Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Солтанбекова Толкын Демеугалиевна Тәрбие сағаты:«Әдептілік-әдемілік» Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту. Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру. Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру. Сабақтың түрі: тәрбие сағаты. Типі: өнеге сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар. Сабақ жүрісі І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу. ІІ. Негізгі бөлім. 1. Мұғалімнің кіріспесі. а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы. ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы. І.Ұйымдастыру кезеңі. (Психологиялық дайындық) Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз 2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б. ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу; б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу, кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау, сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын сыйлау; в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн – түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің пікірлерімен санасу, т. б. г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау, басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу; ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға орын беру, т. б. 1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят АДАМДЫҚТЫҢ белгісі, ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң әрқалан! Сенде бір кірпіш дүниеге Тетігін тап та, бар қалан!, - деп Абай атамыз айтпақшы бүгінгі заманда яғни сендер «Сегіз қырлы , бір сырлы» болып өсулерің керек. Оның ең бастысы адамгершілік екен. Бір адам болып қалыптасу үшін әр бір бала жеке бас гигиенасын сақтау керек. Мысалы: шашы өспей, тырнақтары алынған, киімін дұрыс ұқыптап киюі керек. Балалар, болашақ сендердікі сондықтан білім алған жолдарыңнан бастап, мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар аударып, ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап, өнегелі болып өсулерің керек. Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз. Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың. Сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-анаңның алдында шыншыл бол! Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол! Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз? - тәртіпті, әдепті, үлгілі т.б. 3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала. Сәлем – сөз анасы. Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз. Құс ұясын бұзбаймын, Бүлдірмеймін жейдемді. Қабырғаны сызбаймын, Жинап қоям бөлмемді. Бос шимайлап, шатпақтап, Дәптерді де жыртпаймын. Бір күн болмай сатпақтап, Киімімді құртпаймын. - Кел, самаурын қайнатып, Дастарханды жайнатып, Отырайық бөлмеде, Бөпемізді ойнатып Гүлдерді де суарып, Еденді де жуайық. Келген кезде жұмыстан, Қалсын апам қуанып. Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. Сыйлап үлкен ағаны Таудай биік талабы Сәлем берген баланы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз. .ІІ.Негізгі бөлім. - Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр. - Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – әдемілік белгісі» деп аталады.. I бөлім.Әдеби – музыкалық монтаж.”Не деу керек?” 1) Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді. Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек. 2) Балалар жүр көшеде, Естіледі шу-айқай. Сен де шықтың, көршінді Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек. 3) Осы келген бетіңде Допты құдың, жарыстың. Көшенің сол шетінде Кезікті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек. 4)Үй артында қоқысты Жатқанкөптен үйіліп Тазалайды қарт кісі Белі зорға иіліп. Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу керек. 5) Кіші үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса. Ол қандай бала? (Әдепті) II бөлім. ”Мақал — мәтелдер” Оқушылар білген мақал-мәтелдерді айтады. III бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөнінде. Мұғалім: 1)Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? (ұқыпты) 2)Таудай биік талабы Жақсы оқитын балан Кім дейміз? (үлгілі) 3) Бақшаны суарып, келеді су алып, Қояды жайнатып, самаурын қайнатып. Ол қандай бала? ( еңбекқор) 4) 5 асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 5) 5 дұшпан ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) III бөлім.”Сайыс”( жақсы, жаман әдеттер) Оқушыларды жақсы әдеттерді, жаман әдеттерді айтқызып жарыстыру. ( Бұл жарыста көп жақсы әдеттерді айтқан топ жеңіске жетеді) жақсы жаман Үлкенді сыйлау Өтірік сөйлеу Өтірік айтпау Салақтық Сабақтан қалмау Сабақтан қашу Үлкенді тыңдау Үлкенді тыңдамау Қамқоршы болу Кішіге күш көрсету Үлкендердің сөзін бөлмеу Көрініс: «Жүрек, қайрат, ақыл, күш» - Ендігі кезекте ұлдар мен қыздар болып сайысып көрейік. Сайыстың кезеңдері: 6 кезеңнен тұрады. 1. Сұраққа – жауап: 1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің? - Үлкен кісімен амандасып, жол беремін. 2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек? - Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды. 3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің? - Асықпай түсіндіріп беру. 4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің? - Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек. 5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек? - Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек. 6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің? - Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын. 7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек? - Аспазшыға, анама рахмет айтамын. 8.Әдептілік қайдан басталады? - От басынан, кішкентай кезден басталады? 9. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Не ақшаға сатып алуға бола ма? Жоқ. 11.Сонда әдептілік деген не? Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың. Әдеп - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау. Әдеп- барлық жағдайда сыпайлық шегінен шықпау. Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшілігін ескеруді талап етеді. 2.Қане, ойланайық: 1. Айнұр көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр... 2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр... Сергіту сәті ән айтады. 4.Кім көп біледі? (Әдептілік, тәрбие туралы мақал – мәтел айтып жарысу) 5.«Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды? Үлкендердің алдынан ...... Құстарды ......... болмайды Кішкене баланы ........ Қыз баланы ............ Оқулықты .............. Сыныпта ................. Тамақты......... Айқайлап.............. Бетіңді басып............. .................. айтуға болмайды? - үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды; - кішкене баланы жылатуға болмайды; - құстарды атуға болмайды; - сабақтан кешігуге болмайды; - сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды; үлкенді сыйлау керек; - үлкендердің тілін алу керек; - кішілерге қамқор болу керек; - оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек; - сабақты жақсы оқу керек; 1.Бабалардан қалған сөз, (автор, аю, балта, қошқар Дей көрмендер: «Жалған сөз!» ешкі, бұқа, түйе) 8 кейіпкер. Баршаға бар пайдасы, Балалар құп алған сөз! 1.Қаншама рет ескертті Аю Қоянға: - Бүйіріңді таянба! 2.Балта ұқтырды Араға: Балта: - Сақта сөзімді есте Өсіп тұрған далада Жалғыз ағашты кеспе! 1. Қошқар айтты Қошақанға бүгін де: - Үйді айнала жүгірме! 2. Ұқтырды ешкі лаққа: - Жөнін білмей лақпа; Таңдайыңды қақпа! 1. Бұзауға бұқа ұрысты, Ұрысқаны дұрыс-ты! Бұқа: Иығыңды бас па, тас па Отты шашпа, күлді баспа! 2. Жайылып жүрген жотада Ескертті Бура Ботаға: Түйе: Үлгілі сөзді ұмытпа, Түкіре көрме құдыққа! Ал, енді бүгінгі сабағымызда балалар «Адамгершілік – асыл қасиет» жайлы ой өрбітеміз. 1. Әдепті болу үшін қандай қасиеттер бойымызда болу керек? Қане атап жіберейікші. 2. Әдепті бала қандай бала? 3. Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? ІІІ. Қорытынды бөлім Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді атаймыз. Әдепті болу үшін өздерің айтқан қасиеттерді сыйлық ретінде мен сендерге сыйладым. Сендердің бойларыңнан осы қасиеттер еш уақытта өшпейтініне сенемін. Адам бойындағы асыл қасиеттері еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни адам бойындағы осы қасиеттер жоғары тұрса ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген балалар өте әдепті адамгершілігі зор болады. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Әдептілік – әдемілік екенін ұмытпайық! - Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай : Сүйме, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек Ақылмен ойлап сөйлемек Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. | |
Просмотров: 1653 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|