Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
Сынып сағатының тақырыбы: Денсаулығым – бақытым! Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту, денсаулықтың адам үшін зор байлық екенін, әркім өз денсаулығының қорғаушысы екенін түсіндіру. Тазалық,ұқыптылық жайлы түсінік беру. Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң,ұқыпты да жинақы,талғампаз да қанағатшыл,таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, кітапшалар, плакаттар Барысы: 1. Кіріспе 2. Өлеңдер, мақал-мәтелдер 3. Сұрақ - жауап 4. Кітапшалармен таныстыру 5. Қорытындылау Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ, қазіргі заманда адам ағзасына тиер залал да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге түскен сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Салауатты өмір салтының мақсаты – өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде еді. Ішімдік, нашақорлық адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық – денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді. (Оқушылардың өздері дайындап келген өлеңдер мен мақал-мәтелдерін тыңдау) -Қане балалар тазалық, ұқыптылық жайында не білеміз? Шомыламын күнде мен Суық судың несі айып, Тамаша екен бұл деген. Шынығайық халайық. Балақайлар бәріңде Кеңестері айтылған Дос болыңдар суменен. Тазалыққа лайық. Дос бол сабын,сумен сен, Жуын тамақ алдында, Жиі-жиі жуын сен Жуын тамақ соңында Таңертең де,кеште де, Жуын ұйықтар кезінде, Жуын күндіз-түсте де. Жуын тұрған мезгілде. Су мен сабын бір жолдас Жоймас олар кір болмас! - Тазалық саулық негізі дейді осы жайында не білеміз? - Жұқпалы аурулардың таралуы туралы не білесіңдер? Есте сақтаңдар! -Тері тазалығын сақтау.Моншаға түсіп,күніне екі рет беті қолыңды жуып тұру. -Ас ішер алдында қолыңды жуу керек. -Тырнақты дер кезінде алып,қолыңды,денеңді таза ұстау керек. -Шашыңды аптасына екі рет жуып,дұрыс күту. -Киіміңді таза ұстауды ұмытпа,өзіңе дұрыс шағын киім киіп,ұқыпты,жинақы бол. -Аяқкиімің ыңғайлы,аласа өкшелі болсын.Иісі бар аяқ киім сатып алуға болмайды.Аяғың иістеніп кетуі мүмкін.Аяқкиіміңді таза ұста. -Төсек оныңды таза ұстаған жөн.Кірлеген кезде жуып,үтіктеген жөн. Қане, бір-бірлерімізге қандай ақыл - кеңес айтамыз Аяқ-қолың болмай кір, Саусағыңды сормағын, Тырнағыңды алып жүр. Салдыр-салақ болмағын. Әдет қыл бұл ісіңді, Аптасына 1-2 рет шомылып, Тазалап жүр тісіңді. Душқа(су себер)күнде түскен дұрыс. - Қазақ халқы «Өсімдік жанға шипа, дертке дауа» деп бекер айтпаған шығар, қалай ойлайсыңдар? - Мына өлең жолдарына қандай пікір айта аласыңдар? Ішімдік: Әй, адамзат неге жүрсің серіксіз? Тоқта, тоқта! Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай, Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай: Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы, Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын, Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын. Темекі:Уа, халайық! Маған сен, Барлық адам өмірін Көк түтінге улатып Тәнін жаулап аламын. Есірткі:Мына мен бар! Уа, халайық, қараңдар Көз көрмейтін сиқырым бар, Еліктірер адамды Осы өнермен әп-сәтте-ақ, Жаулап алам ғаламды. Иә, балалар біз бұларды қабылдаймыз ба? Таза жүрсеңдер деніміз де сау болады.Сондықтан халқымыз “Тазалық-саулық негізі” дейді. Қарағанды қаласы №18 ЖББОМ Тарих пәні мұғалімі Омарова Гулшат Амангелдиновна | |
Просмотров: 4187 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|