып сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960-1969 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтың референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы. Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. Елбасымен мақтанам Шаттық орнап Қазақстан жерінде, Ұмытылды желтоқсанның ызғары. Тәуелсіздік шамы жанып төбемде, Қазағымда «Президент күні» тойланды. Еңіреген, талай бабам ел деген, Тәуелсіздік оңай бізге келмеген. Еңбегі мол елбасының жемісі, Өр намысын ешкімге ол бермеген. Басшысы боп дара тұлға, даналы, Қиын кезде халқы жетім қалмады. Тәуелсіз боп өскен елдің көшінен, Қазақстан мазақ болып қалмады. Астананы жарқыратты Сарыарқаның жерінде, Ескерткіші елбасының Түркияның төрінде. Өзге ел де тағзым етіп, бас иген, Назарбаев көшесі бар Иордания елінде. Жастардың бар елбасымен мақтанған, Көк байрақпен армандарға аттанған. Өзің салған нұрлы жолдың төсінде, Басы айналар талай жеткен бақтардан. Макаров ЖОБМ 9 «а» сынып оқушысы: Мұқанова Жанар Жетекшісі: Удреева Ақмарал Қойшекенқызы «Ел бірлігін ойлаған ұлы тұлға» Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев -«Қазақстан 2030» -2005ж: Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. -2006ж: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. -2007ж Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт -2008ж Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. -2009жылы Дағдарыстан жаңару мен дамуға -2010жылы ЕҚЫҰ- дағы төрағалық -«Бизнестің жол картасы-2020» -«Дипломмен ауылға» -«Жол картасы» XXI-ші ғасырға ақ тілек (төмендегі сөздерді пайдалана отырып болашаққа тілек айту) 1. Заман 2. Ел 3. Елбасы 4. Заң 5. Қыз 6. ҰЛ 7. Қазақстан 8. Ата-ана 9. Ту 10. Әнұран 11. Астана 12. Тіл 13. Жер 14. Байлық 15. Теңге 16. Мектеп 17. Білім Еліміз егемендік алғалы жиырма бір жыл болды. Осындай аз уақыттың ішінде Қазақ елі біраз белестерді бағындырды, біршама халықаралық қауымдастықты мойындатты. Ал әлемде бейбітшілікті сақтау, ядролық қарудан өз еркімен бас тарту әлі күнге дейін бірде-бір Лидердің қолынан келген емес. Осы жылдар ішінде халықаралық қоғамдастық Елбасының әлемде бейбітшілікті нығайтуға, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесін бірауыздан мойындайды. АҚШ Президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мен осы мәселелер жөніндегі Сіздің көпжылғы тәрбиеңізді шын жүректен қолдаймын және ядролық қауіпсіздік бойынша ортақ мақсатымызды қамтамасыз ету жолындағы Сіздің ойыңызды естуге мүдделімін» - деген. Шынында да, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері бүкіл дүниежүзіне қолдау табарлық сындарлы саясат жүргізіп келеді. Сондықтан Қазақстан Президенті: «Дүниежүзілік қоғамдастық Тәуелсіздік жылдарындағы жасампаз қызметімізді жоғары бағалады. Бүгінгі күні оның нәтижелерін мақтан етуімізге бізде толық негіз бар», - деген болатын. Қазақстан кеңестік дәуір кеңістігі, түркітілді және Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) басшылық жасады. Бүгінгі күні Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысы ретінде нақты жетістіктерімен көрініп келеді. Елбасы атап өткендей, геосаяси тұрғыдан алғанда Еуразия құрлығының орталығында орналасуы арқасында Қазақстан іс жүзінде Шығыс пен Батыстың аралығындағы өзіндік бір көпірге айналды. Осы жағдай Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері мен мұсылман әлемі секілді ірі әлемдік және аймақтық державалар арасындағы күрделі геосаяси жағдайда сындарлы мүдделер теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі күн сайын өзгеретін бұ заманда еліміздің рөлінің өсіп отырғандығының белгісі. Қазақстан мұсылман әлемінде де өзінің ұстанымын барынша нығайтып келеді және 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының төрағасы міндетін абыроймен атқарып шықты, осының өзі мұсылман мемлекеттерінің көшбасшылары мен халқының Астананың рөлі мен салмағын танығандығы болып табылады. Осы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық еткен кезде елімізге келген Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы «Халықаралық сахнадағы өзінің салихалы саясаты арқасында өзінің мұсылмандық болмысын сақтап қана қоймай, жаңару жолына бет алды. Бұл – қазіргідей күрделі кезеңде Қазақстанның мұсылман өркениетінде көшбасшылық тізгінді қолына алуға дайын екендігінің бір көрінісі», - деп еліміздің дамуы Елбасының арқасы екендігіне тоқталып өткен болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы сынды басшымыздың арқасында әлі де біршама жақсылықтардың басын қайыратынымызға ел кәміл сенеді. Источник: http://tarbie sagati | |
Просмотров: 1021 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|