Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол». Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер, интерактивті тақта, слайт. ІІ. Мұғалім сөзі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады Тәрбие сағатының барысы: І. Ой қозғау. - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан мемлекеті туралы не айта аласың? - Ұлттық рәміздеріміз туралы не білесіңдер? - Біздің тұңғыш президентіміз кім? Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды. «Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді. «Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы. «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін. Мәңгілік ел” қақпасы – әлемдегі санаулы қа¬лаларға тән ерекше сәулеттік-монументалды туынды. Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылғанын айта кетейік. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл барельефтер нысанның төменгі жағында орналасқан. Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Санаға сіңген осынау дәстүрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. Жолдаудан үзінді Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макр өңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань. Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым – жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі. Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды. Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ. Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз. Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс. Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет. Менің Президентім. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілдеде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақшаөсіруіне көмек көрсетуі керек болды, шөпшек теріп отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын мандағы темір жол станциясына бару Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Теле экраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Менің Президентім. Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы жиырма жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткерлер, президенттер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес? Мен Президентімізді жақсы көремін және соған ұқсағым келеді. Мұғалім: Құрметті ұстаздар оқушылар! Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Коммунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын сондықтан, өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды. Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13. 03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973 - 81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп - интернатта 8 - жылдық білім алған. 1981 - 83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп, 1984 - 86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады. Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савицскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6 - ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды: Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет - құрылыс институтының 1 - курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтық ең ауыр - өлім жазасына кесілді Асанова Ләззат Алтынайқызы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч - щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. 1-оқушы:Дильназ Тәуелсіздік бізге оңай келмейді, Бұны ешкім аяп ешкім бермейді. Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Тас көшеде тас -талқан боп өлгені. Ақталды бодақтардың ақ талабы, Әділ іс әрқашанда ақталады. Елі үшін жанын қиған асыл жандар. Ел есінде мәңгілік сақталады. 2-оқушы: НұрасылТәуелсіздік биік болсын,тұғырың. Тарылмасын терең алған тынысың Бұдан алған күндеріміз құрсын, Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың. 3-оқушы:Дарянна Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым. Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым. Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның. Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның 4-оқушы:Ерасыл Тұрағым Қазақстан елді мекенім, Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен. Танытқан бар әлемге қазақ атын, Туымды асқақтата желбіретем V.Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Жолдау тақырыбы: «Нұрлы ......»(жол) 2. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі кім туралы? (Шоқан) 3. Елбасының есімі? (Нұрсұлтан) 4. Бес қарудың бірі. (Садақ) 5. Дала жұлдызы кім? (Алтынсарин) 6. Мемлекеттік рәміз? (ту) Дайындаған: Омарханова Әсем Болатовна «№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ Аягөз қаласы ШҚО Источник: http://елбасы жолдауы | |
Просмотров: 1155 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|