Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы №2 Ақсуат орта мектеп жанындағы интернат Алимжанова Гульжанат Зейноллаевна - балалар тәрбиешісi Тақырыбы: Тәрбиенің негізі - имандылық Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. Дүниетанымдарын молайтып, ойлау қабілеттерін шыңдау, өз пікірін жеткізе білуге үйрету. Иманды ұл, инабатты қыз болуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі, қанатты сөздер. 1 Кіріспе: Мұғалім сөзі. 2 «Имандылық»сөзіне ассосация құру. 3 Мұны білесің бе? 4 Хадистер. Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздері. 5 Адамның сөзі – ақылының таразысы. 6 Жаман әдет жақсы ат әпермейді. 7 Атаң болса анаңмен. 8 Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың. 9 Қонақтарға сөз беру. 10 Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз? Түсінгенім... 1. Құрметті Ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Рахымды алланың атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор. Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар. 2. Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Сабырлы болу Мейірімді болу Әдепті болу Қамқоршы Имандылық Төзімділік Шыншылдық Отансүйгіштік Арлы болу Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр. Нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық. Қазіргі зайырлы, өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық. 3. Мұны білесің бе? 1. Исламның қасиетті кітабы ----- Құран Кәрім 2. Үш арсызды ата -------- ұйқы, күлкі, тамақ. 3. Үш байлықты ата ------- денсаулық, ақ жаулық, он саулық. 4. Бес дұшпаныңызды ата ------ өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. 5. Мұсылманның бес парызын ата ---- куәлік сөзі, намаз, ораза, зекет беру, қажылыққа бару. 6. Жеті атаңды білесің бе? Бір өкініштісі соңғы жылдары ұлттық тәрбие жүйесі қағажу көріп, тәрбиенің ырғағы бұзылып кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тәуелділер, ішкілік пен темекіге әуестер. Жасөспірімдер арасында бұзақылықтар мен қылмыстың өршіп кетуі дәлел. Себептер де аз емес. Көбіне іскерге қоймадағы жүгі қымбат, саудагерге сатқан малы қымбат, үй ішіндегі күйбең тірліктен шешенің қолы босамауы, жұмысбастылықтан әкенің уақыт таппауы т. б. Қазіргі уақытта теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс - шабыс, төбелес, қирату, ұру - сындыру, күш көрсетуге негізделген. Ал бұл себептердің санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиянды екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда ислам дініндегі бала тәрбиесі туралы айтатын болсақ... Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Хадис - Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран - Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, инабаттылық, имандылық, адамгершілік ережелері жинақталған. 4. Хадистер 1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу. 2. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлеуді бұйырады, себебі: әйел - анаңыз, әжеңіз, қызыңыз. 3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады. 4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ. 5. Алғыс алған алтынға жолығады, қарғыс алғанның аты жоғалады. 6. Күнәлардың үлкені ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, яғни ата - ананы ренжітуден аулақ болуымыз керек. 7. Адамдардың көбісі тілінен шыққан сөздерден тозаққа кіреді. Тілді таспен, одан қалса сыртындағы екі ерінмен тосуымыз керек. 5. Адамның сөзі - ақылының таразысы. Адам жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану керек. Олда адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Аузыңнан шыққан әрбір сөзге о дүниеде есепке тартыласың, сондықтан бос сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауы тиіс. Сондай - ақ сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай, шұрайлы тіркестер қолдана біл. Сөз сөйлеу әдебі 1.Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма. 2.Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама. 3.Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма. 4.Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе. 5.Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол. Мақал - мәтелдер Жақсы - байқап сөйлер, жаман - шайқап сөйлер. Тілден бал да тамады, зәр де тамады. Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады. Ұялмас бетке – талмас жақ бітеді. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. 6. Жаман әдет жақсы ат әпермейді Жаман әдет дегеніміз - сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, көп жағдайда зор өкінішке ұласатын жағымсыз қылықтар. Айталық, темекі, арақ, есірткіге құмартушылық, өтірік айту, жамандау, өзінің емес өзгелердің қателігін қазбалау, ауызды балағат сөзге үйрету, қызғаныш, қолын сұғанақтықтан тимау, сұраншақтық, ең аяғы түкіріне беру. Жаман әдет жұқпалы. Нашар әдет қайдан жұғады? Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек? 1. Әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білу керек. Яғни, мен қателеспеймін деген ойдан барынша аулақ болу керек. 2. Бойыңда бір жаман дағды пайда болса, бүгінненбастап күрес, ертеңге қалдырма. 3. Өзіңе сын көзбен қарауды күшейтіп, рухани ілімін молайтып, жұмыссыз бос отырмау керек. 4. Жаман достардан алыс жүріп, жақсылардан үлгі алып, ұнамды әдеттерге еліктеу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену. 7. Атаң болса анаңмен Ата - ана әркімнің ең қимас асылы. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық. Бала ұрысса әкеге жараса ма?»дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата - анасына қарсы келуі, сөз қайтарып тайталасуы орынсыз екенін сынаған. Бір көзді ана(көркем оқу) Бес уақыт намазыңды жинамасаң, Ораза ұстап жаныңды қинамасаң, Алланың кешірмейтін бір күнәсі Ата менен анаңды сыйламасаң,- деген Орманбай ақын хадистерде айтылған күнәнің ең үлкені ата - ананы сыйламау еккенін мегзеген.. 8. Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың. Батысқа барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып, жұмыстарын реттегеніне таңқалған мұсылман жігітке: Оның несіне таңырқайсың? Бұл біздің сендерден үйренген қасиетіміз емес пе?- депті. «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»- деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы - шайтан үшін таптырмайтын мүмкіншілік. Ғұлама, дана кісілер уақыттарын үнемдеуді жақсы білген. Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық - деп хадисте ескертілген. Бірақ Ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінде уақыт өлтіретін нәрсе өте көп. Уақыттың бір аңдушысы ұйқы болса, көп сөз көп қыдырудың да еншісінде. Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды - деп түйген халық. Уақыттың қадірі Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта орнында қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған анадан сұра. Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра. Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра. Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра. Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған спортсмен жүгірушіден сұра. Уақыттың бос өткендігінен сақтану керек, бос отыру айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін. Уақытыңды ізгі істерге жұмса: білім алуға, ата - ананың алдындағы міндеттерді орындауға, жетім - жесірге көмектес, мамандығыңды жақсы игер, мәнді пайдалы іске ұмтыл. 9. Қонақтарға сөз беру 10 Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз? Түсінгенім........ Түсінгенім.... ешкімді қинап жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері біледі. Түсінгенім.... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір - ақ сәт. Түсінгенім.... ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек. Түсінгенім.... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек. Түсінгенім.... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін. Түсінгенім.... жүрегің қанша жылап сыздаса да дүние сен үшін тоқтап қалмайды. | |
Просмотров: 816 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|