Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының гимні орындалады 2-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан – жүректі ұғысқан. Ата-бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! №17 мектеп-гимназиясы оқушыларының шағын концерттік бағдарламасын қабылалыңыздар. Құттықтау сөз 2 - жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің «Көк тудың желбірегені» Орындайтын; 10»а» сынып оқушысы Жақан Мағжан 2-жүргізуші: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып Мұхтар Шаханов «Желтоқсан алаңы». Оқитын 11 «Б» сынып оқушысы Сатиев Ануар 1- жүргізуші: Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті, Еркін жүріп көксемеген кеңдікті. 22 жыл, тәуелсіздік алдық біз, Жалғастырып баба жолы елдікті 2- жүргізуші; Халқым айтқан: «Жер көтерер ер даңқын», Елім айтқан: «Ер көтерер жер даңқын». Президентім аман болғай Елбасы, Мәңгі жаса, мәңгі жаса, өр халқым! «Қазақ елі осындай» әні. Орындайтын: әнші қыздарыңыз 7 «Б» сынып оқушысы Мамытбек Жанель 1 - жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп Өмірдің сырын ашып жүрегіме Музаның әміріне басымды иіп. 2-жүргізуші: Алайық ескі күйдің бәрін жиып, Жандырған ой - қиялды қалың күйік Шерттіріп құнарлырақ домбыраға Тербеліп ырғағына тамылжиық «Балбырауын» күйі. Орындайтындар: Слямов Ілияс, Әндір Әділ, Достанов Данияр 1-жүргізуші; Бақытым - Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. Алдарыңызда биші қыздарыңыз 6 «б» сынып оқушысы Ұланова Дайананың орындауында «Азия» биі 2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 1-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз - өзінен жүрегім ән салады. «Мен қазақпын».Оқитындар: 11 «Б» сынып оқушылары Байбөринов Бекжан, Сатиев Ануар. «Алға, Қазақ, жігіттері» әнімен алдарыңызда 10 «а» сынып оқушысы Жақан Мағжан 2 - жүргізуші: Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Соның ішінде атап айтсақ, Елбасының бастамасымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Жүректе сақтап атын, Жүретін салтанатым. Астана- биігіміз, Биіктер күнге жақын. «Астана кеші». Орындайтын: 8»Б» сынып оқушылары Елубаева Анель, Шахрат Айғаным 1-жүргізуші: Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. «Шығыс биі». Орындайтын 8 «Б» сынып оқушысы Маликова Әйгерім 2-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 11 «Б» сынып оқушысы Мұқашева Сәния 1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты Биші қыздың биімен де үн қосты «Қамажай» биі. Биші қыздар тобын қарсы алыңыздар. 2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім. Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым». Алдарыңызда бір отбасының ұландары Амалдық, Жақсылық, Айдос, Жандос Бимұратовтар. 2-жүргізуші: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. Ән: «Қазағым елім» Орындайтын: 11 «В» сынып оқушылары Айсұлу, Капен Айдана 1 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата- баба рухына 2-жүргізуші Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Сатиев Ануардың сөзі Оның артынан барлық қатысушылар /қолдарында шарлар/ сахнаға шығады «Атамекен» әні орындалады Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! | |
Просмотров: 1120 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|