Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Уызбай ауылының №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Канафина Самал Баизыкеновна Тәрбие сағатының тақырыбы: «Болашақ энергиясы – ЭКСПО-2017» Мақсаты: -2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру; -көрме өткізу бойынша ой-пікірін білдіруге үйрету; -өз Отанымен мақтану, мақтаныш сезімін ояту. Түрі: сыныптан тыс жұмыс, топтық. Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, бейне материалдар. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Барысы: 1.Тәрбие сағатының эпиграфы: «Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады» Н. Ә. Назарбаев. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: 1 - топ: «Болашақ» 2 - топ:«Энергия» Сайыс төрт кезеңнен тұрады: 1 - кезең: Дүниежүзілік көрменің тарихы 2 - кезең: Баламалы энергия көздерін қолдану және пайдалану 3 - кезең: Баламалы энергетиканың жүзеге асырылуы 4 - кезең: ЭКСПО - 2017 жобалары Кезең бойынша әр топ тақырыпқа талдау жасайды. 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Екі топқа сұрақ талқылауға: 1. Қазірдің өзінде қанша көрме өткізілді? 2. Көрме дегеніміз не? Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер: «EXPO 2005, Аичи» Жапония • Келушілердің саны: 370 000 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м. • Тақырыбы: «Табиғат даналығы» «EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы; • Келушілердің саны: 361 500 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м. • Тақырыбы: «Су және тұрақты даму» «EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы • Келушілердің саны: 446 000 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м. • Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі» Екі команда «Астана» жайлы үй тапсырмасымен таныстыру 1 - топ: «Болашақ» Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. 2 - топ:«Энергия» Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұғалім: ЭКСПО - ның пайдасы қандай? Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді. Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады. Сәкен Асыл мен Жәнел Айшаның орындайында ән «Жаса, Қазақстан!» Мұғалім: Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жаңа белгісі Астанада бекітілді - «Жел энергиясы». Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұғалім: Екі топ та белсенді ат салысты. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! Осы тәрбие сағатын «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз. Источник: http://sholakova.gulnur@mail.ru | |
Просмотров: 2695 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|