Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Ұлттық тағылым ( авторлық бағдарлама)
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Меновное орта мектебі» КММ
«Ұлттық тағылым»
Авторлық бағдарлама
1 - 11 оқушылар арналады

Құрастырған: химия- биология пәні мұғалімі: Жанабилова Алия Ақайқызы бастауыш сынып мұғалімі: Рахимова Бағдат Түсіпбайқызы

Өскемен, 2015 жыл

Маңыздылығы
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Мектепте оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі кезең. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жетуі үшін оның оқу-тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғымыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты білім беру саласындағы өзгерістер алдымен бастауыштан бастап, біртіндеп тәрбие жұмысын тереңдете түсу қажет. Міне, осыны ескере келе, көп жылғы іс-тәжірибемізден жинақтаған оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелері, өзіндік ерекшелігі, бағыт-бағдары, ұйымдастыру жолдары, үлгі жоспарлары қамтылған бағдарламаны ұсынылды. Бағдарлама негізінде халықтық тәрбие дәстүрлеріне негізделіп алынды.Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Халқымыздың тәрбие – тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ та, сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттық тәрбие ісіндегі бастауыш сыныптың бірінші сыныбынан бастап, жоғары сыныптарға дейінгі салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелерін кеңінен түсіндіріп, баланың өсу жолымен беріліп отыр. Бастауыш сынып оқушылары сәлемдесу, өзін-өзі ұстай білуге, инабаттылық, ізеттілік, үлкенді құрметтеу, кішіге қол ұшын созуға, қарапайымдылық пен достық, әдепттілікке, тазалыққа, шыншылдыққа, сөзге тұра білуге, еңбекшілдікке және де ұлттық сана мен мәдениеттілік пен қоғамдық мінез-құлық ережелерін меңгерсе, ал жоғары сыныптарда осы алған білімдерін тереңдете түсіндірілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық ойындар, тыйым салу дәстүрлерін, тұрмыста қолдануға дағдыландыру. Ата тегін, жеті атасын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерін, шешендік сөздерін пайдалану арқылы сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. Ұлттық аспаптарды меңгертуге байланысты үйірмелерге қатыстыру, өнерлерін жетілдіру үшін өнер мектебіне жіберу, ұлттық ойындармен таныстыру және де үнемі сабақ барысында қолдану, ұлттық спорт ойындармен таныстыру.
Бағдарламаны құруда ең бірінші балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ескеріліп үш бөлімнен құралды: I бөлім «Балдәурен» 1- 4 сынып,II бөлім «Мұрагер» 5 – 8 сынып, III бөлім «Ақ босаға» 9 - 11 сынып
Бағдарламаның мақсаты: Ұлттық салт-рәстүрді насихаттап, ұрпақ жадында жаңғырта отырып. оқушыларды рухани құндылықты қадырлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу, атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен салт-дәстүрлерімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізуге жетелеу
Негізгі міндеттері:
• Баланың бойында ұлттық ізгі қасиеттерді дамыту, өмірге, қоршаған ортаға оң көзқарастарын қалыптастыру;
• Балалардың қоғамдағы үйлесімді байланысын, ішкі жан дүниесіндегі ұлттық мәдениеттілігін қалыптастыру;
• Балаларды Отан, денсаулық , отбасы, еңбек және ұлттық құндылықтарымен таныстырып, олар туралы түсініктерін кеңейту;
• Балалардың өз халқын, олардың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ұлттық санасын арттыру.
Күтілетін нәтижелер.

1. Қазақстан Республикасы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес еліміздің балалар бұқарасын ұлттық біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, темекі мен есірткі заттарын жастар арасында пайдалануға жол бермеу және алдын алу.

2. Білім беру мекемелеріне тәрбие жүйесінің жаңа ұлттық моделін тарату.

3. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру;

4. Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу;

5. Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

6. Кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер
• Сынып сағаты
• Ұлттық ойын түрлері
• сөзжұмбақ
• сайыстар
• көрме
• саяхат
• спорттық мерекелер
• отбасылық сайыстар
• КВН
• Сахналық қойылымдар
• Зерттеу іс-әрекеттері
• Диагностикалық зерттеулер
• Әлеуметтік маңызды шаралар
• «көмек десанты» ардагерлер мен қарттарға көмек
Зерттеу пәні Ұлттық мәдениет ережелерін меңгерте отырып,оқушы бойындағы дүниетанымын, шығармашылығын ұштауға жол ашу. Баланың жас ерекшелігіне байланысты ұлттық ойындар, ұлттық тыйым салу дәстүрін тұрмыста қолдануға дағдыландыру.
Зерттеу нысаны Орта мектеп деңгейінде жеке тұлғаға бағытталған ұлттық тәрбиені ұйымдастыру
Зерттеудің болжау ы Қазақстан Республикасы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда оқушы бойындағы ұлттық дүниетанымын, шығармашылығын ұштау.

«Ұлттық тағылым» бағдарламасында мына бағыттарды басшылыққа алдық:
- Адамгершілік тәрбиесі
- Патриоттық тәрбие
- Экологиялық тәрбие
- Эстетикалық тәрбие
- Еңбекке баулу тәрбиесі
- Салауатты өмір салтына тәрбиелеу
- Құқықтық тәрбие

Бағдарлама мазмұны

«Балдәурен» бағдарламасы бойынша бастауыш сынып оқушылары сәлемдесу, өзін-өзі ұстай білуге, инабаттылық пен ізеттілікке, аты-жөнді қазақша дұрыс айту, мектепте және үйде өзін-өзі ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, дастархан басында ұстау, ас ішудегі әдептілік, жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар, жеті атасын білу,әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлер, көне бұйымдар мен зергерлік бұйымдар туралы кеңінен мағлұмат алады.Ұлттық мәдениет ережелерін меңгерте отырып,оқушы бойындағы дүниетанымын, шығармашылығын ұштауға жол ашылады. Баланың жас ерекшелігіне байланысты ұлттық ойындар, ұлттық тыйым салу дәстүрін тұрмыста қолдануға дағдыландыру. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді үйрету арқылы баланың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін кеңейту. 1 – 4 сынып оқушыларын бүкіл ұлттық мерекелерде туыстарын (ата-әже, әке-ана т.б) қатыстыра отырып өткізуде, туыстық қарым-қатынастық нығаюына көңіл бөлу.
Халқымыздың қасиетті дәстүрлерінің бірі табиғатты аялау, яғни экологиялық тәрбиеге байланысты тыйымдарды түсіндіру, қыз баланы іс тігуге, ыдыс жууға , ұл баланы атқа мінуге, еңбекке баулитын тәрбие шаралары қамтылды. Ұлттық аспаптарды меңгертуге байланысты үйірмелерге қатыстыру, ұлттық ойындар мен ұлттық спорт өнеріне кездесулер ұйымдастыру арқылы баланың өз ұлтына деген мақтаныш сезімін ояту.
«Мұрагер» бөлімі 5- 8 сынып оқушылары меңгеруге тиісті тәлім-тәрбие ұлттық тәрбиені қалыптастыра отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу. Үйде,көшеде, қонақта болу мәдениеті, қыз ары, ұл намысы, тыйым салу дәстүрлерін білу. Жасөспірімдерді қалыптастыру кезеңіне байланысты бағыттағы жұмыстар түрлерін білу, шешендікке, тапқырлыққа үйрету.Ата мұра салтын қастерлеу, туысын, ата-тегін білуге құрметтеуге тәрбиелеу.Қазақтың салт-дәстүрлерін біле отырып, оны өз өмірінде қолдану, тілін шұбарламай таза, мәдениетті сөйлеу, халықтық болжауларды, жұртшылық, ата-ананың ықпалын, 5-8 сынып оқушыларының бесік жырын, бесікке салу оның жасалу жолдарын білуге үйрету. Халықтық тәрбие шаралары сабақта, сабақтан тыс уақытта, үйірмелерде бірін-бірі қайталамайтын, керісінше толықтырып отыратын дәрежеде өтілуі тиіс.
«Ақ босаға» бөлімінде оқушылар меңгеруге тиісті тәлім-тәрбие бастауыш сыныптарда берілген тәрбие жүйесін жасының өсуіне байланысты тереңдете дамыту. 9-11 сынып оқушылары ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту, жоғары сынып оқушылары бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді толық білуі тиіс. Оларға тұрмыстық және әлеуметтік салт-дәстүрлерді меңгерту. 9-11 сынып оқушылары жанұяның қоғамдағы бір бөлігі екенін жете түсіне білуі тиіс.Жаңа замандағы салт-дәстүрлерді айыра біліп,ұлттық салт-дәстүрлердідің озық тәжірибесін таңдай білуге үйрету. Жігітке тән айбаттылық, қайраттылық , қыз балаға тән ибалылық пен ізеттілік, ұлттық бұйымдар,ас пісіруге, ою-өрнек бұйымдарды әзірлеей білуге үйретуді жалғастыру.Халық даналығын өмірдің өзімен байланыстырып сиыр саууға, нан пісіруге,құрт жасаудың технологиясын білуге, бесік жасауға т.б үйрету. Мектеп бітіруші әр оқушы ата-бабамыздан қалған игі дәстүрлерді жандандырып, жалғастыратын сенімді азамат болып тәрбиеленіп шығуы керек. Қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінік шілдехана, сүйінші, балаға ат қою,бесік жыры, баланы қырқынан шығару, баланың тіл шығаруға дейінгі тәрбиесі, тұсаукесер,атқа мінгізу, сүндет той,тұрмыстық салт-дәстүрлер,дастархан мәзірі, мал өсіру, аңшылық тұзақ құру, қақпан құру, садақ ату,қазақ ауылының, көршілермен қарым-қатынасы, туыстық атаулар, тіл өнерін дамыту,құда түсу, некелесу тойы, қазақ халқының өлген адамды жерлеуі, оған ас беру рәсімдері, жоқтау т.б. Шеберлікке баулу, ұлттық сананы ояту, тұрмысқа бейімдеу.Бүкіл сыныпта өтетін іс-шаралар ұлттық тәрбиеге негізделеді.
«Ұлттық тағылым» жоспары
№ 1-4 сыныптар үшін 5-8 сыныптар үшін 9-11 сыныптар үшін
«Балдәурен» тақырыбы «Мұрагер» тақырыбы «Ақбосаға» тақырыбы
1. Сәлемдесу Сәлемде сұлу сыр бар. Аманнан үлкен емессің (пікір алмасу)
2. Әдептілік әліппесі Әдепті бала, арлы бала. Сыйласаң сый көресің
3. Аты-жөнді,тегін туған жерін, мекен –жайын білу. Жеті атасын білмеген- жетесіз. Жеті ата, өз жұрты,нағашы жұрт,қайын жұрт
4. Тыйым сөздер Үлкендерді құрметтеу,кішіге ізет көрсету Сен болашақ келін,күйеу баласың
5. Дос болайық, бәріміз! Кел, танысайық! Таныса білу де өнер
6. Бабалар сөзі-даналық көзі. Бабалар сөзі-даналық көзі. Бабалар сөзі-даналық көзі.
7. Зергерлік бұйымдар Алтын, күміс тас екен- арпа, бидай ас екен Сырға салу
8. Бесік жыры Балалы үй-базар Шаңырақ сәні -сыйластық
9. Төрт түлік төлдерінің атаулары Төрт түлік малға арналған құрал-жабдықтардың аталуын білу Төрт түлік малға арналған құрал-жабдықтарды жасау
10. Ойнай білу де -өнер «Көкпар» ойыны туралы пікірталас өткізу Қазақтың ұлттық ойындары мен спорт ойындары арасындағы байланыс
11. Жан-жануар, аң-құстар қалай дыбыстайды. Аңшылық, саят құру т.б Қақпан құру,бүркіт ұстау, саят құру т.б
12. Тәй-тәй, бөпешім! Тәрбие - бесіктен басталады. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
13. Кел, қонақ бол! Келгенше қонақ ұялады. Қонағыңа тамағыңнан бұрын қабағыңды бер.
14. Денім сау болсын десең Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Тән сұлулық табиғаттан, жан сұлулық өзіңнен
15. Түбі бір туыспыз Үш жүз туралы түсінік Бірлік- елдің берекесі
16. Ұлттық тағамдар Қазақ халқының табақ тарту дәстүрлері Ыдысын көріп асын іш
17. Ұлттық саз аспаптары Ұлттық саз аспаптары Ұлттық саз аспаптары
18. Табиғат –туған үйім Туған жер туралы Туған жердің бір уыс топырағы
19. Егеменді қазақ елі Қазақ халқының хандары Қазақ халқының билік айту дәстүрі мен билері
20. Шешендік асыл мұралар Бабалар өсиеті Сөнбес жұлдыздар
21. Жігіт - сұлтаны Жігітке жеті өнер де аз Атадан – нақыл,ағадан ақыл.
22. Балғын ару Қыз өссе- елдің көркі Қызға қырық жерден тыйым.
23. Ұлттық киімдер үлгісі(еңбек сабағында дайындаған ) көрме «Қонымды киім- бойға көрік» Бағалы киімдер (сәукеле)
24. Еңбектің наны тәтті Еңбекпен тапқан тиын (ойталқы) Маңдай тер (пікірталас)
25. Бәйге Құсбегі Дулыға
26. Ата-асқар тау Атаңның баласы болма, адамның баласы бол Ұсақ болма ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол,
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол.
27. Асыл мұра Жібек жолы Шежіре
28. Отбасы –шағын мемлекет Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді Үйлену оңай, үй болу қиын
29. Шебер қолдар Ел іші –өнер кеніші Таңғажайып алаң
30. Қазақтың ою-өрнектері (еңбек) Киіз үйді білесің бе? Босағаң берік болсын!
31. Үш, төрт санына байланысты ұлттық ұғымдар Ұлағатты ұлттық ұғымдар Ұлағатты ұғымдар
32. Жұма қасиетті күн Тарихтан тәбәрік Ислам тағылымы
33. Шығармашылық жұмыс Ой-пікір Бүкіл сабаққа қорытынды жасау

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі Алматы: КазПИ,1991.
2 Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.
3 Тәрбиенің тұжырымдамасының негіздері 2015ж
4 Тәрбие теориясы мен әдістемесі. С, Әбенбаева./Алматы. «Дарын» 2004ж
5 Ата-ана бұл сіздер үшіп. А.О.Пинг. Алматы. «Мектеп» 2013ж
6 Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-кұлық мәдениетіне тәрбиелеу. И.С.Марьенко, А.Бобков. Алматы «Мектеп»2012ж
7 12 жылдық білім беру 2014ж №4
8 Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Ж.Қоянбаев. Алматы «Рауан»2010ж
9 Ата-ана бұл сіздер үшіп. А.О.Пинг. Алматы. «Мектеп» 2013ж
10 Үлгілі үйдің ұл-қызы. С.Қалиев. Алмагы«Санат»2001ж
Категория: Классному руководителю | Добавил: alya_j_j (2015-12-15) | Автор: ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ (Авторлық бағдарлама E
Просмотров: 2296 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru