Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Ата Заң – егемендіктің негізі, елдігіміздің еңсесі» Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершіліктерін ұғындыру, саяси сауаттылыққа баулу. 2. Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастырып, заң сыйлайтын тұлға қалыптастыру. 3. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, интеркактивті тақта, қима қағаздар, флипчарт, маркер, желім, қайшы, т.б. Түрі: тренинг сбақ Барысы: Оқушылармен амандасу. Қызығушылықты ояту. Қазаққа қашан тәртіп пен талап болды арман? Есімнен ескі, Қасымнан қасқа жол қалған. Сахарасында билері, шешен, қазысы Әз Тәуке ханның Жеті жарғысын қолданған. Төрелік айтқан бабамнан көп сыр аңдарсыз, Күштілер зорлық көрсете қалса жанға әлсіз, Бітіспес дауды тобықтай сөзге түйіндеп, Тастапты шешіп әділдікпенен жанжалсыз. Жер менен жесір таласы туас әудемде, Даланың заңы осылай шешкен дауды елді. Тәртіпке басын июмен өткен құл болмай, Момыштың ұлы хас батыр болған Баукең де. Әліне қуат, саулыққа сұрар армасы, Бітімі бөлек ұлтыма қайран қалмашы. Жасампаз мынау бүгінгі біздің Ата Заң – Бабалар салған кешегі жолдың жалғасы. Өлең не туралы? І. «Конституция – ерікті елдің құқығы» Конституция - ел тәуелсіздігінің, мемлекеттілігінің негізгі тірегі. Оны мемлекеттің саяси – құқықтық төлқұжаты деп бекер атамайды. Конституция ең алдымен мемлекеттің қандай жолмен дамитынын, басты құндылықтарын айқындап береді. Ата заңның 1- бабының 1-тармағында «Қазақстан өзің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деген. Ендеше мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен заңнамалық құжат болып табылады. 1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды. 1995 жылы 30-тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Биыл Ата Заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар мен өзгертулер енгізілген. Кез-келген азамат еліміздің негізгі Заңы – Конституцияны міндетті түрде оқып – танысып, керек баптарын жатқа білуі тиіс. ІІ. Ой шақыру «Заңсыз арал» Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек не болар еді? Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының сөзін естен шығармайық. ІІІ. «Тарихқа жүгінсек» (Өткен тарихқа шолу) Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған Конституциясы ел дамуының тұс-бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым. Тарихқа көз жүгіртсек, қыпшақ халқындағы (Х-ХІ ғ.) «Кодекс Куманикус», яғни Кумандар заңдары, ХҮІ ғ. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. КСРО құрамында болған кезде 1936 жылы және 1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясы қабылданған болатын. 1993 жылы 28-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды. 1995 жылы 30-тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Қабылданғанына 20 жыл толған қазақ елінің Ата заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) ұстанымдарға негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек. ІҮ. Глоссарий «Тәртіп орнат» 1 Құқық А Еліміздің негізгі заңы 2 Конституция Б Мемлекет басшысы 3 Мемлекет В Негізгі саяси қоғамдық ұйым 4 Азамат Г Тәуелсіздік 5 Құқық бұзушылық Д Заңдар жүйесі 6 Президент Е Заң шығарушы орган 7 Парламент Ж Заң жүйесін бұзу 8 Егмендік З Құқығы бар ел тұрғыны Жауаптары: 1 2 3 4 5 6 7 8 Д А В З Ж Б Е Г Ү. Интеллект карта құру. 1-топқа Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық құқықтары 2-топқа Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық міндеттері. ҮІ. Жағдаяттар. 1-топқа: Қайнар сабақ үстінде телефонмен өлең қосады. - Қайнар, сен неге сабақта телефон ұстап отырсың? - Мен мәдени құндылықтарымды пайдаланып отырмын. Сұрақ: Осы жерде Қайнар мәдени құндылықтарын пайдалану барысында нені ескермеді? (Қайнар бұл жерде мәдени құндылығын пайдалана отырып оқушы міндетін ескермеді). 2-топқа: 6-сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, қыркүйекте мектепке келді. Ол 7-сыныпқа келген соң өзін есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Ол мектептегі үйірмеге қатысып, бойындағы бір ерекше қабілетті шыңдауды мақсат етті. Сөйтіп мектептегі «Тұмар» пікірсайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Ол оыс ойын ата-анасына жеткізді. Ата-анасы Жалғастың ойына қарсы болды. Оны анасы ағылшын тілін үйрететін үйірмеге жаздырып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының қажет екенін бас айтты. Үнемі ата-анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата-анасымен келісуге мәжбүр болды. Сұрақ: Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр? Жалғастың ата-анасының шешімімен келісуі дұрыс па? ҮІІ. «Жалғасын тап» Бір қазаға екі .... жоқ (жаза) Би екеу болса, дау ..... болады (төртеу) Әр елдің .... басқа, иттері қара қасқа (заңы) Қыдырып ішкен көженің керегі жоқ, Қыдырып айтқан ..... керегі жоқ (биліктің) Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде ....болар (айғақ). Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, Достың қадірін ..... болғанда білерсің (жалалы). Тура биде .... жоқ (туған) Туғанды биде .... жоқ (иман). Қолыңмен жасағанды, .... көтер (мойныңмен). Ұрлық түбі - ...... (қорлық). Біреуге ор қазба, ..... (өзің түсерсің). ҮІІІ. Жұмбақтар. Оқушы болсаң жақсы жылдам, зерек, Ондайлар елімізге өте керек. Тәуке хан жазған екен заң жинағын, Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы) Мерекең құтты болсын, ұстаздарым, Оқушы, жиналыпты бар достарым. Тәуелсіздік заңының қабылданған Жылын тап, мықты болсаң, біз тосалық. (1991 жыл) Еліме білім керк, ғылым керк, Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып. Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін, Жазған екенболашаққа көзін тігіп. (Қазақстан-2050) Жақсы ел шығарып заң игілікті, Депутат заң шығарып билік қыпты. Парламент палатасы нешеу екен, Таба алсаң бұл жауаптыигі екен. (Екі) ІХ. Қорытынды Сендерді елдіктің алтын тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі, болашағымыздың кепілі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Біздің Ата Заңымыз адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп бағалап, тұрақтылық пен татулықты, өркендеу мен өрлеудің берік негізін қалады. Қазақстан азаматтарының оқып білім алуына, ұрпақ өсіріп, азат елде ешқандай кемсітушіліксіз еркін өмір сүруіне Конституция арқылы заңдық негіз жасалды. Ортақ Отанымыздың табысы тасып, мерейі үстем бола берсін. | |
Просмотров: 1877 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|