Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тақырыбы: «Қазақстан – менің отаным» Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын, патриоттық сезімдерін ояту. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, ұсақ қол ептілігін дамыту, елжандылыққа, адамгершілікке, өз, тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жалғастыруға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд, Рәміздер, дидактикалық материалдар. Сабақтың барысы: -Балалар, бүгін күн қандай тамаша! Қанеки, осындай тамаша күнде бәріміз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші... Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдар ма? Ендеше күнге сәлем берейік -Сәлем бердік шуақ күн!(Қолдарын жоғары созып аяқтың ұшымен тұрып созылу) --Сәлем бердік ашық аспан!(Қолдарын жаяды) -Сәлем бердік Жер-Ана!(тіземен отырады) -Сәлем бердік баршаңызға достарым!(иіліп сәлем беру) Міне, күн де оянып, сендерге жылуын таратты.Жылу бүкіл денемізге тарап, бізді жылытты. - Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз? - Елбасымыз кім? - Елордамыз қалай аталады? - Біз тұратын қала қалай аталады? -Алдымызда келе жатқан мереке? Балалар, сендерді келе жатқан еліміздің тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Сендерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілей отырып, бүгінгі сабағымызда біздер Туған еліміз, Ата заңымыз, рәміздер туралы айтамыз және тәуелсіздік күніне арнаған өзіміздің сыйлықтарымызды дайындаймыз. -Сен қай елде дүниеге келдің? -Сен қай елде дүниеге келсең де, ол жер түгелдей сенің туған жерің. –Біз Қазақстанда тұрамыз. Ол-біздің Отанымыз. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды басынан өткерді. «Тәуелсіздік» дегеніміз – өз еркіміз өзімізде, жеріміз, теңдігіміз бар дегенді білдіреді. Қазақстанда көптеген халықтар-қазақтар, орыстар, украиндар,ұйғырлар, корейлер, татарлар және басқа ұлттар тұрады. Барлық халықтар тату-тәтті өмір сүреді. Отанымыздың игілігіне қызмет етеді. Біздің еліміздің өз рәміздері-Елтаңбасы, Туы, Әнұраны және Конституциясы бар. Қазақстанның Туы бұлтсыз ашық аспан сияқты көк түстес. Ол біздің мемлекетіміздің басқа мемлекеттермен мейірбан, бейбіт қарым-қатынас жасайтынын көрсетеді. Нарұл: Көк жүзінде көгілдір, Азаттықтың алауы. Желбірейді аспанда Қазақстан жалауы. Қазақстанның Елтаңбасын мұқият қара. Онда шаңырақ, қанатты тұлпарлар және жұлдыз бейнеленген. Бекзада: Қазақстан – Отаным Әлем білген атағын. Жарқырайды әр таңда Мемлекеттік елтаңба. Әнұран – еліміздің салтанатты әні. Онда халықтың жетістігі, қаһармандар, мемлекеттің сән-салтанаты мен күш-қуаты туралы айтылады. Айторғын: Алтын күннің астында , Желбірейді туымыз. Қазақ деген халықтың Ұлы менен қызымыз. Конституция – елдің басты құжаты. Онда азаматтардың құқығы мен міндеттері жазылған. Сендер жақсы оқуға, білімді азамат болуға, өзіңнің жақындарыңды және Отаныңды сүюге міндеттісіңдер. Нұрлыбек: Ата заңым – тірегім, Арман, үміт тілегім. Өрлеп өскен бүгінгі, Өз Отаным, Ұлы елім. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президентін сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10 –нан бастап Қазақстан мемлекетінің елордасы атанды. Дәулет: Сарыарқа төсінде, Сән беріп Есілге, Жас қала – бас қала Астана өсуде. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? - 5 мемлекетпен шектеседі. Ойын-тапсырма: Қазақстан картасы және онымен шектесетін мемлекеттерді тақтаға орналастыру. Балалар енді сабағымыздың негізгі кезеңіне келдік. Келе жатқан мерекеге орай енді өз сыйлықтарымызды дайындайық. Нарұл «Бәйтерек» Нұрлыбек «Қыран құс» Дәулет «Қазақстан картасы» Айторғын «Тұмар» Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте өнерлі екенсіңдер. Өнерлерің өрге жетелеп, туған еліміздің абыройлы азаматтары болыңдар. Бекіту: Сөзжұмбақ. О Р А Л Т У А С Т А Н А Ә Н Ұ Р А Н 1.Біз тұратын қала? /Орал/ 2.Аспан түстес көгілдір, Биікте тұр желбіреп. /Ту/ 3. Елордамыз қай қала? /Астана/ 4.Әр дүйсенбіде ертеңгілік айтылатын ән. /Әнұран/ Анамыздың тілеуі-ақ Отан бізде біреу-ақ Алтай, Жайық арасы Жарты әлемдей даласы Ол –бідің Қ а з а қ с т а н ! (бірге) Қорытынды : Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылды. Балалар, сендер болашақтың иесісіңдер.Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімі ешқашан бұзылмасын! | |
Просмотров: 716 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|