Сабақтың тақырыбы: «Қиын жағдайда достар өзін қалай ұстайды?» рөлдік ойын Сабақтың мақсаты: 1. Адамзат қарым қатынасындағы достықтың орынын бағалау; 2. Жақын достарыңызға байланысты қын жағдайларда өзін өзі ұстау дағдыларын қалыптастыру; 3. Достықтың өзара түсінушілікке, шыншылдыққа, құрметке негізделгенін көрсету. Сабақтың көрнектілігі: Сыныптағы орындықтарды топқа арнап қою керек, карточкалар Сабақтың түрі: тренинг, жаттығу жүргізу Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру; 2. Жаттығу шартымен таныстыру; 3. Жағдайды көрініс арқылы көрсету, топтық талдау жүргізу 4. Қорытынды жасау. Алғы сөз Оқушылардың көңіл күйін анықтау. Сіздер өздеріңіздің қазіргі көңіл күйлеріңізді қандай жеміс- жидекке теңестірер едіңіз. «Бойымен сапқа тұру» Барлығымыз орнымыздан тұрайық. Сөйлеуге болмайды. Сіздер өздеріңізді мылқаулар деп ойлаңдар және сіздерге бойымен тұрып шығу керек. Бастайық! Нәтижеге тез жету үшін не істеу керектігін алдын ала келісіп алыңыздар. «Құдық» туралы хиқая Бір күні есек құдыққа түсіп кетті де бар дауысымен көмекке шақырып, бақыра бастады. Оның айғайына қожайыны жүгіріп келді де, қолын бірақ сілтей салды, себебі есекті шығару мүмкін емес еді. Осы кезде қожайын мынадай ойға келді: «Менің есегім өте кәрі, ол біраз уақыттан кейін өзі де өліп қалады, ал мен болсам жас есек сатып алуым керек. Бұл құдық кеуіп кеткелі қашан, ал мен оны жауып тастап, жаңадан құдық қазып алайын деп жүр едім. Неге осы жағдайды пайдаланып екі қоянды бірден атып алмасқа, яғни ескі құдықты жауып, сонымен қатар есекті де көміп тастаймын» деген ойға келеді. Ол көп ойланбастан, көршілерін шақырып, барлығы бірлесе, құдыққа топырақ тастай бастады. Есек қанша бақырса да оған көңіл бөлмей адамдар топырақты тастай берді. Біраз уақыттан кейін есекті дыбысы шықпай қалды. Қожайын есектің дыбысы шықпаған соң құдыққа қарағанда ол мынадай көріністі көреді. Есектің үстіне түскен барлық топырақты ол қағып тастап, аяғымен басып отырған екен. Біраз уақыттан кейін есек тіпті құдықтың бетіне шығып, одан секіріп түседі. Міне осылай... Мүмкін сіздердің өмірлеріңізде де әр түрлі жағымсыз оқиғалар болған шығар. Бірақ барлық жағдайды н шешімін табуға болады. Ендеше бүгінгі біздің сынып сағатымыз … «Қиын жағдайда достар өзін қалай ұстайды?» рөлдік ойын Ойын барысында оқушылар қиын жағдайларды сахналайды, оны талдайды, содан кейін одан шығудың жолдарын ұсынады. Сондықтан, оқушыларда өздерін ұстауы мен достары арасындағы қарым-қатынасқа анықталған қөзқарас қалыптасады. Сонымен қатар, қиын жағдайларда өздерін ұстау дағдыларын қалыптасады. Сынып карточканың санына сәйкес 4 топқа бөлінеді. Содан кейін топ ішінде тапсырылған жағдайды талдап, 10 минут ішінде сахналық көрініс дайындайды. Дайындалған көріністі барлық сынып оқушыларына көрсетеді. Жаттығудың шарты: Сіздер топқа бөлінесіздер. Содан кейін топ ішінде тапсырылған жағдайды талдап, 15 минут ішінде сахналық көрініс дайындап және одан шығу жолдарын ұсынуы тиіс Дайындалған көріністі барлық сынып оқушыларына көрсету керек. Жағдай №1 Сіз досыңыздың достасып жүрген қызының басқа бір жігітпен кездесіп жүргенін білесіз. Сіздің досыңыз бұл туралы ештеңе білмейді. Сіз бұл туралы оған айтасыз ба? Бұл жағдайды досыңызға қалай жеткізесіз? Жағдай №2 Сіздің досыңыз ағылшын сабағын босатты. Ол сізге сабақты босату себебін айтты. Оның айтуы бойынша ол ағылшын сабағына дайын емес, сондықтан аурып қалып, дәрігерге барамын деді. Шындығында ол бір сабақ бойы бос жүрді. Ол сізден осы мәселе бойынша ата- ананың алдында өзін жақтап сөйлеуді ұсынады, себебі оның ата -анасы сіздің сөзіңізге ғана сенеді. Бұл жағдайда сіз өзіңізді қалай ұстайсыз? Жағдай №3 Сіздің досыңыз сізден екі жас үлкен. Сіздің ата- анаңыз бұл туралы біледі және онымен дос болуға тыйым салды. Бұл достық сіздің оқуыңызға ешқандай бөгет жасамайды, сонымен қатар, оның ата- анаңызбен қарым- қатынасыңыз жақсы. Бұл жағдайда не істер едіңіз? Сіз ата -анаңызға бұл достықты қорғап қалу үшін не айтар едіңіз? Немесе осы достықтан ата- анаңыздың сөзіне байланысты бас тартар ма едіңіз? Жағдай №4 . Мұғалім сабақты бастауға кірісті, барлық оқушылар тынышталды, кенеттен сіздің досыңыз өте қатты күлді. Мұғалім ештеңе айтпай жатып, досыңыз «Мен сізге қарағанда ылғи да күлкім келеді. Сіз сабақ бастағанда, мен қатты күлдім» деді. Осы жағдайдан сіз жолдасыңызға калай көмектесер едіңіз? Досыңыздың қылығыңызды дұрыс деп санайсыз ба? Оны басқа сыныптастарыңызға қалай түсіндірер едіңіз. [iҚорытынды жасауға арналған сұрақтар: • Осы жаттығудың басты мақсаты неде деп ойлайсыздар? • Мұндай жағдайлар сізге таныс па? • Топта жауаптарды қалай анықтадыңыздар? • Сөз таластырдыңыздар ма? Араларыңызда келіспеушілік болды ма? • Достар арасында идеалды қарым қатынас болады ма? [/r][/r]
|