Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Ертең гілік "Рахмет саған, Әліппе"
Қарағанды қаласы
Октябрь ауданы
№ 56 орта мектебі
Сапаргалиева Назымгул Ермековна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ертеңгілік «Рахмет саған, Әліппе!»
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Ата – аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс
жүзінде көрсету.
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсіну.
Көрнекіліктері: «Рахмет саған, Әліппе!», нақыл сөздер, шарлар, оқушылардың үлгілі таза дәптерлері, Ы.Алтынсарин портреті.
«Тойбастар» - мұғалімнің сөзі: Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан
Әліппе кітап тіл ашқан.
- Армысыздар, құрметті ата- аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «А» сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы келіп отырсыздар. Хош келіпсіздер дей отырып, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
Әнұран – оқушылар орындауында.
1 – оқушы Жанель: Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
2 – оқушы Серикбол: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
3 – оқушы Аяжан: Біз енді өзіміз – ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерімізді бөгетсіз оқи аламыз.
4-оқушы Дамир: Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ
Әліппемен қоштаспақ.
Ән: «Бала тілегі»
Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын, соған жауап айтыңдаршы?
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті – Әліппе!
Ол сүйікті – Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.
Әліппе ортаға шығады:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар.
«Әліппең» келді ортаңа.
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
5- оқушы Бақдәулет: Ең алғаш қолға алған әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
6- оқушы Нұрсауле: Әр күнім алып келер жаңалықты,
Тоқимын оқып, біліп жаңа әріпті.
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,
Жаным да сағат сайын жаңарыпты.
7 – оқушы Алиби: А- ны айтқанда даусым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Мен оқимын айырып, буынды енді.
8 – оқушы Еркеназ: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Алфавиттер шығыңдар,
Бастайық кәне айтысты.
9 – оқушы Нұрқұлан: Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде, түсінші.
10- оқушы Каир: «А» деген ол – аналар ғой ардақты.
11 – оқушы Мейрамбек: «Ә» деген ол – әкелер ғой салмақты.
12 – оқушы Диана: «Б» деген ол – балалар ғой әдемі
13 – оқушы Димаш: Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Ән «Айгөлек»
14 –оқу. Данагазы: «Б» дыбысын өткенде дастарханға бата беруді үйрендік.
Берейік бата асыңа, Жоқ екем деп жасыма,
Амандық берсін басыңа. Еңбек етсең ерінбей,
Қыдыр келсін қасыңа, Дәулет келер қасыңа.
Бар екем деп тасыма, Әумин!
15 – оқушы Ерасыл: «Ө» дыбысын өткенде бабалардың өнегелі өсиетті сөздерімен таныстық.
Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.
Мадина: Ынтымақ болмай іс оңбас.
Гаухар: Ашу – дұшпан, ақыл – дос . Ақылыңа ақыл қос.
Мейрамбек: Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Диана: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.
16 – оқушы Каир: Отан – менің ата-анам, Отан – өлкем, астанам,
Отан – досым, бауырым, Отан – туған ауылым.
17 – оқушы Данагазы: Елімізде атақты Бәрін – бәрін білерсің,
Ғалым ата не тапты. Оқи берсең кітапты.
«Е» дыбысын өткенде таңғажайып ертегілер еліне саяхат жасадық. Ертегі ден көрініс. «Бауырсақ» ертегісі
Би «Балапандар биі»
18 - оқушы Нұрқұлан: «Қ» дыбысын өткенде «Қошақаным» әнін үйрендік.
Ән «Қошақаным»
19 – оқушы Бақдәулет: Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз болмайды,
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Мұғалім: Олай болса, алғашқы «Әліппені» кім жазды?
Хормен: Ыбырай атамыз!
Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин аталарың қандай өсиет қалдырған?
20- оқушы Аяжан: Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Мұғалім: Балалар, әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппеге не айту керек?
Хормен: Рахмет саған, Әліппе!
Ал енді сүйікті Әліппеге арналған өлеңдеріңді тыңдайық!
21 – оқушы Гаухар: Ашылды енді алдымнан,
Кең дүние есігі,
Соғылған сомдап алтыннан.
Әліппе – білім бесігі!
22 – оқушы Серикбол: Әліппем, менің Әліппем!
Өмірді көрем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп – көп рахмет!
23 – оқушы Димаш: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
24-оқушы Алиби: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән «Ақ көгершін»
Әліппе: Рахмет, балалар! Әріп танып тақылдап сөйлей аласыңдар. Сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.
– Балалар, сендер білесіңдер ме, биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?
- Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
- Еліміздің басшысы кім екен?
- Жарайсыңдар! Өздерің көп біледі екенсіңдер. Енді сауатты жазумен мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырып, сендерді табыстырайын. Ол ана тілі пәні.
Ана тілі: Туған елдің тілімін, Ана тілім – елдігім,
Ақылыммен танылам. Ана тілім – ерлігім.
Түсіндірер бәріңе, Ана тілім болмаса,
Ана тілі пәнімін. Бүтінделмес кемдігім.
Әліппе: ( бата береді) Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл – қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман – есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер – білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
Оқушыларға естелік ретінде Әліппені бітіргендігі жөнінде диплом және кітапша таратылады.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңына,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Ата – аналардың тілектері
«Қара жорға» биі
Категория: Классному руководителю | Добавил: Nazym (2011-12-21) | Автор: сапаргалиева назым ермековна E
Просмотров: 5160 | Комментарии: 6 | Теги: Начальная школа, прощание с букварем | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 8:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru