Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

«Тапқыр болсаң, талас жоқ!»
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Мақсаты:
Тәрбиелік:Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді
пайдалануға белсендіру.
Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің
нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
Куратор сағатының түрі: Сайыс
Көрнекіліктер:
I. Бірінші бөлімге «Ең көрікті және тартымды» (сайыстық бағдарлама): жеңімпаздарды анықтауға арналған жетондар, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған слайдтар.
Алдын-ала жұмысы:
Алдын-ала сайысқа қатысқысы келетін әрбір сыныптан топтар (6 оқушы), яғни, бірнеше қыз және ұл балалар таңдалынып алынады. Сайысты екі жүргізуші жүргізеді. Шақырылғандар әділ-қазылар мүшесі болады.
Сынып сағатының өтілу жолы:
1 Жүргізуші:
Әкелетін отабасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2 Жүргізуші: Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
1 Жүргізуші: Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.
2 Жүргізуші: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
1 Жүргізуші:
-Ұстаздар және арулар! көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз-күн мерекелеріңіз құтты болсын!
2 Жүргізуші. Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық.
1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.
1Жүргізуші:
1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петерборг қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын.
1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.
2 Жүргізуші: Сонымен, бүгін біз осы залда «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сайысымызды өткізуге жиналып отырмыз.
1Жүргізуші: Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды шақырамыз. Топтар өздерін таныстырып, жылы лебіздік құттықтау сөздерін жеткізуі тиіс.
(Топтар орналасып болғаннан кейін сайыс басталады.)
Бірінші сіздерге сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап бергендерге жетондар таратылады.
2 Жүргізуші: Бірінші сайысымыз «Кім тапқыр». Сұраққа тек қана қыз балалар ғана жауап береді. Жетондар көп алған топ жеңіске жетеді.
1-Жүргізуші:
1. Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)
2. Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз? (ана).
3. Бақа ханшайымы шын өмірде кім болған? (Василиса Прекрасная)
4. Өнімі жердің астында өсетін көкеністерді атаңдар. (картоп, сәбіз, қызылша, сарымсақ, пияз).
5. Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді? (апасы)
6. Майсыз дәмді кашаны қалай пісіруге болады? (әзіл: үлкен махаббатпен).
7. Қасиетті тағам. (нан)
8. Ең киелі құс. (аққу)
9. Қабат қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)
10. Ананың көңілі балада, ... жалғастыр (баланың көңілі далада).
11. Анашым шалқып күлсең, алдымда ұзақ жүрсең.
Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Әннің авторы кім? (Нұрлан Өнербаев)
12. Қыздар атаулары кездесетін ертегілерді атаңыз. (Золушка, Түйме қыз, Мақта қыз бен мысық және т.б.).
(жылы лебізді музыка ойнап тұрады).
Екінші сайыс: «Сәлемдесу мимикасы»
1 Жүргізуші: Әлемдегі барлық адамдар кездескенде амандасады. Кейбіреуі қолдарын қысады, кейбіреуі қалпағын шешеді, кейбіреулері бір-бірін құшақтайды,ал кейбіреулері тек қана басын иіп сәлемдеседі.
Ал сіздерге тапсырма Амазонка елінен келген тайпалар достарымен қалай сәлемдесетінің мимикамен көрсетулеріңіз керек.
o Жауынгерлер тайпасы йохо-чо;
o Байлар тайпасы шуко-ту;
o Қонақжайлы тайпалар сесе-ки;
o Әлемді сүйетін тайпа тура-бу;
Үшінші сайыс "Ерекше әуен".
2 Жүргізуші. Жақсы ән айтуды бәрі біледі. Бірақ кей кездері әуенді бір сарыңмен айту тыңдаушы қауымды жалықтырып жібереді.
Сіздерге тапсырма Бейбіт Қорған орындайтын «Шоқ қыздар» ән айту , бірақ әнді мұрынымызды қыса шырқауымыз қажет.
Төртінші сайыс "Сезімтал жүректі жандар"
1-ші жүргізуші. Адамдар өте сезімтал жандар. Негізінде біздің сезімдеріміз «бет әлпетімізде» жазулы тұрады. Бірақ сезімді тек қана бетті қимылдата отырып ғана емес, қолмен де көрсетуге болады.
Сіздерге тапсырма ашуды, куанышты, қорқуды, жабырқауды, ашығуды дене қимылымен көрсетуге тырысыңыздар.
Әділ қазылар алдыңғы сайыстардың қорытындысын шығарады.
Бесінші сайыс "Золушка биі".
2-ші жүргізуші. Золушка әрдайым билегенді ұнатқан. Бірақ оның билеуге бос уақыты болмағандықтан жұмыс істеп жүрген кезінде би билеп үйренген.
Золушканың киім үтіктеп, гүл суғарып, ыдыс- аяқ жуғанда, шаң сүрткен кезде билеп жүргенін көрсетіңіздер.

Алтыншы сайыс "Құттықтау".
1-ші жүргізуші. Бұл сайыстың мәні дайындықсыз залдағы барлық нәзік жандарды мейрамдарын өлең жолдарымен немесе ән айту арқылы және т.б. өнерлерімен көрсету арқылы құттықтау қажет. Сонымен, қарсы алыңыздар!
Әділ қазылар ақылдаса отырып, барлық сайыстың қорытындысын шығарады.

Источник: http://raya05.ucoz.ru/publ/tarbie_sa_attary/tarbie_sa_attary/tap_yr_bolsa_talas_zho_8_nauryz_khaly_araly_jelder_k_nine_a
Категория: Классному руководителю | Добавил: raya (2012-01-18) | Автор: Смагулова Рая Алтынбековна
Просмотров: 3529 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 1:55 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru