Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю |
ШҚО,Семей қ. Бөкенші ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Хасанова И.М. Тақырыбы: «Қош бол,құтты Әліппе!» Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: презентация «Қош бол, құтты Әліппе!» Мұғалім: Құрметті ата аналар,ұстаздар,қонақтар бүгін сіздер сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырысыздар. Қош келдіңіздер дей отырып, мерекені бастайық. 1-оқушы: Мен бір түрлі жүрексініп тұрғандаймын. 2-оқушы:Неге жүрексінесің ? 1-оқушы:Қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын 2-оқушы Келген қонақтар өзіміздің ата аналар мен құрметті ұстаздар ғой.Қорықпа,қасында мен тұрған жоқпын ба ? Бастай бер! 1-оқушы :Ардақты аталар мен аналар! 2-оқушы :Құрмектті аналар мен әкелер! 1-оқушы :Бізге қарап отырған іні қарындастар! 2-оқушы :Баршамызға мереке құтты болсын! 1-оқушы :Қазақ тілінің 42 әрпімен таныстық. 2-оқушы :Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білдік. 1-Буынды меңгерген мына біздер «Әліппе »оқулығымен қоштасамыз. 2-оқушы : «Әліппе» оқулығымен қоштасатын балаларды ортаға шақырайық Бірге: Мереке баршамызға құтты болсын! / балалар вальс билеп ортаға шығады/ 1-10 слайд. Армысыздар,аналар! Бармысыздар,балалар! Сөзіме құлақ салыңыз Бір серпіліп қалыңыз. Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр әңіміз. Армысыздар,мұғалімдер қымбатты Біздер үшін ашатын сан жұмбақты. Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді Шәкірттердің қылықтары тым тәтті. Мұғалім: Балалар, мектеп,Әліппе тұралы қандай өлеңдерді сыйға тартасыңдар ? Қыркүйекке келдім де Сыныпқа кірдім құанып. Қарсы алды ұстаз мейірмен Қадамымды құп алып. Бар білімнің бастауын Әліппеден бастадым. Үйренуге талпындым Құлшынып балғын жас жаным. Бірінші беттен елімнің Елтаңбасын таныдым. Көк байрақты қазақтын Ұрпағымын,сәнімін. Ең алғаш алғанымда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді. Келгенде алғаш мектепке Білмеуші едік әріпте. Оқимыз қазір ертекті Үйреткен оны «Әліппе». Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып,әріпке. Риза боп саған жүреміз Сүйікті біздің Әліппе. Мұғалім: Ортамызға сендердің достарын «Әліппені» шақырайық. Хор: Әліппе!Әліппе! Әліппе: Барлық әріп бағалы Сөзге тірек болады. Жетелеймін білімге Мені сүйген баланы. Балалар,мен бүл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.Жай келмедім.Өзімнен бастау алатын,өздеріне даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім. Ана тілі: Көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланап та келдім.Ал, балалар өнерге кезек беріндер. Әліппе: төрт айы не оқып не үйренгендеріңді ортаға салыңдар. 1. «Алфавит » тақпақтар 2. Әріптерді атау. 3. Суреттердің ішінен үш буынды сөздерді атау. 4. «Жалғастыр»ойын .Т дыбысынан басталатын сөздерді атау 5. Өрнкетердің мәнін табу. 2+2= 7- 6= 5+2= 10-3= 8-4= 0+5= 3- 3= 1+1= Сұрақ жауап: 1. Біз қай республикада тұрамыз? 2. Балаларға арнап алғаш мектепті ашқан кім? 3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 4. Қандай әріптердің дыбысы жоқ? 5. Неше дайысты дыбыс бар ? Әліппе:Тағы қандай өнерлерін бар? Би «Түрік биі» Би «Айгөлек» Әліппе: Рахмет! Мен сендерге риза болып тұрмын! Енді кім мен туралы жақсы тақпақ айта біледі екен. Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым ағасы Әліппеден басталған Даналықтың данасы. Әліппені алап қолыма Білімнің аштым есігін. Ақ ниет тілеп ,жолыма Жазылды тұңғыш есігім. Іші толы әріпке Мынау әйбат Әліппе! Барлық ілім білімнің Әжесі осы Әліппе. Ыстық әрбір беттерін Жазуынды ұғамын. Ақыл бердің Әліппе Ақылды сен мұғалім. Үйретті бізді әліппе Қырық екі дербес әріпке. Сөз,сөйлем құрап әріптен Лайық болдық дәріпке. Ән : «Әліппе» Білімге жолды бастаған Әліппем саған,мың алғыс! Оқы деп ұран тастаған Әліппем саған, мың алғыс Хор: Әліппем саған, мың алғыс Қош бол,құтты «Әліппе» Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің. Қош бол құтты Әліппем! Тіл тұсауын кестін сен. Аяулы анам болып сен Айыбынды кештің сен. Хор: Қош бол,құтты «Әліппем»! Әліппе: Айналайын балғындар Рахмет айтып,шаттанған. Риза болып аттанып Сізге айтар сөзім бар. Оқуда зейінді болыңдар Еңбекке бейімді болыңдар. Ақ жол болсың, балаларым Кір шалмасың қабақтарың. Оқығандарың есте болсың, Күнделіктерің беске толсын. Енді сендердің жолдастарың «Ана тілі» болсын. Барлығы: «Қош бол, Әліппе»! Ән : «Қош бол,Әліппе!» Ана тілі: Ақыл ойын дананың Ана тілден аласың Ана тілін ардақты Ақ сүтіндей ананың - тілегін айтып балаларға «Ана тілі» оқулығын таратады. Мұғалім: Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларына ата аналардың,әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет айтайық. Хор: Аналарға мың алғыс! Мұғалім: Құрметті ата аналар, сіздер де оқушылармен бірге төрт айы әліппені оқып үйрендіңіз.Қазір сіздерді де тексеріп қөрейік, қалай әліппені меңгердіңіз. 1. Балаңыздың бірінші жаттаған тақпағын айтып беріңіз. 2. Алдарыңызда балалардың көшіріп жазған тақпақтары жатыр.Өз балаңыздың жазғаның табыңыз. Құттықтау сөз ата аналар мен келген ұстаздарға беріледі. Мұғалімнің тілегі: Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын, Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын. Осымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, құтты Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. | |
Просмотров: 5318 | Комментарии: 4 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|