Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Сұрапыл жылдардың куәгері
Сұрапыл жылдардың куәгері

Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету.
Көрнекілігі:Соғыс тақырыбындағы суреттер, нақыл сөздер,кинофильмдерден үзінділер (слайд түрінде).
Барысы.
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кездесуге жиналған қауым!
2-жүргізуші Қайырлы күн, жиынның қадірлі қонақтары.
1-жүргізуші Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс тіршіліктің рахатына келуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті, қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жылдарды 1 мин. тыныштықпен еске алайық.
Рахмет, отырыңыздар.
2-жүргізуші: Біз майдан мен тыл ерлерінің қаһармандығы мен ержүректігін, партизандар мен астырын әрекет етушілердің, концлагерьлер тұтқындарының табандылығы мен мұқалмас ерік-жігерін зор құрметпен еске алып, алапат майдан даласында қаза тапқандардың, соғыс салған жара мен қасірет салдарынан о дүниелік болғандардың бүгінгі күні арамызда жоқ жандардың жарқын бейнелері алдында бас иеміз.
1-жүргізуші: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз».
1-оқушы. Майдан етіп дүние төрін,
Темір, гүрзі қақтап отқа,
Жекпе-жек кеп өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Жүрді ұлан
Кекті зүлін
Қоса түйіп қорғасынға,-
Ырғып бұлттан түсер жайдай,
Өзі оқ боп атылғандай,
Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын,
Тас бекініп.
2-оқушы. Сонау орман етегінде
Жаланған от сатыр-сұтыр.
Қанды ізін қара түнге
Көме тастап жаулар отыр.
Сол бір оттан ыршып бір шоқ
Түсті ме ер кеудесіне?
Қойылғандай болды сол от
Динамиттің пілтесіне.
-Қасақы жау қарсы алдында
Қасақана көрсетіп қыр,
Сенің алтын ошағында
Зұлымдық от жағып отыр.
Түскен дұшпан терезеңнен
Қапылыста салып жара,
Қуса сені өз төріңнен,
Көнсең соған,
Не масқара!..
3-оқушы. Қасиет күші Ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолында атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек!
Бар арманым: асқар тауым,
Көтеріл, ел, намыс туы!-
Деп ер ұлан бақты жауын,
Болып серік жан ашуы.
4-оқушы. Қанды пышақ – жау күлкісі
Қақ жарғандай түн жүрегін.
Шошып ұшты орман құсы,
Көл күрсініп алды демін.
Қинады жан қызғанышы,
Ер күрсініп алды демін.
Қимай жолға көл-арнасын,
Жалын шарпып дем алысы,
Құшып жерін, сүйіп тасын,
Жүрегіндей сол аймақтың
Аласұрды намысты ұлан.
5-оқушы. Айнала жау ырсыл қағып,
Айдаһардай көтерді бас.
Кетті лезде қызып, жанып
Дүниедегі бір ұлы айқас.
Тұтасқандай жер мен аспан,
Соқты ұйтқып оқ бораны:
Қан кілкіте қара тастан,
Түткіледі кең даланы.
Түсіргендей көктің миын
Зіркілдеді зеңбіректер.
Естігендей тозақ күйін
Көрден ытқып шықты өліктер.
Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
6-оқушы. Жеті қабат жер өзегін
Жарып шыққан отты селдей,
Бет қаратпай өртеп лебі,
Оқ орағын орай сермей,
Соғып жерге жау жүрегін,
Төңкерілтіп төңірегін,-
Бұрсаңды кеп батыр ұлан,
Автоматтан түтетіп оқ,
Жау тобына лақтырылған
Жер мен көктің кәріндей боп.
Қанжарына қарақшының
Қарсы тосып өз кеудесін,
Қорғады жер батыр ұлын –
Жаралы ана жиып есін.
7-оқушы. –Алмай қойман!-деді дұшпан,
-Ала алмайсың!- деді ер ұлан.
Қайсарлықпен шыққан даңқы
Келе жатты ауыр танкі...
-О, зымиян, сұрқия жау!
Қайран өнер, қайран ақыл!-
Деді де ол жалын шарпып,
Жіберді өртеп жау танкісін.
Ол темірден алды тартып,
Адамзаттың өнер-күшін.
8-оқушы. Қара түнгі қанатындай
Алыстағы нажағайдың
Жарқ-жұрқ етті жүзінде айбын,
Атылғандай ішінде жай.
Жан күнінің нұр шапағы-
Күлкі ойнады келбетінде.
Сәл шытынап ай қабағы,
Ең соңғы рет келді тілге:
-Жау жанында сен сүйкімді,
Кел бері, өлім, күйіңді шерт!
Менің адал жүрегімді
Жау алмасын, сен алшы, өрт!
Қош бол енді, туған елім!
9-оқушы. Ұшты құстар шартарапқа,
Хабарлауға ер өлімін.
Ұмтылды жау, таптамаққа
Ең болмаса қалған күлін.
Бұлтын жиып көкірегіне,
Күрсінді бір аспан ауыр.
Қос қанатын соғып жерге,
Азаланып жетті дауыл.
«Таптатпан,- деп, -күлін жауға»
Құшып алып кетті дауыл.
Республика аспанында
Осынау күйді шертті дауыл...
1-жүргізуші: Жер жүзіне нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне.
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін бар қыламыз
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
1-жүргізуші: Есіңде ме туған Отан,
«Сен» деп неше жан қиылды,
Қорғағанда өзіңді.
Жау еңсесін басып төмен,
Қуған оны жатыр іздері.
Есіңде ме «Мәншүк, Әлия» деген
Қазақтың жас батыр қыздары.
Қазақтың батыр қыздары Мәншүк пен Әлия туралы үзінді көрсетіледі.
Ән: «Әлия» орындайтын Қайшыбаев Есболат.
2-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, қане, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге ай келуі
Біздің ұлы жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
1-жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 65–ші көктемі де келіп жетті.
65 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
65 жыл шуақты күн таратты әнін.
65 рет көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухын бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетелік.
2-жүргізуші: Бабамыздың мұңысың сен, домбыра
Анамыздың сырысың сен, домбыра
Қазағымның жүрегінен жаралған
Даламыздың үнісің сен, домбыра.
Рамазанов Руслан мен Солтанов Бекнұрдың орындауында «Ата толғауы» күйі.
1-жүргізуші: Сайып қыран солдаттары соғыстың,
Ардагерлер – атамекен айбыны.
Сақтады олар елін-жерін, намысын
Ақтады олар азаматтық борышын.
2-жүргізуші: Мақтанбаймын қалайша, марқаймаймын,
Уақыт бізге ғажайып сыр айтар дайым.
Барлығын да сыйлапты адамзатқа
Ынтымақты, жеңісті дархан майым.
Күш-қайраттың бойында тасқыны бар,
Мұқалмайтын төзімді достығы бар.
Талай тарих таң қалып куә болған
Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.
1-жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз айтқандай Қайшыбаев Есболаттың орындауында «Еске сақта» әні.
2-жүргізуші: Қазақстанда құрылған 310-314 атқыштар дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Ленинград үшін болған шайқаста 22 елді-мекенді азат етті. Солардың ішінде қазақ қыздары – М. Маметова, Ә. Молдағұлова Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңісіміз – достықты шындаған, бірлікті жырлаған, ер намысы боп аталған, ел дауысы боп шақырған жеңіс. Арын жолау, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары Отанымыздың байтақ жерін, айдын көлін, ақ сүтін берген анасын, ақ самал ескен даласын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады.
2-жүргізуші: Би «Жекпе-жек» орындайтын Омарғазина Дина мен Олжабаева Мөлдір.
2-жүргізуші: «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес». Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болашаққа арналған. Халқы үшін құрбан болған қаһармандығымыздың асқақ рухы елімізде мәңгі сақталады.
1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев «Соғыс».
Соғыс, соғыс... Соғыс жауы жер-көктің,
Соны біліп, соғысқа жол бермек кім?!
Егер сонау қанды майдан болмаса,
Жүрер еді топай көгі еңбектің.
Жақсы күннің рақатын сезім тек,
Немеремен сауық құрып, кезіп кеп,
Қайран қартым отыратын едің ғой.
Өлеңімді оқи алмай ежіктеп.
Мен егінсіз қалдырғым жоқ даламды.
Мен көмексіз қалдырғам жоқ анамды
Мен әкесіз қалдырған жоқ баламды.
Ешқашанда өлтіргім жоқ адамды
Бәрінде көрдіңіздер
Бәріне сендіңіздер
Бәрінде бердіңіздер
Алпысқа келсек екен енді біздер.
-деп Мұқағали ақын өзінің соғыстан қайтпаған әкесін армандап өткен. Бұл сұрапыл соғыста талай боздақ туған ауылына қайтпай майдан даласында қалды. Ал осы соғыстан аман қайтып жеңіс күніне куә болған, қазір немере, шөберелерінің ортасында жүрген майдангерлер де бар. Солардың бірі бүгінгі арамызда отырған Мұхтарбек ата.
2-жүргізуші: Ардагер Какимов Мұхтарбек Рахымбердіұлы туралы слайдтар көрсетіледі.
Оқушылар ардагер Мұхтарбек Рахымбердіұлына сұрақтар қояды.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған мерекеміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Қош болыңыздар!

Категория: Классному руководителю | Добавил: саулешка (2010-05-22) | Автор: Кажекнова Эльмира Асемхановна E
Просмотров: 2972 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru