Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
«Даламның иісі бұрқырап, қарттарым, аман-сау жүрші!» Ұстаз: - Қайырлы күн, құрметті қонақтар, асыл қазынамыз – қарттар, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар! - Біз бүгін Сіздермен «Қарттар күні» мерекесіне арналған «Даламның иісі бұрқырап, қарттарым, аман-сау жүрші!» атты мерекелік кешіне жиналып отырмыз. - Мерекеміздің басты себепкерлері, аяулы, ардақты, құрметті, дана да, дархан – асыл қазынамыз – құтымыз – қарттарымызды бәріміз шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық тілейміз! Өздеріңізді сыйлайтын, құрмет тұтатын бала-шаға мен немере, шөберелеріңіз көбейе берсін! Еркебек: Әкелер! Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың, Жүрегімнің лаулатып отын жақты. Ерлігіңді жалғастырсам, бақыттымын, Сендер ғой маған берген осы бақты. Сабина: Аналар! Қарыздармын өзіңе мен, Қайыспай қиындыққа төзе білген. Жүздеріңді әжімдер басқанымен Баяғы бәз жүздерің өзгермеген. Ұстаз: Жылдан жылға «Қарттар күні» мерекесін тойлау дәстүрге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз. Ортамызда қадірменді қарттар бар, Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар. Арқасында нардың жүгін артқандар. Омырауға қос-қос орден таққандар,- дей келе кешіміздің басты қонақтарын тағы да мерекелерімен құттықтаймыз! Бүгін - ерекше күн! Бұл күн «Балам-балым, баламның баласы - жаным» деп бала үшін, ұрпағы үшін жанын беретін, қасиетті, қазыналы қарттарымызды құрмет тұтатын, оны ұмытқандардың есіңе түсіретін күн! Бұл күні барымызша, қолымыздан келгенінше қарттарымызға қызық сыйласақ, аз ғана болса да көңілдерің көтерсек, ойларың сергітсек – біз үшін үлкен қуаныш болмақ. Біздің сынып осы мақсатта бүгінгі күннің бір бөлігін Сіздермен бірге өткізуді шешті. Бүгінгі тақырыбымыз да Сіздер үшін «Даламның иісі бұрқырап, қарттарым, аман-сау жүрші!» деп аталды. Арайлым: Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Гүлғайша: Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде. Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Жәнібек: Тас бауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. Әйгерім: Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Ержанат: Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз: Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені, мен мерекемнің тарқамауын тілеймін! Осыдан 23 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 90 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетіледі. Үкімет тарапынан ардагерлерге, бала-шағасы, туған-туысы жоқ қарттарға жәрдемақылар бөлінеді. Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады ма? Кейбіреулердің тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп асыраған анасы мен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай ер жеткізген әкесін қарттар үйіне әкеліп қамауларына не себеп болғандығын кім білсін? «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Ендігі кезекте осы тақырыптағы сюжеттік қойылымнан үзінді тамашалайық. Айғаным: - Адамның жанын жасытып, жігерін құм ететін осы сияқты оқиғалар біздің айналамызда жиі кездеседі. Бірақ күнделікті күйбең тіршілікпен өзіміз оған мән бере бермейміз. Шындығында балаларына риза емес ата-аналар көп болғанымен, оны жариялауға ешкім де құлықты емес. «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп шеше болмас», - деген. Өмір бойы жиған-тергенін, тапқан-таянғанын бұлттай сығып, тамшыдай жиып баласының аузына тосқан ардақты әкелеріміз бен аяулы аналарымызға деген құрметіміз бүгінгі күні өз дәрежесінде ме? Осы жайында біздің замандастарымыз, аға-әпкелеріміз, іні-қарындастарымыз, әке-шешелеріміз қалай ойлайды екен? Экранда сынып оқушыларының дайындаған сұхбатынан көрініс. Айдана: Бала бірте-бірте алыстай береді, Әкесін әке емес жай таныстай көреді,- деген екен бір ақынымыз. Әке мен бала арасының алыстауына не себеп болады екен? - Біз Біз Европаға еліктеп кетіп бара жатқан тәріздіміз. Ол жақта ата-ана баласына бару үшін алдын-ала ескертіп, қоңырау шалып, рұқсат сұрап алады. Бұл біз үшін еліктеп, үлгі алатындай нәрсе емес. Бұл ата-ана мен бала арасының алыстап кеткенін көрсетеді. Бұл дінсіздікті көрсетеді. Хадисте де «Ата – анаға қарсы келгендер жәннатқа бармайды» деп айтылады. Дамир - Ұстаз: - Адам баласы шыр етіп, дүние есігін ашқан күннен бастап, әлсіз, әлжуаз, жүре алмайтын, сөйлей алмайтын кезінде оны ата-анасы әлпештеп, аялап, бесікке сиған баланың есікке сыймас машақатын қабақ шытпай көтереді. Сол ата-ана қартайып, қолынан қуат, бойдан күш кеткенде оларды күтіп-бағу балаларының тек адамгершілік міндеті емес, алланың алдындағы парызы. Әрбір бала қаласа да, қаламаса да алланың разылығын аламын десе, ата-анасына қолдан келгенше көмек көрсетіп, бағып-қағуы керек. Ән: «Қартарым» Орындайтын: ұстазымыз –Танат Ашимбекович Ұстаз: Әйгілі Сүйінбай ақынның«Кәрілік» деген термесінде: Шіркін, кәрілік келді ғой кезіменен, Келін жаман қарайды көзіменен. Мінекей деп қолымен ұрмаса да, Ұрғандай қып кетеді сөзіменен. Әуелі кәрілік келіп түсімді алды, Сонан соң аузымдағы тісімді алды, Өрге шықсам беліме өрлей шығып, Төмен түссем, тіземнен күшімді алды. Сырт қайда,таң атқанша түні бойы Қуалап, қайта-қайта қысымға алды. Есік ашық,үй суып қалды ғой деп, Келін шіркін, таңертең тиышымды алды. Өз баласын өскенше, немересін өлгенше бағатын қазақ қариялары шынымен де қарттар үйінде болуға лайықты ма? Әрине жоқ! - Иә, ақиқат ащы дәрі сияқты, оны ешкім де сүймейді. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды» деп халқымыз дұрыс айтқан. Сол сияқты, баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей болып жатса, жетесіз ұрпақты жетектеп өсіргендердің де бір жерде мүлт кеткені бар шығар. Олай болса, баланы тәрбиелеуде қателеспегеніміз жөн болар. Экраннан тағы да бір үзіндіні тамашалайық (өз анасын қарттар үйіне тапсырған ел ағасы туралы). Талқылау. Оқушылардың ойын, ата-аналардың ойын тыңдау. Жандаулет: «Он бала бір әкеге жүк болмайды, Бір әке он балаға жүк болады», - деген қазақ мақалы рас екен. Адам шіркін, қайраты қайтып, қартайған шағында жалтақтап, жаутаңдап балаға ұқсап кетеді екен. Балам деп өле-өлгенше шырылдаған ананы, таршылық, жоқшылық көрсетпейін деп шарқ ұрған әкені құрметтеу, күтіп бағу біздің міндетіміз. Қастерлеймін әке даңқын, ана салтын, Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың. Қабыл ал, ұрпағыңның аманатын Жыр боп келді, саған деген махаббатым! Нағыз әке ақылгөй де асқар жан Барлық ұрпақ әкелерден басталған Ал әкелер өздеріңе арналмақ Бұл айтатын асқақ ән. Әйгерімнің анасының орындауында «Әке арманы» әнін қабыл алыңыздар. Бертілек: Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Жарқын жүзбен қуанышпен келесің, Құтты болсын мерекеңіз, әжетай, Өзіңізді бір құдайым демесін. Бәйтерексіз жапырағы жайқалған, Барша жұртқа жақсылығың байқалған. Есен болсын ұрпағыңыз көрінген. Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен. Бақ орнасын әрдайым басыңызға. Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға, Отбасына қуаныш сыйлап талай, Амандықпен жетіңіз жүзге қарай! Өміріңіз шаттық пен нұрға тола берсін! Мерекеңіз құтты болсын! (Тілеулес әжейге құрметпен сыйлық табыс етіледі) Келесі ән асыл ана, ардақты әже Сізге арналады. Ән «Анашым» орындайтын сынып жетекшіміз - Айнур Жолдыбаевна. - Осымен, асыл қариялар, бүгінгі сіздерге арналған мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Сіздерге ең бірінші – денсаулық тілейміз, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай бақытты өмір кешулеріңізге тілектеспіз. | |
Просмотров: 1187 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|