Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Тау тұлғалы талант
«ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ТАЛАНТ»
Кіріспе сөз. Тағдырдың небір тауқыметін басынан кешірген ақиық ақын М.Мақатаев бір өлеңінде:
Табиғат, жанымды алсаң алшы менің,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
Кім білсін қанша әлі шырқарымды.
Кім білсін қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды.
деген екен. Ақынның жырлап отырған ұрпағы – мына біз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де өзіміз. Бүгінгі тәрбие сағатымыз ұрпақтары атынан Мұқағали өмірі мен шығармашылығына арналады.
Сағатымызды мынадай бөлімдерге бөлдік.
І.Туған жер-алтын бесік.
ІІ.Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды.
ІІІ.От жылдарда өткізген балалық шақ.
ІV.Өмірін өлеңменен өрген ақын.
V.Қазақтың қара өлеңі құдыретім.
І.Ерасыл. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың шын аты-Мұхаметқали. Кезінде жеңгелері, ауыл әйелдері пайғамбардың аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп атап кеткен.
ІІ.Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады,-
демекші,М.Мақатаевтың ата-анасы және балалық шағы туралы бірер сөз.
Адель. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен осы өңірде тұңғыш колхоз құрылысын жолға қойып, шағын шаруашлықты басқарған.1941 жылы соғыс басталғанда өзі сұранып, қараша айында соғысқа аттанған. Кейіннен Калининград майданында ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келген.
Нұрлы. Мұқағалидың шешесі Нағиман Балпанқызы ақкөңіл, өте жұмсақ, аңқылдаған, момын кісі болған. Соғыс жыдарында бала-шағасын ауылға тастап, абысыны Дәмеш екеуі колхоздың бір отар қойын баққан. Мұқағали ол кісіні «Нақа» дейтін.
Наргиз. Мұқағали, негізінен, әжесінің тәрбиесінде болған. Әжесі туралы Мұқағали «Мені сөзге, жырға үйреткен,тәрбиелеген, халқын сүюге үйреткен-әжем» дейді екен. Ауыл адамдары Мұқағалидың қайсарлығы, бірбеткейлігі тура әжесіне тартқан деп отыратын. Мұқағалидың Тоқтарбай, Көрпеш деген екі інісі болған.
ІІІ. Бәрі есімде мекен-жай, тұрағым да,
Тек есте жоқ, күлдім бе, жыладым ба?!
Балалық шақ жармасып жүретұғын
Өгіз жеккен соқаның құлағында.
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен,
Аңыздардан тере жүріп масақты.
Рас, рас көзімізден жас ақты,
Бірақ сол бір дауыл жылдар , от жылдар
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.
Кенжегүл. Мұқағали өлеңді 10-11 жасында-ақ жаза бастаған. Балалық шығы соғыс жылдарымен сәйкес келген. Болшақ ақын 10 жасыда майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.
Мұғалім.
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінекей, он ай болды хабары жоқ,
Біздағы әкемізге зармыз енді.
Бұл асқар таудай әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын.
Алтынбек. Қанша қиыншылық болса да, Мұқағали мектепте оқып жүріп шөп шауып, масақ тере жүріп, балаларды ұйымдастырып, драма үйірмесін құрған. Мектеп өнерпаздарының басын құрауда Мұқағали ерекше ынта көрсетті. Өзі үнемі басты рөлде ойнайтын. Азапты да қасіретті соғыс жылдарынан кейін Мұқағали отбасын құрды.
Ануар.Ақын 1948 жылы шаңырақ құрды. Ақыннаң жары-Лашын. Оның Майгүл деген қызы 10 жасында қайтыс болды. Мұқағалидың Жұлдыз, Айбар деген екі ұлы, Алмагүл, Шолпан деген екі қызы бар.
ІV. «Поэзия-үміт сенімі, жүрек дүрсілі, жан тынысы, шексіз сенімге толы махаббат». Осы қүдіретті белгілердің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің!
Сен мені сезесің бе, неге іздедің?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-
деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіпшашады.
(«Отан» өлеңі оқылады.)
М.Мақатаев-әр күні, әр сағатта халықпен бірге жүрді, халықтан үйренді, халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға бағалады. ( «Үш бақытым» өлеңі оқылады)
-Ақынның үш бақыты не?
Алмас. Халқы,тілі, Отаны.
Мұғалім. Енді осыған тоқталайық. Не себепті «Халқым менің?»
Ілияс. Ол өз бақытын халқына қызмет етуден тапқан. Ақынға халық деген ұғымның өзі өмір деген сөз. Халқы бар болса, халқы қор болмайды.
-«Ал екінші бақытым-Тілім менің?» деген. Неге?
Испандияр. Ақын сыр шертіп дүниеге келген күннен бастап-ақ ананың ақ сүтімен бойға дарытып құдіреттілігін айтады. Өз тағдырын өз тілінен іздеген.
-«Бақытым бар үшінші Отан» деген. Неліктен?
Алимхан.Мұқағали аға тағдыры қандай белестер әкелсе де, өз Отанынан түңіліп көрген емес. Сол себепті үшінші бақытым-Отаным дейді.
М.Мақатаевтің 30 шақты өлеңіне ән шығарылғаны белгілі.Оның өлеңдерінің біразына Н.Тілендиев ән шығарған болатын. Олар: «Мектебім», «Сенің көзің», «Дариға, домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың».
(Ән: «Есіңе мені алғайсың»)
Мұқағали поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек».
Сабағымызды қорыта келе, Мұқағали өмір дерегіне айналған семантикалық картаны толтырдық.
Сұрақ. Мен Мұқағалидан не таптым?
Жауап. 1) Мен Мұқағали поэзиясынан өмірге деген шексіз сезімге толы махаббат үнін таптым.
2) Мұқағали ұлылыққа қазақтың қара өлеңі арқылы жетті. Мен оның жырларынан қазағымның қасиетті қара өлеңінің құдіретін таптым.
3) Мен Мұқағали поэзиясынан қазақ халқының өзін таптым.
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз батыр бал мен у тамызатын.
Жесірдің айырылмас сырласы боп,
Жендеттің көзінен жас тамызатын.
Туады, туады әлі нағыз ақын-
деп ақын жырлағандай жылдар өтер. Туар әлі нағыз ақындар. Бірақ Мұқағали жыры өз биігінде оқылып әр адамның жадында сақтала берер. Қара өлеңнің құдіреті аспанға бірақ көтерген Мұқағали есімі ғарыштап кеткені ақиқат. Халықтың жыры да, пірі де Мұқағали.
Ақынның өзі:
Мен сірә өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын,-
дегендей артына өлмейтін, өшпейтін мұра қалдырған хас ақынның рухы сіздерді қолдай жүрсін. Шабыттарыңыз арта берсін.
«Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай,
От боп, жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай»-
деп Айтақын ақын жарлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол біз үшін өшпес те, өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

Жалпы білім беретін № 66 орта мектебі

ТАУТҰЛҒАЛЫТАЛАНТ

Өткізген: ИскаковаТ.Н
Категория: Классному руководителю | Добавил: tukai76 (2016-02-17)
Просмотров: 1068 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru