Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Куземханова Жанара Каукербековна, Ә. Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернат тәрбиешісі . Данышпан Абай атамыз қазақ баласының бойында: « Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – тәрбиешінің міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл дегеніміз – санасына білім нәрін құя білу, ал жылы жүрек дегеніміз – эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру» – деп түсінемін. Бүгінгі күні біздің Қарағанды қаласының қақ ортасындағы Шығыстың қос шынарының бірі, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында жоғарыда айтылған қағидаларға толық жағдай жасалған. Мектебімізде тәрбие, оқу, спорт бірінен-бірі бөліп алғысыз егіз дүние сынды біте қайнасып кеткені шындық. Осыларды ұштастыра, яғни біріктіре отырып, салауатты өмір салтын қолдай білетін бүгінгі заман талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеу – басты міндет. Оған нақты айғақ ең алдымен тәрбиеленушілердің жатын орны, демалыс бөлмесі, оқу сыныптары, жаттығу залдары, баланың денсаулығын қатаң бақылап отыратын арнайы медициналық кабинеттер мен асхана биыл Ел басымыздың «Жол картасы» бағдарламасы бойынша заманауи талаптарға сай жөнделіп, жабдықталғаны көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстан спортшыларының спорттық шеберлігінің артуы, жарыстарда, жаттығуда жоғарғы натиже көрсете алуы және өзінің жақсы жағымен, мәдениеттілігімен басқаға үлгі бола білуі, сол ұйым спортшыларының арасында тәрбие жұмысының жақсы жолға қойылуына байланысты. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие жұмысында қазақ баласының келбетін қалыптастыру үшін: - ақыл, парасат, сананы қалыптастыру; - танымдылық, эстетикалық, достық, жолдастық сезімге тәрбиелеу; - ата-анаға, туған-туысқа, туған жерге сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; - бауырмалдық, туысқандық , мұрагершілікті тәрбиелеу; - еңбек сүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу; - адамгершілікті тәрбиелеу; - салауатты өмір сүруге тәрбиелеу; - қамқорлық, құрмет тұту рухына, сыйластылыққа тәрбиелеу; - әдептілік пен ізгілікке тәрбиелеу; - ерлік пен намысқорлық сезімге тәрбиелеу керек. Тәрбиеленушілердің бойына осы қасиеттерді тәрбие сағаттары арқылы дарытамын. Тәрбие сағаттарын өткізудегі басты мақсат тек ақыл айту, баланын қателігін бетіне басу емес, ынтымақтастық қатынастарды, бір-біріне деген жылы сезімдерді ұйымдастыра білуге ықпал ету. Ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбие де болмайды. Біздің мектебімізде дәстүрлік тәрбие сағаттары - «Жігіт Сұлтаны», «Нағыз Қазақ!» жыл сайын өткізіліп отырады. Мақсаты оқушылар арасындағы қабілетті, яғни сегіз қырлы, бір сырлы жігіттерді анықтау, олардың бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білуге бағыттау. Оқушылардың туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін нығайту мақсатындағы «Гүлдене бер, Қазақстан», «Арманға бірге барайық», «Қызы батыр ел- ұлы ел», «Отан үшін от кешкендер» және т.б, сондай-ақ рухани – адамгершілікке тәрбиелеу мақсатындағы «Ертеңгі мінез-құлық – бүгінгі әрекетіңде», «Сыртқы пішін мәдениеті», «Мәдениетті адам» және т. б. тақырыпта өткізілген тәрбие сағаттары жас спортшылардың эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, жаттықтырушыларға, өз қарсыластарына әрқашан әдептілік таныту, өз – мінез құлқын үнемі бақылап отыра мейірімділікке, ізгілікке, сұлулық қағидаларын берік ұстана білуге баулыса, ал салауатты өмір сүруге бағытталған тәрбие сағаттары, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіне білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге ықпал ететін «Ғасыр індеті СПИД – ажал аралы», «Ағзаға насыбайдың зианы» және т. б. «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында, жаттығу орнында, үйде және басқада орындарда үсті – басын таза ұстап, ұқыпты, таза жүруге ұмтылдыру мақсатында мектеп дәрігерінің қатысуымен үнемі әңгімелер өткізіліп тұрады. Сондай –ақ тәрбиеленушілерді үлгілі іс- әрекеттеріне сүйеніп, өзіне - өзі есеп беруге машақтандыру үшін өнер адамдарымен, спорт ардагерлерімен кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырып отырамыз. Тәрбиеленушінің қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс – оның бос уақыты. Бос уақытты тиімді пайдалана білу үшін тәрбиелік мәні бар тақырыптық кинофильмдер және театрлық қойылымдар көруге, мұражайға, бассейнге, мұз айдынына барып, әртүрлі жарыстар ұйымдастырамыз. Онда бала ағзасы демалып, күш – қуаты жөнге келіп, өмірге қызығушылығы арта түседі. Аталған іс – шаралар жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен атқарылуының нәтижесінде жан – жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол Қазақстан туын көкке көтеріп, ел намысын қорғап, ел мақтанышы бола алатын спортшылар шығарына күмәнім жоқ. Әрине, айта берсе атқарылған жұмыстар аз емес, осы орайда «Қимылдаған қыр асар» деген ұлағатты сөздің бекер айтылмағандығын ескере отырып, мектеп – интернатындағы тәрбие жұмыстарын біліммен ұштастыра біліп, спорт пен білімді қатар алып жүретін, мәдениетті, өнерлі, ұлттық тәрбиемен сусындаған Отансүйгіш шәкірт тәрбиелеу жолында қажымай – талмай еңбек ете беремін. «Ұстаз болу өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» мәртебелі кәсіп екеніне мектепте өткізілген әр сағатым дәлел бола алады. Мектебіміздің мақтанышпен айтатын оқушылары: Хобдал Қабанбай Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шебері Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі • Қазақстан Республикасының дзюдодан чемпионы • 2011 жылы Оңтүстік Африкада Кейптаун қаласында өткен Дүниежүзілік жастар арасындағы чемпионатының қола жүлдегері. • 2011 жылы Германияда өткен Халықаралық турнирдың қола жүлдегері. • 2011 жыл Чехияда Европалық кубоктың қола жүлдегері. Сыздыкова Эльмира Қазақстан Республикасының еркін күресінен спорт шебері Қазақстан Республикасының еркін күресінен командасының мүшесі • 2008 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионы • 2011 жылы Дүниежүзілік жастар арасындағы чемпионатының қола жүлдегері. Ақшонтаев Айдос Қазақстан Республикасының қазақ күресінен спорт шебері Қазақстан Республикасының дзюдо және қазақша күрес командаларының мүшесі • Қазақстан Республикасының дзюдодан чемпионы • 2002 жылы Өзбекістан Республикасында Учкун Муратовқа арналған қалақаралық турнирдің жеңімпазы. • 2005 жылы қазақ күресінен Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. Ширшов Александр Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі • Қазақстан Республикасының жастар арасында дзюдодан чемпионы • Дүниежүзілік кадеттер арасындағы чемпионаттың қатысушысы • Халықаралық жастар арасындағы турнирдың жеңімпазы Мусаинов Архат Қазақстан Республикасының самбодан спорт шебері және дзюдодан спорт шеберіне кандидат Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі • 2009 жыл Германияның Бремен қаласында өткен Халықаралық турнирдың чемпионы. • Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирлердің жеңімпазы • Халықаралық турнирлердің жүлдегері Мауленин Абилқайыр Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат Қарағанды облысының жастар арасында дзюдо командасының мүшесі • Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирдің жеңімпазы • Қазақстан Республикасының дзюдодан мектеп-интернаттар арасындағы турнирдің жүлдегері • Халықаралық турнирлердің жүлдегері Божик Ерасыл Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат Қазақстан Республикасының дзюдо командасының мүшесі • Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирлердің жүлдегері Какимов Ардақ Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шеберіне кандидат Қарағанды облысының жастар дзюдо командасының мүшесі • Қазақстан Республикасының дзюдодан кіші жас арасындағы чемпионаттың жемімпазы • Қазақстан Республикасының дзюдодан жастар арасындағы турнирлердің жемімпазы Бүгінгі таңда, жаһандану үрдесі кең өріс алып отырған дәуірде шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты – сауқатты, жан – жақты мәдениетті спортшы тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Әдебиеттер: Қазақстан мектебі 2007 1-12, 2001 Даулет Ғылыми- педагогикалық журнал. | |
Просмотров: 10873 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|