Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Рухани-адамгершілік әңгімелесу сабағының жоспары ҰҒПББСО "БӨБЕК" «Өзін-өзі тану гимназиясы» Жакашбаева Эльвира Баймуртовна Тақырып: «Мен ең бақытты адаммын» Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер:мейірімділік, ризашылық, қамқорлық, адалдық Сабақ мақсаты: оқушылардың бойындағы риясыз сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларғаризашылыққасиетініңмәнін түсіндіру; - оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа баулу; - оқушыларды аялауға, адалдыққатәрбиелеу. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: «Теңіз түбіне саяхат» Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. 2. Әңгімелеу Сүйіспеншілік тамшылары Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты. Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты менсінбейтін көрінеді, ал сынық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен. Екі жыл өткен соң бір күн сынық құмыра, қарияға былай депті: - Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі сынықтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті: - Қарағым, ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі сынықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол сынығың болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім… Әңгіме бойынша сұрақтар: 1. Қарт құмыраларды не үшін қолданды? 2. Құмыралардың су тасығандағы жай-күйлері қалай болды? 3. Бүтін құмыра өзін қалай сезінді? 4. Бүйірі тесік құмыра өзін қалай сезінді? 5. Бүйірі тесік құмыраның мұңына ата қалай жауап берді? 6. Атаның әрекетін қалай бағалауға болады? 7. Бұл әңгіме несімен сүйсіндіреді? 4. Топпен ән айту. Топпен ән айту: «Әрқашан күн сөнбесін!» Сөзі - Л.Ошанин Әні - Островский Аударған - І.Мәмбетов, Қ.Ыдырысов Күн әлемі, көк әлемі: Бұл суреті жас баланың Ақ қағазға салған ізі, Қалдырған бұл сөзі: Әрқашан күн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман 5. Соңғы тыныштық сәтi. - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! | |
Просмотров: 1255 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|