Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Мектеп-интернат оқушыларының әлеуметтік ортаға бейімделуіне психологиялық ықпал ету».
Қарағанды қаласы Ә. Молдағұлова атындағы спортқа бейімді,
дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған
мектеп – интернатының дзюдо бөлімінің тәрбие жетекшісі:
Ж.К.Куземханова.

Жылдан жылға оқушылардың бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып келеді. Біздің мектеп – интернатына келген оқушылар жатақханаға, тәрбиеші талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу мәселесі бар. Өзінің жастайынан өскен жерінен келіп жаңа әлеуметтік жағдайға, оның ішінде мектеп –интернат жағдайына үйрену, жас жеткіншекке оңайға түспейтіні анық. Сондықтан тәрбиешінің басты міндеті келген баланы жаңа ортаға, жаңа жағдайға бейімделуіне көмектесу, жағдай жасау.
Оқушыларға бейімделу кезеңінде тәрбиеші психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасауы керек. Тәжірбиеме сүйене отырып, оқушыларды ортаға бейімдеудегі тәрбиеші міндеттерін үш кезеңге бөлуге болады деп ойлаймын.
1. Таныстыру.
• Бөлімге келген оқушыларды бір-бірімен, таныстыру;
• жатын орнымен таныстыру;
• жатақхана тәртібімен таныстыру;
• сабақ оқитын және жаттығатын орандарымен таныстару;
• күн тәртібімен таныстыру;
• қаламен таныстыру;
2. Көмектесу.
• Мектеп – интернат жағдайына бейімделулеріне дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыруға көмектесу;
• Сыныптан тыс жағдайда жақсы көңіл күй орнатуға көмектесу;
• Оқушының бейімделуіне қандай көмек бере алатыны туралы ата – аналарға кеңес беру;
3. Зерттеу.
• Жеке тұлғаны зерттеу және ерекшеліктерін анықтау;
• Оқушының танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін бақылау.
• Бейімделу деңгейін оқу жылының аяғына дейін назарда ұстау;
• ¬Өткізген жұмыстарға талдау жасау;

Мен сіздерге оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделулеріне ықпал ететін психологиялық-педагогикалық тәрбие сабақтарын назарларыңызға ұсынғым келіп отыр.

1-сабақ. Танысу.
Мақсаты: Оқушыларды тренинг ережесімен танысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау әдістерін үйрету.
Допты кезекпен бір-біріне лақтырып отырып, оқушылар өзінің аты – жөндері мен мекенжайларын айтып шығады. Өздері жайлы қысқаша әңгімелеу. Жалпы ережемен таныстыру.

1 Бір - бірімізді тыңдап үйренейік..
2 Бір - бірімізге кедергі жасамайық.
3 Бір-бірімізді сыйлап үйренейік.
Тәртіп, сыйластық бар жерде біз өз-өзімізге сенімдіміз. Осыны үнемі есте ұстайық. Бұл жерде дұрыс немесе қате деген жауап жоқ.

2-сабақ. Оқушылар шеңбер жасап отырып, бір-бірлеріне бұрын оқыған мектепте есінде қалған оқиғаны айтады.
Осы сабақта топ балалары әр түрлі оқиғаларды айтып, мәз-мейрам болды. Сабақтан кейін Әділбек, апай мектебімді сағынып жүр едім, барып келгендей болдым ғой, деп өзінің алған әсерімен бөлісіп жатыр.
Арасында ойын ойнаймыз. Балалар бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті.
Бұл екі сабақтағы мақсатым, бөлімге келген оқушыларды бір-бірімен таныстыру және бөлімде жақсы көңіл күй орнату.

3-сабақ. Тақырыбы: «Біз және бізге жақын жандар».
Мақсаты: Оқушыларға сенімділік туғызу.
Ойын тәртібі. Отбасы, достар, тәрбиеші, бапкер, мұғалім деген сөздер үлкен шеңбер жасап тасталынады. Содан кейін оқушыларға сұрақтар қойылады. Олар өздері көмек сұрай алатын адамдарының атауларының қасына барып тұрады. Мысалы біреулері - «бапкер», біреулері – «тәрбиеші» деген сөздерді таңдайды. Ең басты оқушы түсінуі керек – ол жалғыз емес. Басқа оқушылардың таңдауларына қарап ой келуі мүмкін: мен де басқадан көмек ала аламын.

1-сұрақ. Осы жақын адамдардың ішінен кім сендерге қорғаушы, тірек бола алады?
2-сұрақ: Өздерің басқаға қандай көмек бере аласыңдер?

Оқушы кім көмек көрсете алады, соның жанына тұрады да, кім қандай жағдайда, қандай көмек көрсеткендерін және кімге қандай жағдайда көмек көрсеткендерін әңгімелейді.
Сабақ соңында алған әсерлерімен бөліседі.

4-сабақ. «Біз және біздің әдеттеріміз».
Мақсаты: Күн тәртібін ұйымдастыру, оны орындау, өздігімен жұмысын жоспарлай білу.
Сабақ барысы:
Күн тәртібінің қажетілігін айта отырып, оқушыға «Менің бір аптаға жұмыс жоспарым» атты өз күн тәртібі кестесін құрату. Және де оқушыға жұмыс жоспарын құраудың қандай ұтымды жақтары бар екендігіне ой тастау. Оқушы ой тұжырымға өзі келуі керек: естен шығармау үшін; уақытты ұтымды пайдалану үшін; дұрыс демалуға уақыт бөлу үшін т.б.

5-сабақ. Тақырыбы: «Еске түсіру».
Біз шеңбер жасап отырамыз. Тәрбиші оқушылардан өздерінің бұрынғы оқыған оқу орындары мен осы мектеп-интернатында қандай жақсы жақтарын бар екенін тізіп айтуын сұрайды. Оқушылар айтып шығады.
Қандай қиыншылықтар еске түседі. Оқушылар атап шығады. Сонда, көбісінің бірінші айтатыны үйді, туған-туыстарды сағыну, жаттығудан кейін қатты шаршау, бапкердің, мұғалімдердің, тәрбиешілердің әр түрлі талаптары, кабинеттерді табу және тағы басқадай себептерді айтады. Осы сұрақтарға жауапты оқушылар өздері айтады. Мәселені шешу жолдарын өзері көрсетеді.
Осы кездегі мазасызданған, қобалжыған оқушыға кандай көмек беруге болады?
Осыған біз не істей аламыз? – деген сұрақтарға мен былай жауап берер едім.
1. Үйлерін көп сағынбас үшін бөлімде жақсы көңіл-күй орнату.
Мысалы, бөлімде әр апта сайын мәдени демалыс ұйымдастырдым. Мұз айдынына барып, коньки тептік, саябақта серуендеп, қармен ойнадық, театрға, боулингке, бассейнге, мұражайға, хайуанаттар бағына бардық. Биыл да сол дәстүрлі іс-әрекетті жалғастырудамыз.
2. Жатақханада жақсы жағдай жасау, яғни бала өзін үйдегідей сезіну керек.
3. Шаршамас үшін оқушыға күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға көмектесу.
4. Бөлімдегі тәртібі нашар оқушылармен жұмыс. Оларға ықпал ету.
5. Қызықты тәрбие сағаттарын, әртүрлі тақырыптарда әңгімелер, сұбхаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру бірден-бір тиімді жол деген пікірге келдім..

Қорытындылай келе, тәрбиешінің басты міндеті келген баланы жаңа ортаға, жаңа жағдайға бейімделуіне көмектесу, жағдай жасап, өзара сыйластық пен мейірімділікке, сенімге негізделген, ұйымшыл ұжым қалыптастыру.
Менің арманым, балалар мектепте қиналмай, өздерін еркін сезініп, біліммен сусындап, тәрбиелі, табысты, өз замандарына сай азамат болып қалыптасса, дер кезінде қол ұшын берер көмекші, ақылшы болсам екен деймін.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Карамелька (2012-01-31) | Автор: Куземханова Жанара
Просмотров: 6146 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru