Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы №2 Ақсуат орта мектеп жанындағы интернат Мухаметжанова Майра Азимбековна, балалар тәрбиешісі «Ардақта ата - анаңды!» Мақсаты: Білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу; Дамытушылығы; Халқамыздың тәлім - тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту. Тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайдтар, жадынама, нақыл сөздер Әдісі: Интерактивті технология. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру Мұғалім: Қымбатты ата - ана, ұстаздар! Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу. Алдымен сүй, ардақты ата - анаңды, Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда Мейірімінен ананың жасалады. Жырақ жүрген ата - анасын сағынған Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан. Екеуінің қуанышы, тілегі Әрқашан да бір арнадан табылған 2. Сөзжұмбақты шешу. (слайд4 ) (Отбасы) Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата - ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез - құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу 3. Жұмбақты шешу (слайд 5) Маған да, саған да Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан Бәріде өз жұртың, Айтады кәне кім атын? (Ата - ана) 4. Ата - аналар туралы дана сөздер оқушылар дайындаған. (слайд 6) Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып ана, әке, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелуші. 5. Аңыз тыңдау «Қарт пен бала әңгімесі» (слайд 7, 8) Аңыз: «Қарт пен бала әңгімесі» Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:- Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді. Қарт:- Балам, мен балалар кітапханасында болғалы жатқан «Ардақта ата - анаңды» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде: Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала. Қарт:-- Балам, үйдің алтын қазығы кім? Бала:- Ата, үйдің алтын қазығы – бала. Қарт:-- Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа. Қарт:-- Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Бала:- - Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейрімді әке. Қарт:-- Жоқ балам, әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін – АНА. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет? Бала:- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет. Қарт:- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді. (Енді оқушыларға сұрақ қояды) Қарт:- Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады екен? Оқушы: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында. Қарт:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым? Оқушы: Адамға ақыл беретін – ата - ана, ұстаз, досың. Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Қарт: «Өмірде не жетім?» деген сұраққа өзім жауап берейін. Өмірде жеті жетім бар. 1. Өмірде ата – анасы жоқ болса, бала жетім. 2. Халқына сенімсіз болса, халқы жетім. Ханы ақылсыз болса, халқы жетім. 3. Суы жоқ құдық - жетім. 4. Досы жоқ жігіт – жетім. 5. Шәкіртсіз ұстаз жетім. 6. Қызы жетесіз болса, ана – жетім. 7. Ата – ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім. Иә, балалар, сендер ата – ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар. Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата - аналарыңды сыйлай біліңдер! Әумин! Сен ата - ананың қарызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл - ой, парасат биігінен қарағын. Сені жан - ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратындай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет етсін десең, сен де ата - анаңды құрметте, сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата - анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны. 6. Ана туралы хадистер(слайд 9) 7. Балалға және ата - аналарға сұрақтар қою. (слайд 10, 11) 8. Мақалдың жалғасын тап ойыны: 1. Атаға қарап -... бала өседі Анаға қарап -... қыз өседі 2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада 3. Ата - ананың қадірін, балалы болғанда білерсің 4. Атаның баласы болма, елдің баласы бол 5. Ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілерсің 6. Қарағайға қарап тал өседі Отбасына қарап бала өседі 8 Жұмбақтарды шешу. (слайд 12) Әлпештеп өзіңдей өсірген Нағашы әжеңнің баласы Төрінде жалпиып көсілген Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім? (ана) Айтары мол ғұлама Көп жасаған бұл адам Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған Ол кім? (ата) Аймалайды күнім деп Мейірімді жүзі күлімдеп Тәтті - ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп Ол кім? (әже) Атаңның баласы Кей кезде таласып Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге Ол кім? (әке) 9 Ата - аналар сұрақтарға жауап береді (слайд 13) 10. Жағдаяттарды шешу (слайд 14) 11. Отбасымен бірге слайд шоуға шолу. (оқушылар таныстырып өтеді). 12. Қорытынды. (оқушылар дайындаған өлең жолдарын оқып беру) - Не тәтті? Ананың сүті - Не жұмсақ? Ананың қолы - Кім жақын? Тату болса ағайын жақын, Бауырмал болса, інің жақын - Не қымбат? Алтын ұяң Отаның қымбат, Құт – береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Бәрінен де ұят пенен ар қымбат. | |
Просмотров: 1330 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|