Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Күні: 27.02.2015. Биязбаева Динара Ораловна Сыныбы: 5 «а2» Тәрбие сағатының тақырыбы: “Қазақ хандығына - 550 жыл” “Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ” (Н.Ә.Назарбаев) Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау; Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру; Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу Тәрбие сағатының әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, тест сұрақтары Көрнекілігі: суреттер, сызба-нұсқалар, бейнематериал, слайд І.Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушыларымен амандасу Сыныпты 4 топқа бөлу. І топ. «Хандар» ІІ топ. «Батырлар» ІІІ топ. «Билер» IV топ. «Керей мен Жәнібек» 1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады. • 1465-1466 жылдары – қазақ хандығы құрылды. • Хандықтың алғашқы аумағы: Батыс Жетісу, Шу, Талас өңірі. • Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер – Қозыбасы. • Хандықтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек. Қазақ хандығы туралы (Бейнематериал көрсетіледі) Кубик лақтыру ойыны 1- топ Қазақтың ұлы билерін ата? Қазақтың қандай ержүрек батырларын білесіңдер? 2- топ Отырар қаласына шабуыл жасаған хан? Қабанбай батырдың шын есімі? 3- топ Қазақ хандығын құрған сұлтандар? “Жеті жарғы” заңдарын шығарған ханды ата? 4- топ Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер? Хандықтың алғашқы аумағы? (7 мин) Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. Хандар, батырлар, билер, Керей мен Жәнібек тобына тест сұрақтары қойылады. Қазақ хандығының құрылуының себептері Біріншіден: Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ хандығын құруға ұмтылуы Екіншіден: Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі Үшіншіден: Алым-салықтың көбеюі Төртіншіден: Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы Бекіту кезеңінің сұрақтары: Ой-толғау «Хандар» тобы ханның рөлі «Батырлар» тобы батырлардың алатын орны «Билер» тобы билердің рөлі «Керей мен Жәнібек» тобы осы сұлтандардың халық арасында алатын орыны (5 мин) 1. Математикалық ойын 1- топ 4000/+220-3000= (Шыңғысхан Отырар қаласын басып алды) 2- топ 728х2+10= (Қазақ хандығының құрылған жылы) 3- топ 3800/2+91= (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы) 4- топ 4000/2-532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жыл) (3 мин) Венн диаграммасы «Хандар» тобы - Қазақ хандығының оталығымен Астананы салыстыр «Батырлар» тобы - Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады «Билер» тобы - Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыыстырады « Керей мен Жәнібек» тобы - Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады (10 мин) Сыйқырлы торша ( ұяшықтарды таңдау арқылы тест шешеді) (5 мин) Қорытындылау Шығармашылық жұмыс Қазақстан: Кеше Бүгін Ертең тақырыбында әр топ сурет салыңдар. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз. Ән: “Елім менің” | |
Просмотров: 2191 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|