Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылы Балтабай орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Назарбекова Айгүл Еркінқызы Тәрбие сағаты Тақырыбы: “7 санының қасиеті” Мақсаты: 1. Оқушылардың жеті санының қасиеті туралы түсініктерін тереңдете отырып, білуге деген құштарлығын таныту, көзқарасын қалыптастыру, Ұлттық салт – дәстүрді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Жеті санына байланысты слайд, интерактивті тақта Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, балалардың назарын аудару. Психологиялық дайындық Зеңгір көктен Нұрын төккен Ортақ біздің күніміз Жайнап өскен Жайдары өркен Біз өмірдің гүліміз І. Кіріспе бөлім: - Тәрбие сағатымызды біз алдымен сөзжұмбақты шешуден бастайық. Бәріміз тақтаға қарайық. Мен сендерге сұрақтарын оқып беремін сендер жауаптарын айтып отырыңдар. «Сөзжұмбақты шеш» • Мінсең көлік, атасы Қамбар деп аталады.Ол не? Жылқы • Жұма сайын пісірілетін нанның түрі. Қалай аталады? шелпек • Әкеңің әкесі. Ол кім? ата • Туда бейнеленген құс. Қандай құс? бүркіт - Өте жақсы. Ендігі кезекте математика пәніне де білімімізді ұштастырып, өлең есептерді де шығарып жіберейік. Алма бағы жайнаған, Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағыда алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? (Жетеуін) Қандай құстар бұл өзі, Жетіден ұшып жүреді. Шұбырып тізбек құрады, Қайырылмай артқа ұзады. (тырна) - Балалар, қараңдаршы барлық жерде жеті деген сан шығып отыр, олай болса жеті санының қасиетіне тоқталып өтейік. Тақтаға назар аударайық. ІІ. Негізгі бөлім: - Бүгін біз сендермен сұрақтарға жауап бере отырып, Ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыш әлеміндегі жеті қат көктің аттарымен таныс боламыз. «Ғарыш әлеміне саяхат» 1 Ай деп аталады. Айда бізден апта күндерін атап беруімізді сұрайды. “Апта күндері” Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі - Ал бүгін аптаның қай күні? 2. Күн деп аталады. Күнде бізден табиғаттағы жеті түсті атап беруімізді өтінеді. “Табиғаттағы жеті түс” - Балалар, сендер сурет сабағынан түстерді білесіңдер, қане, айтып жіберейікші. 1. қызыл 2. жасыл 3. көк 4. сары 5. күлгін 6. көгілдір 7. сарғыш 3. Шолпан деп аталады. “Жеті шелпек” - Жеті шелпек қай уақытта пісіріледі? Жеті шелпекті қазақ халқы айт мерекесінде, ас бергенде, құдай тамақ таратқанда пісіреді. 4.Есекқырғын (Меркурий) деп аталады. “Жеті ата” - Жеті атамызды білетін оқушылар бар ма? Атап жіберейікші. Жеті ата 1. Әке 2. Бала 3. Немере 4. Шөбере 5. Шөпшек 6. Немене 7. Туажат «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» «Жеті атасын білмеген – жетесіз» - деген қазақ халқында мақалдар бар. 5.Қызылжұлдыз (Марс) “Жеті қазына” • Ер жігіт • Сұлу әйел • Ақыл, білім • Жүйрік ат • Қыран бүркіт • Берен мылтық • Жүйрік тазы (ит) 6.Сатурн деп аталады. Жеті “жоқ” • Жерде өлшеуіш жоқ • Аспанда тіреуіш жоқ • Таспақада талақ жоқ • Аллада бауыр жоқ • Жылқыда өт жоқ • Таста тамыр жоқ • Құста сүт жоқ 7.Мүштәри (Юпитер) деп аталады. “Жеті керемет” • Гиздегі перамидалар – Мысырда • Олимпиадағы Зевстің мүсіні • Галикарнасс кесенесі • Вавилонның аспалы бақтары • Эфестегі Артемида храмы • Римдегі Колизей “Жеті қарақшы” Жеті қарақшыны таныған жеті түнде адаспас. ІІІ. Қорытынды бөлім: Ойын: “Жетеуін ата” Мақсаты: Оқушыларды жылдамдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Мұғалім кез – келген затты атайды, оқушылар соған байланысты жеті заттың атауын атау керек. Терек Қайың Ағаш Емен Қарағаш Шырша Өрік Алма - Тәрбие сағатымызды пысықтау үшін біз «Ғарыш әлемінен не білдік?» деген сұраққа жауап береміз. | |
Просмотров: 1894 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|