Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Тренинг Тәртіп ережесін білесіз бе? Мақсаты: • Оқушыларды адами қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеу • «Эстетикалық тәрбие», «этикетпен» таныстыру Тәртіп ережесін білесіз бе? Жағдаят Теміржолы вокзалында болған жағдай. Кассада үлкен кезек. Дәліз іші тығыз әрі ыстық. Бір қария шаршағанын, аяғының ауырғанын айтып, кезек сұрады. Соғыс ардагері екенін айтты. Өкінішке орай куәлігін асығып жүріп үлкен сумкаға салып жібергенін де айтты. Оқушыларға арналған сұрақтар: -Сіздің ойыңызша, қарияның өтінішіне кезекте тұрған адамдардың әрекеті қалай болады ? -Сіз не істейсіз, осындай өтінішті естісеңіз? Кезекте тұрғандардың реніштері естілді: «Әжесі, үйіңде отыруың керек еді». «Соғыс қашан болып еді, ұмытатын кез келді ғой» Бұл кезекте кезектегі жастардың даусы болатын. «Куәлігің болса-көрсет»-деп айқайлады белгілі «фирмадан» киінген сәнді жас жігіт. Осы кезде «Өткізіп жіберіңізші, мен куәлікпен» - деген дауыс естілді. Кезектің соңында тұрған қолында қызыл куәлігі бар сары шашты, ұзын бойлы жас жігіт кассаға бұрылды. Тұрған адамдар «жұлдызды батырды» көргендей қарай қалды. «Шешей, қай бекетке дейін»,- деп сұрады жігіт әдеппен. Сәлден соң билет қарияның қолында болды. Оқушыларға арналған сұрақтар: -Сіз адамдардың тәртібін қалай бағалайсыз? - Белгілі «фирмадан» киінген сәнді жас жігіттің қарияның өтінішіне әрекетін қалай бағалайсыз? -Қарияға көмекке келген жігіттің әркетін қалай бағалайсыз? -Неге ол кезексіз алу құқын пайдаланып, билетті өзіне алмады? -Болған жайттан соң кезектегі адамдардың әрекеті? Қария кеткен соң, жаңағы жас жігіт өз орнына кезекке келіп тұрды. Кезектегілер үнсіз. Осы сәт бір -бірінің көзіне қарауға ұялды. Оқушыларға арналған сұрақтар: -Жас жігіт адамдарға қандай сабақ берді? - Оның әрекетінің әсемдігі қалай көрінеді? -Кезектегілердің бірі –біріне қараудан ұялу себебі неде? | |
Просмотров: 1696 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|