Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Физика пәні мұғалімі Кенжетаева З.Р. Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденпаздыққа,білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту,тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ.Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы тиіс.Соның бірі «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде: - сабақтың мазмұны, сапасы артады; - жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады; - оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады; - пәнге деген қызығушылығы артады. Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: -оқушыларды ойландыруға; -өз ойларын ашық айтуға; -пікір таластыруға /дебат/; -дұрыс сөйлей білуге; -өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге; -оқушылар шығармашылығын дамытуға; Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: I. Қызығушылықты ояту II. Мағынаны ажырату III. Ой толғанысы Қызығушылықты ояту кезеңі –мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. Мағынаны ажырату кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып , өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады.Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді. Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. Осыған орай 7 сыныпта «Заттың тығыздығы» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы Сабақтың мақсаты : Білімділік мақсаты: Заттың тығыздық ұғымын, өлшем бірлігін, есептеу формуласын енгізу және оны есептеп таба білуге үйрету Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны дамыту, пәнге деген қызығушы- лықтарын арттыру, білімділікке, шапшаң ойлауға, ойларын қорыта білуге үйрету. Тәрбиелік мақсаты: өзіне сын көзімен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа , ізденпаздыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, магниттік тақта,семантикалық карта,қатты денелер: сабын, ағаш, темір, таразы, сызғыш. Пән аралық байланыс: математика. Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны физика пәнін оқытуда қолдану. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.Топтармен таныстыру. І.Қызығушылықты ояту. /1-2 слайд/ Сөзжұмбақ /осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпқа өтеміз, яғни әр топқа таратылады, оқушылар ұжымдасып шешеді сосын слайдтан тексеріліп шыққан сөз бүгінгі жаңа тақырып екені айтылады. Ал сөз жұмбақты шешу барысында үй тапсырмасы қорытындыланады/. ІІ. Мағынаны ажырату. / 3-4 слайд/ Мақсаты: тығыздық ұғымымен танысасыздар, оны қалай табатынын білесіздер, қасиеттерін және формуласын, өлшем бірліктерін меңгересіздер. 1.Бізді қоршаған орта неден тұрады? 2.Оған қандай сипаттама бересің? 3.Тығыздық ұғымын қалай түсінесің? /5- 6 слайд / Нәтижесінде : -Бірдей заттан жасалған денелердің көлемі мен массалары әр түрлі болғанда тығыздығы бірдей болады. -Әр түрлі заттан жасалған массасы мен көлемі әртүрлі денелердің тығыздығы да әр түрлі болады. /7- 8 -9 слайд/ Оқушылар кітаппен /топпен/ жұмыс жасай отырып анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін өздері әр топтан бір оқушы презентациялап қорғайды. Ш.Ой толғанысы . /10-11/ Семантикалық картамен жұмыс. Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту мақсатында «Өзін- өзі тексеру» семантикалық картаны толтырып және өзін-өзі бағалайды. Экспериментік тапсырма: /12 слайд/ 3 топқа катты денелер беріледі, оқушылар тығыздығын табады. Солсын оны қалай тапқанын әр топтан бір оқушы презентациялап қорғайды. Сабақты қортындылау барысында оқушыларға шығу парағы таратылады /13 слайд/ /оқушылар сұраққа жауап береді/ 1.Не білдің? 2.Жаңа тақырып бойынша қандай сұрағың бар? 3.Бүгінгі тығыздық ұғымын күнделікті өмірде пайдаланамыз ба? Үйге тапсырма. / 14 слайд/ §32 12-жаттығу.№3,4 4.2 эксперименттік тапсырма. /бөлменің тығыздығын анықта/ Қорытынды: осы технологияның страгегияларын пайдалану барысында сабақта мүлдем ауыз ашпайтын оқушының ойын айтқанын, ізденгенін, топқа өз үлесін қосуға тырысатынын, өзінен кеткен қателіктерін мойындайтынына көзім жетті. Жыл сайынғы жинақталып келе жатқан тәжірибеге қоса, оқытудың жаңа технологиясы сапалы білімге көрсеткіш болмақ. Физика пәні мұғалімі Кенжетаева З.Р. Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат | |
Просмотров: 7391 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|