Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Муздубаева Д. К. "Мінез-жанның айнасы"
Тақырыбы: Мінез- жанның айнасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға бозбала мен бойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттарының бірі- мінез бен темперамент жайлы айту.
2. Әрқайсысының жеке дара өзгешеліктері мен мінез- құлықтарын анықтау.
3. Жақсы мінез- құлықтарды бойына сіңірген, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын азамат пен азаматша тәрбиелеу.

Түрі: Әңгіме.Танымдық сағат.
Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, темперамент топтары, мақал-мәтелдер, т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Кіріспе: Мұғалім сөзі
- “Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөз” деп Абай атамыз тегін айтпаған. Әрбір есі кіріп, етек жапқан адам- белгілі бір қоғамның мүшесі, оның азды- көпті өмір тәжірибесі бар. Яғни, білімі, жеке дара өзгешеліктері болады. Сендер де осы қоғам мүшесісіңдер. Сендердің де қоғамда өз орындарың бар. Әрқайсысыңа мінез- құлық тән.Бозбала менбойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттардың бірі- мінез бен темперамент. Ерте заманнан- ақ мінез- құлық 4 түрге бөлініп келген.
Холерик- қажырлылық, қуат-құмарлық.
Сангвиник- қозғалғыштық, мейірімділік,еті тірі.
Меланхолик- сезімі терең, ұстамды.
Флегматик- асықпайтын, сабырлы, селқос.
-Мінез- даралық, өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының негізі. Кісіні мінез әр қырынан көрсетіп тұрады.
- Мінез- иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, салғырт, т.б. сапаларға бөлінеді.
3. Темперамент типтері:
Холерик- ұстамсыз, ұшқалақ тип. Қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте, оның қимыл- қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ой әрекеттің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қозғалыстарын билей алмай, күйіп- пісуге дайын тұрады. Олардың сөздері жылдам, кейде қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді тез ұйытады. Олар өте сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның мұндай мінез ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Сангвинник- жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез айнып кетуі ықтимал. Ақыл- ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сөзі жылдам, анық, түсінікті. Сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара жағы басым келеді. Көбінесе, эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Олардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан олар өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
Флегматик- сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Дауыс екпіні баяу, асықпай- аптықпай сөйлейді, сөзі ым- ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Ұқыпты, парасатты, ақылды. Зейіні тұрақты. Қызығушылықтары да тұрақты. Жаңа іске жай қосылады, бір істен екінші іске ауысуы да баяу.
Меланхолик- ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Барлық эмоциялары ішінде, өте сезімтал, жасқаншақ, өз күшіне сенбейді. Жалғыздық пен тұйықтыққа бейім, байланысқа түсуі қиын. Қызығушылықтары тұрақты, жаңа ортада кей жағдайларда қысылмайды.

4. Мектеп психологы Г.Темірғалиева жүргізілген психологиялық тексеру қорытындысы бойынша әр оқушының мінез-құлық, темперамент ерекшеліктері туралы айтып өтті.
5. Мінез- құлыққа байланысты мақал- мәтел айтудан сайыс:

Мысалы: “Сырдың суы сирағынан келмейді”,
“Көңілсізден күлкі шықпас”,
“Жақсы әке- жаман балаға қырық жыл азық”,
“Адал- көңілден азады”,
“Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші екеуі біріккенде- бұлар адамшылық қасиеттердің басын табады”,
“Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты”,
“Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі жігердің жетіспеуінен жапа шегеді”,
“Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады”.

6.Әдеби бет.
Қанатты сөздер:
- “Мінез принцип бойынша әрекет етуге қабілетті”.
- “Жақсы мінез- бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы”.
- “Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады”.
- “Мінез-құлық- әркім өзінің кейпін көрсететін жиынтық”.
- “Жағдайдың өзгеруі, мінезді де өзгертеді”.

Мінез
Пана болып көрген жоқ иықтар,
Мәртебелі де сондықтан биік тұрар.
Жаманшылық жасаса жақтырмаймын,
Жақсылыққа жайым бай сый ұқтырар.

Көргенім жоқ кеудемнен сырды бүгіп,
Жабырқамас жаным да жүрді күліп.
Қатарымның алдында биік болып,
Достарыма тұрамын құлдық ұрып.

Қаңқу сөзден шошынам, ал бір кетік,
Мір оғындай жүрекке бар кіретін.
Кемшілігін біреудің бетке басып,
Көргенім де жоқ менің әңгіме етіп.

7. Қорытынды: -Тәрбиелі мінез адамда имандылық қасиеттердің бар екенін көрсетеді. Сондықтан да көпшіл, ізетшіл жандар адамға қамқор болып, өз міндетін орындауда адамгершілік, жауапкершілік жүгін сезіне де біледі.
Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді.
Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған жақсы әсерлеріңді, жаман әдеттен жирене отырып, бойларыңа сіңіре біліңдер. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніңіздер.
Категория: Классному руководителю | Добавил: @liy@ (2016-03-25) | Автор: Муздубаева Даметкен Кенжебековна E
Просмотров: 882 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru